Алаш үні

Сен менің жүрегімде мәңгі жасайсың, ұлым! (Қаз қалпында коронавиурстан қайтыс болған бір науқастың шындығы)

  • Сен менің жүрегімде мәңгі жасайсың, ұлым! (Қаз қалпында коронавиурстан қайтыс болған бір науқастың шындығы)

    Сен менің жүрегімде мәңгі жасайсың, ұлым! (Қаз қалпында коронавиурстан қайтыс болған бір науқастың шындығы)

1 ШІЛДЕ:
Аспан теңселіп, ай құлаған күн!
(Қаз-қалпында)
Бұл күн - Маңғыстаудың аспаны айналып жерге құлап, мені басып қалған күн!

Иә, аспан мені басып қалды...
Шіркін-ай, қолымнан келер күш болса, жап-жас, жарқыраған ұлым өзегімнен өртеніп ұшпас еді ғой.
Амалдың жоқтығынан, шарасыздықтан айрылып қалдық, ұлымыздан...
Ақтаудағы 26 ш/а МОФ тағы провизорныйда бес күн, бес түн арпалысып өмір мен өлім үшін бірге күрестік. Онымыз да құр күрес екен, жанбермес үшін арпалысқан шарасыз тұяқ серпу ғана...
Мен балама кіріп шығу үшін, волонтер болып, провизорныйға кіріп, ұлыма, ауруларға көмектескім келді. Обл здравтан бір ықпалды апай көмектесті, сау болсын.
Бірақ, кірген кезде баламды танымай қалдым. Ісіп кетіпті, жағдайы өте төмен. Өлі мен тірінің арасында жатыр екен. Бірден баламмен арпалысып кеттім. Беті-қолын сулы дәкемен сүртіп, түтікшемен жылқының саумалын жұтқызып, әйтеуір алысып жатырмын. Балам шок жағдайда. Бір кезде қысылып, көгере бастады. Сөйтсем, кислород бітіп қалыпты. Шырылдап жүгірдім, Марат Кайырғалиұлы деген дәрігер кеп құтқарып қалды. Кислород дереу ауыстырды. Алла разы болсын. Міне, сол Марат Қайырғалиұлы келген кезде ғана ұлымның көзінен бір ұшқын, сәл қуаныш лебін сездім. Ұлымның сол сәл ғана қуанышы мен үшін бүтін бір әлем еді. Сол дәрігер ғана "Қалайсың, Аймырза", деп қалін сұрап, "держись братишке!" деп мотивация берген адам еді. Одан кейін оны көп көрмедім.Қазір өзі де ауырып қалыпты, Алла шипасын берсін, жақсы дәрігер еді.
Оның бір ауыз жылы сөзі бізге үлкен күш берді. Баламның өкпесіне арақ, спирт жағып, ысқылап, массаж жасап, жылқының майын жағып істемегенім жоқ. Балам сәл өңіне кіріп, жақсарып қалды. Таңға жақын тағы кислород таусылды. Шырылдап жүгіріп, жалынып жүріп қостырдым. Екі көзім кислородта, баламмен алысып емханада болдым. Көзден тайсам кислород үзіліп қалады немесе қысылған біреуге аппаратты сүйреп ала жөнеледі. Ажалмен арпалысу үшін, өмірді күзету яғни кислородты аңду ғана қалды, қолдан келетіні. Иначе, ұлым өлгелі тұр. Бір кезде обл.здравтан әлгі апай звондап, маған:
"Шынар не медленно провизорныйдан шық. Андағы жерде сырттан адам болуға болмайды" деген бұйрық берді. Мен шықсам сол сәтте балам өледі. Ол - факт. Шарасыз күйде болдым.
- Апай, кешіріңіз, мен шыға алмаймын, ол үшін барлық жауапкершілікті мойныммен көтеруге дайынмын. Бірақ шықсам ұлым сол сәтте өледі. Кешіріңіз!- дедім.
Ана әйел маған:
-Ендеше бізге ренжіме! - деп қадап айтты.
