Алаш үні

Сенатор Нұртөре Жүсіп күйініп кетті

  • Сенатор Нұртөре Жүсіп күйініп кетті

    Сенатор Нұртөре Жүсіп күйініп кетті

Сенатор Нұртөре Жүсіп «Қазақтың 1000 әні», «Қазақтың 1000 күйі» жинақталғанымен, оның эфирден берілмейтініне қынжылысын білдірді. 

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында мәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң талқыланған болатын. Осы ретте сенатор өзінің пікірін білдірді. 

Шекара сызығы не үшін сызылады? Бұл &ndash елдің қорғаныс шекарасы ғана емес, мәдениет шекарасы деген сөз. Осы сызықтың ішінде мәдени кеңістік болады. Мәдени кеңістік аясында ұлттық құндылықтар қалыптасады. Біз әл-Фарабидің, Абайдың және басқа тарихи тұлғалардың мерейтойларын тек той тойлау үшін өткізбейміз. Бұл шаралар Қазақстан халқын біртұтас &ndash бір мәдениет шеңберінде тәрбиелеуге бағытталған. Қазақ тарихын, әдебиеті мен мәдениетін, тұрмыс салтын, дәстүрін білу, құрметтеу, мойындау &ndash мәдени кеңістіктің алғышарты,- деді Нұртөре Жүсіп. 
Ол жаңа заң жобасындағы фонограммамен ән айту шектелетініне көңілі толатынын да жеткізді.  

Өнерде тазалық керек! Өмірде де солай. Фонограммамен ән айту шектеледі. Бұл таза таланттарға жол ашады. Заң жобасында тиісті нормалар қарастырылған. Мұны қолдаймын. Қазақстанның Тұңғыш Президенті &ndash Елбасы тапсырмасымен «Мәдени мұра» бағдарламасы жасалды. «Қазақтың 1000 әні», «Қазақтың 1000 күйі» жинақталды. Сонымен іс бітті ме? Қазақтың 1000 әні, мен 1000 күйі эфирден неге естілмейді? Эфир &ndash Қазақстан эфирі. Ондағы жиілікті мемлекет береді. Қазақстанда жұмыс істейтін түрлі радио арнасы эфирлік жиілікті конкурс арқылы алады. Ендеше неге біз Мемлекеттің Мәдени мұрасын кеңінен насихаттау мәселесін талап ете алмаймыз? Радио таратушыларға неге міндеттей алмаймыз? Қазақстан эфирінде қазақтың ән мен күйі саңқылдап естіліп тұруы керек. Сонда ғана елдегі Рухани жаңғыру ерекше сипатқа ие болады. Алдағы уақытта осы талап ескерілсе дейміз, - деді депутат.


Бек ТӨЛЕУОВ

BAQ.KZ




Көрілген: 1247    Пікірлер: 0

бейсенбі, 22.10.2020, 14:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    31 Қазан, 10:38
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан, 10:30
    Ақылдың кені
    6 Қазан, 10:30
    АЛТЫН ОРДА АҚИҚАТЫ
    1 Қазан, 10:39
    ЖҰМАТАЙДЫҢ ЛӘЙЛАСЫ
    22 Қыркүйек, 15:31
    Қалай жазғанымыз дұрыс?..
    21 Қыркүйек, 10:27
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек, 08:53
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек, 10:27
    Қазақтың қайсар Қасымы
    24 Тамыз, 15:32
    Атасының баласы...
    25 Шілде, 11:21
    Алтын кілт

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30