Отанға оралған қандастар жаңа облыстарға қоныстануы мүмкін

23 маусым 2022, 20:24

Елге оралған қандастар енді жаңа облыстарға қоныстануы мүмкін. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қандастарды Абай және Ұлытау облыстарына қоныстандыру бойынша қаулыны ашық талқыға шығары, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Қаулының мақсаты – қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыратын өңірлер қатарына жаңа құрылған Абай және Ұлытау облыстарын қосу. Құжат қабылданса, бұл үрдіс мемлекеттің демографиялық жағдайына оң әсер етеді», — делінген құжатта.

 

Жауапты министрлік мәліметіне сәйкес, бүгінде отанға оралған қандастар еліміздің 7 облысына қоныстанады.

 

Ал ұсынылып отырған қаулыда бұл тізімнен Атырау облысы алынып тасталады. Оның орнына екі жаңа облыс қосылып, жалпы саны 8 өңір қандастарды қабылдайды.