Алаш үні

Серік Ақсұңқар: Алламен мен тек қазақша сөйлесем...

  • Серік Ақсұңқар: Алламен мен тек қазақша сөйлесем...

    Серік Ақсұңқар: Алламен мен тек қазақша сөйлесем...

Алламен мен тек қазақша сөйлесем,
Тек қазақша ой кешем.
Ол орысша Пушкинді де түсінген,
Ол немісше Гетені де түсінген.

Мен қазақша содан медет сұраймын,--
Ішімнен!

Шекспирі --бір әлем.
Киплинг те арбайды бір дуамен.
Өзі мені қазақ қылып жіберген,
Маған салса, ағылшын боп туар ем...

Құранды араб тілінде ол түсірген,
Гете оны немісше ойлап,-- түсінген.
Оныменен мен тек қазақша сөйлесем,--
Ішімнен...

Менде де бар кіндік кескен жұртым, ел.
Елден ерек менің-дағы ұлтым өр!
Тәңірімен жат тілінде сөйлессем,
Тексіз ғой деп, тыңдамауы мүмкін ол...

20.11.2019 ж.

 

КӨНЕ ҚҰРАН
(XVII ғ).

Көне құран тұр үйде,
Сыртын жібекпен тыстаған.
17 ғасырда-- Есенкелді би,
18 ғасырда-- Өтеген баһадүр,
19 ғасырда-- Сүлеймен атам,
20 ғасырда-- Көпбай молда,
21 ғасырда--, қайран, Һалифа шешем ұстаған.

Маған берген шешем сақтап,
Шыбын жаны шырқырап,
Соның енді бір парағын жыртып ап,--
Өкінбен деп, күнде сипап қоямын,
Өн бойынан әулет иісі бұрқырап!--

Қалаға да жетіп Ұлы Даладан,
Тұқымымның қызғышына балаған,--
Осы құран осы күнге жеткізген,
Мені сақтап пәле менен жаладан...

Іштері тар, күншіл, қарғыс сөзі-- зіл,
Құдайсыздың кетер осы кезі бір?
Шаңырақты бес ғасырдай жебеген,
Зәузатымның көзі бұл.

Оның сыртын ұлы әжеміз
Жібекпенен тыстаған.
17 ғасырда-- Есенкелді би,
18 ғасырда-- Өтеген баһадүр,
19 ғасырда-- Сүлеймен атам,
20 ғасырда-- Көпбай молда,
21 ғасырда--, қайран, Һалифа шешем ұстаған...

20.11.2019 ж.

Серік Ақсұңқар

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 898    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.11.2019, 11:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 14:50
    28 жыл бойғы құпия
    26 Желтоқсан 2019
    Абай бай болған ба?
    23 Желтоқсан 2019
    Қажымұқанды жеңген қазақ
    23 Желтоқсан 2019
    Абайдың саяси қызметі
    12 Желтоқсан 2019
    Желтоқсанның батырлары

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31