Мен, мені жазаласа жазалай берсін деп ойладым. Баламен арпалысып жүріп оны ойлауға мұрша болған жоқ. Бірақ емханада біртіндеп кислород үзу, қоспай қою мәселесі көбейіп, баламды уже заметно қинай бастады. Ешкімге ештеңе демей, балама қарай бердім. Кислород жоқта өліп кетпес үшін, аздап өзі дем алуға көмектесіп, тыныштандырып, бауырыма басып, менімен бірге дем ал деп бірге тыныстадым. Сөйтіп жүргенде біреу келіп кислород қосты. Ол да дұрыс болмады.Кислородчиктер оны дұрыс қоса да алмайды. Медсестралар аппаратты түсінбейді, білер жоқ.
Шіркін-ай, сол кездерде жанымыздың шырылдаған жанайқайына құлақ асқан бір пенде табылмай,, қасымызға келіп қал сұраған бір ақ халатты болмады ғой...
Науқастарға ешқандай дұрыс ем-шара жасалған жоқ. Тек бір кислородқа қосылды. Онда да неше мәрте үзіліп, баллон бітіп қалып, әкелген күнде де онысы дұрыс емес, полный деп әкелген баллон 15-20 минуттан соң жасамай қалады, қысым түсіп, маскаға кислород келмей қалады. Арпалысып, дем жетпей қиналды. Оказывается, кейбір баллон дұрыс толтырылмаған болады екен. Сосын, кислород маскасы ескі, қолдан құрастырған, утешка бар, дұрыс ауа беруге жарамсыз. Ит қорлық көріп, күндіз-түні шырылдадық. Бір дәрігер не медсестра көмектеспеді. Айко Бесінбаева деген әйел жүрді, "волонтермын" деп. Түндегі өлгендердің атын өшіріп, орнына жаңа келген науқастың атын жазған қағзды әкеліп төсегіне жапсырады. Келеді де барлық терезені ашып кетеді. Үстімдегі ақ халатымды шешіп, ұлымның арқасына жабамын...Жамылатын көрпе жоқ. Үйден алдырсақ, ішке кіргізбейді.
Сквозняк жүріп барлық науқастардың қиналып, көрпе сұрап, терезені жабыңдаршы деп жалынған түрлерін көрсеңіздер ғой, әлі күнге елестетсем, жүрегім ауырады...Науқастарға тер қатып, температурасы көтеріліп қинала бастайды. Шөл қысып, сандырақтап, су сұрап 1-2 сғат қиналады да жан тапсырады. Көз алдымда қаншама адамдар өмірімен осылай қош айтысып жатты. Тек балам жатқан кішкентай палатаға күніне 6 адам келеді, кешке барлығы өліп қалады. Қайта толады тағы қырылып қалады. Реанимацияда палата көп, қаншасы өліп жатқанынан хабарым жоқ. Біздің палатада күнде тек менің балам ғана қалады...Есін жиған кезде көріп, жүрегі қан жылайды...
Бір күні ақ киім киіп жолдасым келді. Танымай қалдым. Біздің қалді көріп жүрегі қан жылады. "Мен отырайын сен шық, демал" деді. Бірақ оны медсестралар бірден қуып шықты.
Біз реанимацияда болғандықтан ауыр науқастар келеді. Өлгендерді әспеттеп жатуға дәрігерлерде де мұрша жоқ. Олар да әбден қалжыраған, ашулы, естері шыққан. Өлгендерді аяғынан, қолынан малша сүйреп коридорға шығарып тастай береді...Одан әрі біреулер алып кететін сияқты...Өйткені босаған аппаратқа қарап тұрған, келіп жатқан науқас көп. Бәрі ауыр қалде. Өлген адамды бұрын-соңды көрмеген екенбіз...Біз шок жағдайда болдық...Балама қарама, бетіңді ары бұр деймін... Ол кейде есін жинап алып, қасындағы адамдарды қайда деп сұрайды... Айтарға сөзім жоқ..
Неткен қасірет!
Міне, пневмония басталған алғашқы кезде қаншама маңғыстаулық осылай малша қырылып қалды...
Емделіп, ол жерден тірі шыққан ешкім болмады. Үлкен кісілер келген бетте 2-3 сағаттың ішінде көз жұмып жатты.
