Алаш үні

Саяси қуғын-сүргін құрбандарының қайда жерленгені әлі жұмбақ

  • Саяси қуғын-сүргін құрбандарының қайда жерленгені әлі жұмбақ

    Саяси қуғын-сүргін құрбандарының қайда жерленгені әлі жұмбақ

1937-1938 жылдардағы «Үлкен террор» кезінде Алматы түрмелерінде кемінде 4121 адам атылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Олардың арасында қазақ, орыс, татар және басқа да ұлт өкілдері бар. Репрессияға ұшыраған Қазақстан зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының төрағасы Ғарифолла Әнес осындай деректі алға тартып отыр. Оққа ұшқан ұлт зиялыларының қай жерге жерленгенін табу мүмкін бе?

 

1937 жылы басталған репрессия қазақ халқына ауыр тиді. Қазақтың көш бастар тұлғалары «халық жауы» атанып, өлім жазасына кесілді. Алматы түрмелерінде атылғандардың барлығы «Жаңалық» ауылына көмілген.

 

- Біз «Жаңалық» деген кітап шығардық. Сонда 4121 адам Жаңалықта жерленді деп жаздық. Мен басында күмәндандым, 4 мың адам осы жерде қалай жерленген деп. Кейін 163 адамның сүйегі табылды, - дейді репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының төрағасы Ғарифолла Әнес.

 

Ол кімнің сүйектері? Ол жағы белгісіз. Әзірге Әлихан Бөкейханов пен Нығмет Нұрмақовтың Мәскеуде жерленгені анық. Ал Ахмет Байтұрсынұлы, Халел Досмағамбетов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин секілді ұлт зиялыларының қай жерде жатқаны беймәлім. Әйтеуір оққа ұшқан 19 комиссар өзгелерден бөлек Боралдай маңында жерленіпті деген болжам бар. Осындай күрмеуі қиын мәселенің анық-қанығына көз жеткізу үшін архивке рұқсат берілсе дейді зерттеушілер.

 

- Біздің қолымызға құжат бермегеннен кейін пұшайман болып отырмыз. Архив дегеннің өзінің уақыты болады. Өте құпия, қызметтік пайдалану деген сияқты белгілері болады. Бірақ оларға 70-80 жыл болып кетті. Міне енді уақыты келген сияқты, - дейді репрессияға ұшыраған қазақ зиялыларының мұрасын зерттейтін «Арыс» қорының төрағасы Ғарифолла Әнес.

 

 Кеңес Одағындағы жаппай репрессиялау мен қудалауды көптеген тарихшы зерттеді. Дегенмен ақтаңдақ тұстары әлі де көп. Бірақ «Үлкен террордың» мәні мынада дейді белгілі ғалым Талас Омарбеков.

- Тоталитарлық қоғамға бағытталған қоғамда диктаторлық қоғамда басқаша пікір айтатын адамдарды, басқа партияларды жою керек болды, - тарих ғылымдарының докторы, профессор Талас Омарбеков.  

Қилы заманда оққа ұшқандардың барлығы елім деп өткен ерлер еді. Бірақ тарихты өзгерту үмкін емес. Тарихтан тек тағылым алуға болады.

 

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Валентин Лобанов




Көрілген: 441    Пікірлер: 0

жексенбі, 31.05.2020, 14:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин
    26 Мамыр, 16:22
    Бозбала Бейсен
    19 Мамыр, 16:42
    Өнеге-өмір
    27 Сәуір, 11:11
    Нығымет Нұрмақов
    24 Сәуір, 12:55
    Құнанбайдың мөрі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31