Алаш үні

Шыңғысхан қызына үйленгісі келген билеушіге қандай талап қойғанын білесіз бе?

  • Шыңғысхан қызына үйленгісі келген билеушіге қандай талап қойғанын білесіз бе?

    Шыңғысхан қызына үйленгісі келген билеушіге қандай талап қойғанын білесіз бе?

 Моңғолдардың ұлы билеушісі Шыңғысханның ержүрек ұлдарының ерліктері туралы тарихи еңбектер мен зерттеулер көп. Ал атақты патшадан өрбіген қыздар жайлы не білесіз? Бұл сұраққа weekend.bugin.kz сайты жауап береді.


Шыңғысханның жарты әлемді жаулаған ұлы державаның негізін салуында ұлдарымен қатар қыздарының да саяси рөлі орасан зор болған.


Нақтырақ айтқанда, ол қыздарын көршілес мемлекеттердің билеушілеріне ұзатқан. Бірақ, ұлы ханның болашақ күйеу балаларына қоятын талап-тілектері тым қатаң болған екен.


Оның алғашқысы, Шыңғыс әулетіне күйеу бала болуға үміткер билеуші өзінің оған дейін үйленген барлық әйелдерінен ажырасуға тиіс болыпты.


Осылайша, Шыңғысхан өз қыздарының көршілес елдегі билікке үміткер болып қалатынын түсінген.


Құдалық қамы бітіп, неке қиылып болған соң билеушілер әскер басында майдан даласына аттанған.


Алайда, билеушілер ол соғыстардан тірі шықпаған. Олардың бірі-жау қолынан ажал құшса, екіншісі өз оққағарларының қолынан қаза тауып отырған. Ал бұл әрекетті олар Шыңғыс ханның бұйрығымен жүзеге асырып жүріпті.


Дәл осындай саясаттың арқасында елдегі барша билік Шыңғысхан қыздарының қолына өтіп отырған. Жылнамашылардың жазуынша, Ұлы ханның өлер шағында оның қыздары Сары теңізден Каспий теңізіне дейінгі ұлан-ғайыр далада билік жүргізген екен.


NUR.KZ




Көрілген: 5434    Пікірлер: 0

жексенбі, 24.03.2019, 12:59

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31