Мен жанұшырып жоғары жақта бір-екі адамға хабарластым. Олар көмектесті, бірақ жалпы науқастарға, сол провизорныйға қажет жағдайды жасап, қосымша күш, жабдықтар беріп жатты.
Обл әкімдік тарапынан қосымша күш, дәрі, кислород үздіксіз беріліп жатты. Одан не пайда? Адамның тағдыры емхананың ішінде шешіледі.
Пневмонияны емдеу туралы дәрігерлерде ешқандай сауат болмады ғой. Олар пневмонияны емдеуге дайын емес еді. Ешқандай тәжірибе де болмады. Тек ауыр науқастарға кислород берген болды. Арасында науқастардың аузына су тамызып, арқасына спирт жағып, массаж жасап, көмектесіп, қараған болады. Бізге бұрылып қарайтын жан жоқ. Ауру көп, олар да арпалысып жүр, нәтиже жоқ. Менің неше күн бойы ұйқы-күлкісіз арпалысып жүріп, есім шығып кетті. қашан кислород бітіп қалады, ол біткенде кислородчик сылтауратып қоспай жүріп алады. Балам қысылып, барлық денесі көгеріп, тұншығып өліп барып бір тіріледі. Жандары ашымайды. Мал ғұрлы көрмей, кислородты үзіп, өлтіре салудан тайынбайтын қасапшыны да көрдім. Біздегі страх та сол - кислород еді. Бұлданбай, ерегіспей дұрыс қосып бере салса екен деп мөлтектеп, екі көзіміз жәутеңдеп жалынып тұрамыз.
- Бол, тез, - деп бірдеме айтуға дәрмен жоқ. Бірдеме десек, кислородты айырып тастап, сылтау айтып ключті өзімен алып кетіп қалады...Басқа ауру да көп қой...
Жалпы кислород бар, дұрыс қоса алмай, аппарат дұрыс болмай қопырады, олар....
Құдайым-ау! Өмірімде осындай қорлықты көрмеген екенмін. Балам үшін төзе бердім, жақ ашпай, ығына көне бердім...қайтейін-ай...
Олар тағы да кислородты үзіп тастады. Бұл жолы балам ұзақ тұншығып, ақыры диафрагма ма бірдеме болды, тамыры жарылып, бір қолы ісіп кетті. Содан кейін жағдайы күрт түсіп кетті. Мәулен деген дәрігер істетті осыны. Ол мені тыңдамай, баламды күшпен апарып, наркоз беріп, общая реанимациядағы ИВЛ арпаратқа салып тастады. Оған салу - адамды өлтіру деген сөз екенін мен де білемін, дәрігерлер де біледі. Шырылдап артынан жүгірдім. Мені елеген де жоқ...Міне, осылай өлтірді баламды. ИВЛ-ға салды...
Одан кейінгісі есімде жоқ. Аспан құлап, мені басып қалғандай күйде, есімнен танып қалдым...
Бір есімді жинасам, жолдасым, інілерім бәрі жиналып, қатты жылап жатыр екен:
- Не болды, неге жылайсыңдар? Балам тірі, просто кислород үзіліп есінен танып қалған шығар. Өзім құшағыма қысып, бетіне бетімді тигізсем тіріліп кетеді. Қайда, баламды көрсетіңдер, деп ойбайлап жатқаным бір есімде... қайта есімнен танып қалыппын. Бір кезде тумаластар түгел жиналып, мені далаға ауаға шығарыпты. Қасымда жұмыстастарым да жүрген сияқты...Бәрі жылап жүр...
Мен тағы да құладым...
Кешке қарай Құрыққа келіппіз.
Тағы біраз жұмыстастар, көршілер, әкімдіктегілер келіп жатқаны есімде...
Ертесіне таңға жақын ұлымның сүйегін артып, оншақты адам Алматыға жеттік, ұшақпен...
Жұма күні таңертең аэропорттан тумаластар тосып алды. Әке-шешем, әкемнің інісі, нағашы ата-апаларым, қайнағаларым, бауырларым, жер қайысқан халық жиналыпты. қабір қазулы, молда шақыртып, жылқы-малын сойғызып бәрін дайындап қойыпты...
