Алаш үні

Сіз готикалық əріп а-ны білесіз бе?

  • Рашид Керімбаев, Физика-математика ғылыдарының кандидаты

    Рашид Керімбаев, Физика-математика ғылыдарының кандидаты

1983 жылы Новосібір мемлекеттік университетінде оқып жүргенде математикалық логикадан емтихан тапсыратын болдым. Келіскен жерге келіп профессор Евгений Палютинді күтіп тұрдым. Палютин келісімен амандасып, А4 ақ қағазға ұзақ қарап «черт, я забыл готическую букву а», – деді.  

 

Мен шапшаң қимылдап готикалық əріп а-ны жазып бердім. Келесі сұрақтарға жауап беріп, емтиханды 5-ке тапсырып кеттім. Он жыл өткен соң, осы оқиғаны профессор Абыз Темиргалиевич Нуртазинге айтып бердім.  

Ол маған суық қарап, Рашид «Палютин ни когда не забывает готическую букву а, ты что-то путаешь»-деді. Мен ойланып қалдым. Бұл қалай? Сонда бұл не болғаны?

 


Кейін мен Алматы Мемлекеттік Университетіне оқытушы болып орналастым. Студенттерге байқап сұрақ қоя бастадым. 20 жыл бұрын не болғанын сонда түсіндім. Бұл қаңғырған қазақ готикалық əріп а-ны білеме екен, əуелі соны тексеріп көрейін деп, мені алдап, ұмтып қалдым деп, сұрағаны екен ғой.  

Мен, аңқау байқұс, лып ете қалып, жауап бергем ғой. Қатты налыдым. Алтын басым аман болса, бір математикалық проблеманы шешпей қоймаспын деп өзіме серт бердім. Ол үшін тіпті құдайға да жүгіндім. Бірақ мен құдайдан кешірім сұрадым. Маған проблеманы шешудің қажеті жоқ. Маған немере силасаң жетеді дедім.  

Мейірімді Алла, құдіреті күшті. Екеуінде сыйлады. Əлсіздік менен болды. Білім жетпеді. Əлі жинақтап жүрмін. Намыс деген осы болар. Қорлыққа төзе алмайсың. Бұл да соғыс сияқты.

 

Рашид Керімбаев
Физика-математика ғылыдарының кандидаты




Көрілген: 3192    Пікірлер: 0

жұма, 18.09.2020, 17:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...
    5 Қаңтар, 00:04
    Асық ату архаизм бе?
    18 Желтоқсан 2020
    Қыздардың көз жасы
    31 Қазан 2020
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан 2020
    Ақылдың кені
    21 Қыркүйек 2020
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек 2020
    Ташкентте болған той
    7 Қыркүйек 2020
    Қазақтың қайсар Қасымы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31