Алаш үні

Ресейлік БАҚ Қазақстандағы ашаршылық үшін Мәскеуді жауап беруге шақырды

  • Ресейлік БАҚ Қазақстандағы ашаршылық үшін Мәскеуді жауап беруге шақырды

    Ресейлік БАҚ Қазақстандағы ашаршылық үшін Мәскеуді жауап беруге шақырды

Ресейлік "Новая газета" басылымы Қазақстандағы ашаршылықты зерттеуге ауқымды материал арнап, Мәскеуді "ХХ ғасырдың 30-жылдарында миллиондаған адамның өліміне жауап беруге" шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл сайын 31 мамырда Қазақстанда саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, ал соңғы бірнеше жылда өткен ғасырдың 30-жылдарындағы ашаршылық құрбандарын еске алу күні атап өтіледі. Бұл күні мыңдаған қазақстандық елдің бірнеше қаласында орнатылған еске алу мемориалдарына гүл шоқтарын қояды, ел президенті сөз сөйлейді. 31 мамырдағы іс-шаралар көп жылдар бойы тарихтың символы болды, бірақ бәрі өзгере бастады...", - деп жазылған газетте.
Еске алу күні қарсаңында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Ашаршылық. Аштық. 1928–1934. Деректі хроника" атты үш томдық кітапты көрсетті. Әшімбаевтың айтуынша, онда Қазақстан аумағындағы ұжымдастырудың қасіреті туралы мыңнан аса нақты дерек жиналған. 

"Үш томдық кітап - бір жыл бұрын ҚазКСР кезіндені саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі мемкомиссия құруды тапсырған Тоқаевтың өкімінің нәтижесі. Президент 1921-1922 жылдардағы аштыққа басымдық берген, бірақ қазір мүлдем басқа тарихи кезең резонанс тудырып отыр", - делінген мақалада.

"Новая газета" Қазақстанда 1931-1933 жылдардағы ашаршылық басталған нақты күн жоқ екенін және көбі Украинадағы ашаршылықпен қатар 1932 жылдан бергі уақыты есептейтінін жазды. Бірақ мақала авторы Вячеслав Половинконың пікірінше, бұл нақты дерек емес, себебі "ол уақытта республикада ашартық жайылып үлгерген кез".

Мақалада Сталин Қазақстаннан аграрлық және мал шаруашылығы базасын құруды мақсат еткені айтылады. "Бұл қарапайым қисыннан шыққан: Қазақстанда жер көп және ол тиімсіз қолданылып жатыр, алайда бәрін "жерге отырғызып қойса", яғни колхоздар құрылса, қазақтар астық өсіруді де үйренеді, ірі қара мал етінің тиісті нормасын беруді де жалғастырады, оны да колхоздарға біріктіру қажет болады. Шұғыл континенттік климат жағдайында отырықшы егіншілік құру - табысқа кепілдігі жоқ, аса тәуекел шешім екені ескерілмеді ", - деп жазылған "Новая газетада".

Мақалада Сара Камеронның "Аштық жайлаған дала" кітабынан сөздер келтіріледі, онда қазақ байларына жасалған шабуылдар мен тәркілеу жөніндегі комиссиялардың ешкімді аямауға бұйрық берген әрекеттері туралы айтылады.

"Советтік шенеуніктер қазақтардың бұрынғы қоғамдық құрылымын бұзып, республикадағы ашаршылықтың басталуына алғашқы қадам жасады", - делінген мақалада.

Басылым мәліметінше, ашаршылық кезінде 1932 жылы 21 және 27 қарашада Сталин Қазақстанға екі жеделхат жібереді, онда жергілікті басшылықты "Қазақстанда нан дайындаудың қарқынын ескермегені" үшін айыптайды және "репрессияға көшуді" талап етеді.

"Бірақ бұл репрессия жасайтын адам да қалмаған кез еді. Республикада аштықтан адамдар жаппай өліп жатты", - деді мақала авторы.

Сондай-ақ, жарияланымда қазақтардың Кеңес өкіметінің шешімдеріне қарсы тұрмақ болғаны туралы да айтылады.