Жұма күні ақ жауып, арулап, жаназа намазы оқылып, мәңгілік мекеніне, біз бәріміз баратын бақилық мекенге аттандырдық. Астана, Павлодардан, Қостанайдан жиналыпты ағайын. Нұртай екеуіміздің үш жұртымыздан, ұлымның үш жұртынан, достарынан қалған адам жоқ екен.
Құдай-ау, дәл қазіргідей пандемиялық жағдайға қарамастан қара орман адам жиналып үлгеріпті. Олар қайғыдан қан жұтқанда, өзің қайғыға сабыр етесің екен. Қайран ғана құлыным-ау, ақжарқын, ақкөңіл, көпшіл, үлкен-кішіге қамқор, мейірімді еді.. .Көптен топырақ бұйырып, көптің көз жасын көл қылды...Әттең-ай, ақ халаттыдан қайыр болмай, аз күнде аққан жұлдыздай алақанымнан ұшып кеткен Балапаным бізді осылай тастап кете барды...
Сене алмаймын. Жүрегіммен қабылдап сенгім келмейді. Қалай көндігемін, қалай иланамын, бұл қайғыға? Тек қана ақылмен ғана қабылдап, сабырға сүйеніп жүрмін..
Жүрегіме сала алмаймын...Беріліп сенгім келмейді...Уақыт емші...
Алпамсадай ақ ботам, жарқыраған күндей жайдарлы жарығым,
өмірде бір тұмау тиіп қыңқ етіп көрмеген батыр балам осылай оп-оңай кете ме? Бұл әлде, әуелден қысқа жазылған тағдырдың себебі ғана ма екен? Бұл не кихмет, жаратқан?
Мен әлі сене алмадым...
Соңынан дәл сол тұмаумен өзім ауырдым. Ауырғанда да өте ауыр түрімен ауырдым. Өкпемнің ауданды проценті зақымдалып, әлгі шыны тәрізді вируспен құрсауланып қалды...Тумаластар Турцияға апармақшы болды, 5-і күні шекара, әуе жолы жабылып қалып, шетелге шыға алмадық. Алматыда бауырларым Берік пен Мәлік жанталасып жүгіріп, Орхан -Медикал деген диагностикалық орталықта өкпемді томмографиядан өткізді. Бір қарапайым терапевт мен медсестра әкеліп, маған бірден қарқынды ем бастады. Білесіздер ме, менің организмім емді бірден жақсы қабылдап, 2-3 күнде басымды көтердім. 60-70 пайыз зақымдалған өкпем 5-7 күнде қалпына келді. Өз көзімізге өзіміз сенбедік. Оказывается бұл емделетін ауру екен. Тіпті "крайный тежёлый" деген диагноздың өзін тез-ақ емдеуге болады екен. Ол үшін білікті дәрігер, қажетті дәрі, мықты антибиотик қажет екен. Мен өмірімде бір де бір рет антибиотик қабылдап көрмеген жанмын. Тіпті, кәдімгі ампициллин ішіп көрмеппін. Бірден сауықтым. Құдайға мың шүкір, дейік... Әттең, әттең бұл ем ұлыма жасалғанда ғой. 2-3 күнде орнынан тұрып кетер еді... Әттең тонның келтесі-ай... Күллі Маңғыстауда осы емді жасайтын бір дәрігер болмағаны ма?! Маңғыстау медицинасы неге сонша дәрменсіз болды? Дәрі бар, дәрмен жоқ. Білімсіздік түпке жетті. Алматының кез-келген бір учаскелік терапевтсі жасағанды біздің Ақтау неге жасай алмады? Неге олар науқасты емдеуге дайын болмады?
Олар не оқыған сонда? Инфекционистер неге алдын-ала зерттеп, бір жүйеде нәтижелі ем-шара тағайындамаған? Неге?
Қарайған қазақ қырылып қалды ғой... Ең жас науқас менің балам еді. Үлкендер мен ортажастағылар көп кетті. Ал менің балам мүлдем бүлдіршін еді, олардың немересі қатарында еді...Қаншама қазақ неге обалды кетті? Алла тағалам оларды "Шахидтер" қатарына қабылдағай.
Менің жап-жас балам да сол қапыда қаза болған жүздеген ата-әжелермен бірге шахидтер қатарынан табылғай!
