Алаш үні

Ресейде жүргенде Қазақстанда тек қана орысша сөйлейді деп ойлаушы едік

  • Ресейде жүргенде Қазақстанда тек қана орысша сөйлейді деп ойлаушы едік

    Ресейде жүргенде Қазақстанда тек қана орысша сөйлейді деп ойлаушы едік

Ресейден келген бауырымыз Айбар деген жігіт екі бойжеткеннен сұхбат алыпты. Әлия мен Ғалия (суретте) Саратовтан екен, Алматыға көшіп келіпті, қалада тұрып жатырмыз депті. Айбар - Ресейден келген өз жерлестерін тарихи отанына қайтуға үгіттеп жүрген жігітке ұқсады маған. Жалпы, өзінің пиғылы дұрыс адам.
Қысқасы, ресейлік жастар отырып алып әңгіме дүкен құрыпты. Ерінбесеңіз қарап шығыңыз, мен ерінбедім, қарап шықтым. Сұхбат ойлантарлық. Қияннан келген екі қарындасымыз көкейдегін жайып салыпты.
"Алматы керемет" дейді қыздар, "тау, табиғат, адамдары... күшті"..
"Қаланы ұнаттық, Ресейде рас қымбатшылық екен, бұл жерде өмір сүру анағұрлым арзан" дейді. "Жолымыз болды тез жұмыс таптық, орналасып кеттік".

Ресейде жүргенде Қазақстанда тек қана орысша сөйлейді деп ойлаушы едік, онымыз қателік боп шықты. Алматыда халық көбіне қазақша сөйлейді. Жалпы қазақ тілі бұл жақта күрт даму үстінде, ол түбі төрге шыққалы отыр, әсіресе жастар қазақша керемет сөйлейді, мен оларға қызыға қарап отырамын, расында сәлден соң бұл жақта бәрі қазақша болады, қазақша сөйлеу - это круто" дейді Ғалия қарындасымыз. Оған әрине біздің "ауызыңа май Ғалияш" дегеннен басқа айтарымыз жоқ.
Бұл екі қыз Алматыда білім беру саласында істейді екен. "Қазақстанның білім беру саласында түрлі халықаралық оқу орындары көп: түрік, ағылшын, американдық оқу орындары бар және соның әсері ма екен бұл жақтың оқу саласының деңгейі Ресейден көш ілгері, бұл жақтың жастары өте заманауи, ағылшын және түрлі тілдерге жетік, алғыр және зерек боп келеді, ондайды біз Саратовта көрмедік" деп мені таңғалтты бұл қыздар.
"Мен Алматыда алғаш жұмыс орныма барғанда сенесіз бе, мені ондағылар Татьяна есімді орыс апайға маған қазақша үйрет деп тапсырды, біз қызмет істейтін мекеменің жартысы орыстілді группа болғанымен ондағы орыс оқушылардың бәрі қазақша біледі.
"Жалпы, бұл жақтың орыстары қазақтанып кеткен. Олардың жүріс - тұрысы, тәрбиесі, мәдениеті қазақшаланып бұлар Ресейдегі орыстарға тіпті ұқсамайды. Қазақстан орыстары тәрбиелі, қонақжай, ізетті боп келеді, бұлар құдды қазақтар сияқты" дейді екі бойжеткен.
"Бұл жақтан өзіміздің орнымызды енді тапқандаймыз, қалай десек те Ресейде бөлінушілікті сезіндік ол рас, ал бұл жақта айналаң толы өз қазағың, ол керемет қой" деп Ғалияның елден кеткісі жоқ. Ал әпкесі Әлия екіойлы екен.
"Бұл жақта халық ішімдікті анағұрлым аз ішеді, ондай да бар". Жалпы екі ел арасында айырмашылық баршылық және бұл жерде қыздардың айтуынша Қазақстанның жақсы жағы өте көп.
"Ресейде жүргенде қазақ жігіттермен жүруге ынта болмаған еді, бұл жақтың қазақ жігіттері келбетті, сосын түрлі - түрлі қазақтарды көріп көзқарасымыз өзгерді" дейді қыздар.
"Қазақстанға көшіп келуші ресейлік жастар жалпы баршылық, оларға біз ештеңеден қорықпаңдар, тәуекел деп келе беріңдер елге дегіміз келеді" деп аяқтапты сұхбаттарын екі қыз.
Сырт көз сыншы деген, кейде біздің дұрыс көре алмағанымызды бұлар жақсы көреді. Сондықтан кейде бұларға да құлақ түрген дұрыс ау.
Бұлар негізі көп әңгіме айтқан екен, оны мен шолып шығып қысқартып айтып отырмын. Роликтің сілтемесін комментке салдым, содан қараңыздар.
Сөз соңында не дейін, бұл екі бойжеткен елде қалып бақыттарын тапсын, басқа не дейміз, елге деген ниетіне, түзу пиғылына алғыс. Олардың отаным деген сезіміне, оны іздеп келген қадамдарына гүл бітсін, енді елге тастай батып судай сіңсін дейміз.

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан

 




Көрілген: 3440    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 15:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 14:50
    28 жыл бойғы құпия
    26 Желтоқсан 2019
    Абай бай болған ба?
    23 Желтоқсан 2019
    Қажымұқанды жеңген қазақ
    23 Желтоқсан 2019
    Абайдың саяси қызметі
    12 Желтоқсан 2019
    Желтоқсанның батырлары

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31