"1930 жылдың көктемінде Алматы округіндегі Қопал қаласын 5 000 адам, Ақтөбе округінде Ырғызды 1 300 адам қоршап алды, Қызылорда округіндегі көтерілісшілер саны "Қазақ ауылының қасіреті. 1928-1934" деректері бойынша, 10 мың адам болған. 1931 жылдың көктемінде Түрікменстанға қоныс аударған қазақтар жергілікті тайпалармен бірігіп, БМСБ отрядын талқандады. Бірақ күзде қазақтар мен түрікмендердің өздерін жойды, деп жазады тарихшы Сұлтан Әкімбеков. Әлсіз қаруланған көтерілісшілерге олар күшін аямады", - деп жазады автор.

"Адамдар ашаршылық пен қуғын-сүргін ауқымы онша күшті болмаған көрші республикаларға асығыс кете бастады немесе Қытайға, Шыңжаң ауданына өтуге тырысты... Зерттеушілер бес жыл ішінде - 1928 жылдан 1933 жылға дейін - 200 мыңға жуық адам шекарадан Қытайға қашып кетті деп санайды".

"Адамдар азық-түлік табу үшін жылқы немесе сиыр терісін, кеміргіштерді немесе таба алған кез келген өсімдікті жеді. Босқындар жолдастарын өлтіріп, кейде тіпті шикі ет жеген кездер, каннибализм жағдайлары тіркелді. Кейбіреулер өз балаларының етін нанға айырбастамақ болған".

"1937 жылы КСРО-да халық санағы жүргізілді, қазақтардың саны 1926 жылмен салыстырғанда үштен бірге азайғаны белгілі болды, алайда бұл дерекке елден қашып үлгергендер де кіреді. 1991-1992 жылдары Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік деңгейде алғашқы қатаң баға берді: бірінші құпиясы ашылған құжаттардың қорытындысы бойынша, ашаршылықтың салдарын зерттеу жөніндегі комиссия өкілдері мен тәуелсіз тарихшылар 30-ншы жылдары болған оқиғаны "этноцид" деп атады.

XXI ғасырдың 10-ншы жылдарының басында елдің ірі қалаларында ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіштер орнатыла бастады, деректі және көркем кино режиссерлері ашаршылық тақырыбына жиі түсіре бастады. "Аштық жайлаған дала" сияқты әлемдік ауқымдағы танымал ғылыми еңбектердің пайда болуы ашаршылық туралы пікірталасты жаңа деңгейге шығарды: адамдар мәселенің тарихын қолда бар деректермен зерттеуге мүмкіндік алды.

Бұл ашаршылық тақырыбын ішкі және сыртқы саясаттан құтқармайды. "Бізде кейбір адамдар мұны тек геноцид деп атау керек деп санайды, ал екіншісі әлі күнге дейін аштық болған жоқ дейді. Бұл ұзақ жылдар бойы ғылыми базаның жоқтығының салдары", - деліген басылымда Сұлтан Әкімбековтің сөзі.

"БҰҰ деңгейінде қабылданған заманауи құжаттарды негізге алсақ, онда үш-төрт тармақ бойынша Қазақстандағы ашаршылық геноцид болып саналады. Бірақ оны жасаған кім екені сұрақ. Меніңше, бұл этнос ретінде орыс халқы емес, мұнда сталинизм саясатының кінәсі туралы айту орынды", - деп "Новая газета" Nur Otan депутаты Айдос Сарымның сөзін келтірді.

"Ресейдің ресми тарихы аштыққа мүлдем назар аудармауды, әсіресе Қазақстандағы ашаршылық үшін Мәскеуді айыптамауды көздейді. Ресейлік зерттеушілердің Қазақстан туралы жұмысында менсінбеушілік ашық байқалады, себебі Украинадағы ашаршылық халықаралық деңгейде мойындалды. Ресей қазіргі дәуірінде беделіне қайтадан нұқсан келтіргісі келмейді, аштық туралы ұмытылғаны олар үшін ең жақсы нұсқа. Бірақ Қазақстанда бұл туралы ұмытылмайтыны анық: президенттік комиссияның өзі барлық деректі қалпына келтіруді, соның ішінде аштықтан аман қалған және әлі күнге дейін тірі қалғандардың немесе олардың туыстарының куәгерлік жауабы жинауды мақсат етеді. Деректердің бәрі республиканың қолына түскенде, осы уақытқа дейін үндемеуді жөн көрген адамдармен әңгіме басқа болады", - деп түйіндеді автор.




Көрілген: 3148    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.06.2021, 17:20

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31