Көңіліме медеу болар бір ғана зат- ол, ешқандай қиындық, кедергі, заң, ережеге қарамастан ұлымның қасында болғаным. Қиналғанда демеу болып, онымен бірге қиналып, вирусты ауамен бірге тыныстап, ақырғы күндері мен түндерін бірге өткізгенім, өмір үшін бірге күрескенім болды. Қолымнан медициналық көмек келмесе де, аналық махаббатымды арнап, баламды баурыма басқаным болды. Ешқандай өлімнен де, індет, covidтен де қорықпадым. Ойыма да келмеді. Тек, малша қырылып жатқан қазағымды көру ауыр тиді...
Қолдан келгенше ауыздарына сусын құйып қараған болдым. Соңғы кезде оған дәрменім де жетпей қалды. Өйткені неше күн-түнімен көз ілмей арпалыстым. Соңғы деміміз қалғанша күрестік. Сыртта жолдасым, тумаластарым дұға тілеп, мешітке барып, құрбан шалып олар да арпалысумен болды. Еш қайыр болмады.
Қайдан болсын, ауруға қажеті оны дұрыс емдеу ғой. Ал, біздің ақ халаттылар оған бастапқыда дәрменсіз болды.
Бұл шындық. Басында олар ештеңе жасай алмады. Қазір естіп жатырмын, тәжірибе жинақтап, жан-жақтан мамандар келіп, емдеп жатыр дейді. Алғашқы толқында ештеңе жасай алмады, олар. Көп адам содан обалды болып өлді. Менің ұлым, менің жап-жас батырымның обалы - сол дәрігерлердің біліксіздігінде. Оның үстіне адамгершіліктен жұрдай адамдар да жоқ емес екен. Бәрі де Аллаға аян, әркім өз күнасі үшін жауап беретін күн қашпас. Бәрінің де ұл-қызы, ет жақындары бар ғой. Бір құдайға тапсырдым. Өмір мен өлім құдайдың құзырында болар. Ол үшін ешкімді жазаламаймын. Елге келген індет қой. Бірақ,
"Адам адамнан құтылады, өзінің ниетінен ешқашан қашып құтылмайды" деген бар. Ондайлар ниетінен көрер...
Елге келген індет үшін жасап жатқан еңбектерін де жоққа шығармаймыз...
Ең бастысы, мен аналық парызымды жанқиярлықпен өтеуге тырыстым. Соңғы сәтке дейін күрестім...Қолымыздан ештеңе келмегені үшін, кешірші, бізді құлыным! Сен менің жүрегімде мәңгі жасайсың, ұлым!
Сол үшін, сен үшін мен одан да қиын індетке төтеп беріп, өмір сүрдім. Сенің армандарыңды орындау үшін мен дәл сол індетті 3 күнде еңсердім. Сен үшін індеттен құлан-таза айықтым.
Тек, сен артыңа алаңсыз болшы.
Немересін жоқтап еңіреген әке-шешем де менің бұл ісімді ерлікке балап, "Батыр қызым бекем бол.
Сен батыр ана болдың. Сен барда Аймырзамыз мәңгі өлмейді" деп мені жұбатуда. Атаң дұрыс айтады. Сен біздің жүрегімізде мәңгі жасайсың, ұлым.
Жаратқан жаббар иеміз саған жаннаттық болуды, шахидтер қатарынан болуды нәсіп етсін!
Бақұл бол, палуан балам, батыр Балапаным!
ps:
Қиын кезде тілеулес болған, қол ұшын беріп қарайласқан, қайғымызға ортақтасқан барша жандарға отбасымыздың атынан зор алғыс білдіреміз. Ел аман болсын!
Нұртай-Шынар. 




Көрілген: 1781    Пікірлер: 0

сенбі, 18.07.2020, 11:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт
    10 Шілде, 15:16
    Әуезов Америкада
    30 Маусым, 10:29
    Ұлы империя мұрагері
    17 Маусым, 16:39
    Абайдың атын қимайды
    15 Маусым, 12:32
    Әлем таныған Абай
    12 Маусым, 16:35
    Абай және Бауыржан
    8 Маусым, 14:21
    Абай және Мұстафин

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30