ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ТӘЖІРИБЕ         

ТАҒЫЛЫМЫ МОЛ ТӘЖІРИБЕ         

Музей – әр халықтың сан ғасырдан жеткен өркениеті мен мәдениетін, руханиятын бір нүктеге тоғыстыратын киелі орда. Бүгінгі таңда Алматы қаласында орналасқан, күллі қазақ баласының рухани әкесі, Алашорда идеясы авторларының бірі және аймүйіз қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің есігі алыс-жақыннан келген қонақтар мен қала тұрғындарына әрдайым айқара ашық тұр.

Алдағы жылы  халқының аяулы ұлы, ардақты перзенті болған ұлы реформатордың туғанына 150 жыл толғалы отыр. Бүгінде экспонатқа бай мұражайға айналған Алматы қаласындағы аталмыш көне ғимаратта Алаш қайраткерінің өзі 1934 жылдары отбасымен бірге тұрған.  Қазақ халқының сол уақыттағы зиялы қауым өкілдері де  осы үйде талай мәрте бас қосқан. Қайраткердің қарашаңырағы болған үй мемлекеттік деңгейде құрылған комиссияның шешімімен бүгінде мұражай ретінде ұлттың рухани қажетін өтеуде. 1998 жылы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 125 жыл толуына орай аталмыш ғимарат күрделі жөндеуден өткізіліп, құрылымы, сәулеттік сыртқы пішіні, ауласы бұрынғы қалпына келтірілді.  Мұражай-үйдің бөлмелерінде орналастырылған заттардың көбісі жақын-туыстарынан, туған жеріндегі көз көрген қариялардан алынған. Онда Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен атқарған қызметіне байланысты мұрағаттық материалдар, түрлі құжаттар, қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар қойылған. Алаш қайраткерінің тұрмыс-тіршілігі мен шығармашылығына байланысты жиһаз-бұйымдар мен құжаттардың бір тобы Торғайдағы мұражай-үйден әкелінген.

Қазіргі таңда музей-үйдің тынысы бір қалыпқа түсіп, әрдайым ерекше құнды жәдігерлермен толықтырылып, алыс-жақын шетелдік сыйлы қонақтар, зиялы қауым өкілдері, қала жұртшылығы және студенттер мен оқушылар келіп таңғалысып, осындай сирек қайталанатын аура мен атмосфераны сезініп риза болысып жатады. Музей-үйдің басшылығы мен қызметкерлері өз мамандығын ерекше сүйетін нағыз кәсіби мамандар. Ол кісілер осындай ұлы адамның бай әрі тарихы тым терең мұражайын екінші үйлері санайды. Республика бойынша тарихи және мәдени жағынан үлкен мән-мағынаға ие болып тұрған музей-үй жұмысы қазіргі уақытта бір қалыпқа түсіп, келушілерді жылы  қарсы алып, қазақтың төл тарихының ең маңызды және ең трагедиялы беті болған Алашорда қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда үкіметін құрушы Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов сынды белді қайраткерлер бастаған зиялы қауымның өмірі мен атқарған миссиялары, саяси әрекеттері турасында көптеген құнды мәліметтермен таныстырады. Музей-үйге келген әрбір жан ерекше сезімдерге бой алдырып, өзінің қазақ болып туғанына, осындай ұлы аталарының ұрпағы болғанына  мақтанып, ел мен жерге деген сүйіспеншілігі  арта түседі.

Біз, Қазақ ұлттық университетінің,  филология факультеті, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4-курс студенттері Алматы қаласындағы А.Байтұрсынұлы «ТІЛ-ҚҰРАЛ» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығында қашықтықтан онлайн-жүйеде өндірістік тәжірибеден өтіп жатырмыз. Біз үшін бұл уақыт, осы күнге дейінгі өмірімізбен салыстырғанда мүлде бөлек, мүлде басқа сипатта өтуде. Бұл жерге келе салысымен осыншама терең әрі бай тарихымыздың бар екеніне деген үлкен мақтаныш сезімі кеудемді кернеді. Бұл сөзімді жер жүзінің қиыр-қиырынан келген шетелдік қонақтардың музей-үйге деген ерекше таңғалысынан туындаған ой-пікірі мен риясыз тілектерінен де байқауға болады.

Мәселен, Хоккайдо университетінің Славян және Еуразиялық зерттеулер орталығының профессоры Томохико Уяма мырза музей-үй жөнінде: «Ахмет Байтұрсынұлы мемориалды мұражайына келгеніме өте қуаныштымын! Мен бұл қалаға тоқсаныншы жылдардың соңында келіп кеткенмін. Сол себепті өткен күндер көз алдымда менмұндалап тұр. Жылы қабылдағандарыңыз үшін алғысымды айтамын. Мұражайдың өркендеуін тілей отырып, Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы жылдар бойына мәңгілік мұра болып қаларына сенемін!» - деп, өзінің шынайы жүрекжарды сырын ақтарып, мұражай қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі. Ал, Түркиядан келген сыйлы қонақ, профессор-доктор Гүрер Гүлсевин мырза музей үй мен Алаш қайраткері жайында: «Қазақстанның және күллі түркі әлемінің де әдебиетшісі, лингвист ғалымы Ахмет Байтұрсыновтың шығармалары Түркияда да оқылып, зерттелуде. Оның түркі әлемінде алатын орыны ерекше», - деп пікір білдірген еді.

Міне, осындай пікірлерге қарап отырып, Ахмет Байтұрсынұлы мен оның музей-үйінің қазақ руханиятында қандай маңызды рөл атқарып тұрғанын білу һәм сезіну аса қиын емес. Музей-үйге бас сұққан әрбір жан, тіпті ұлты басқа болса да, жоғарыда айтылғандай ризашылық сезімін білдіріп, қазақ деген халықтың қандай болғанын, қандай өр намысты ұлдарды тудырғанын, сондай азамат ерлердің, өз ұлтына шын берілген ұлдардың ұлт азаттығы мен бодандық қамытын сыпырып тастау үшін өздерінің әзиз басын бәйгеге тігіп, киелі идеяның жолында шәһид болғанын көріп-біліп қана қоймай, ерекше толқыныста болады.

Біз, өндірістік тәжірибе жетекшілерінің нұсқауымен Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың мүзей-үйінде тәжірибеден өтіп жатқанымызға аса қуаныштымыз. Тәжірибе  барысында, туған еліміз бен жеріміз үшін, артынан келер жауқазын буын, өскелең ұрпақ үшін жанын берген қайсар мінезді аталарымыздың өмір жолын, атқарған қызметтерін, елі үшін еткен еңбектерін қадари хәлімше зерттеп, зерделеп жадымызға  тоқып алуға тырыстық. Әсіресе, Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың азаматтық тұлғасына деген қызығушылығымыз артып, ол кісі жайында бұрын білмей келген тың ақпараттармен танысып, ұлы атамыздың саналы ғұмырынан көп ғибрат алдық. Өзіміздің алдағы өмір жолымызда осындай нар тұлғалы аталарымыздың артында қалдырған құнды жәдігерлері мен еңбектерін жата-жастана оқып, сол кісілердің жолымен жүруді алдымызға мақсат етіп қойдық. Біз, өз кезегімізде өндірістік тәжірибе барысында жетекшілік етіп, бағыт-бағдар сілтеп, өздерінің білген-түйген дүниелерін еш жалықпай үйреткен Имаханбет Райхан Сахыбекқызына, Мекебаева  Лейла  Адамқызына, Есентаева Айжан Ыдырысқызына, Шортанбай Шоқан Амангелдіұлына алғысымызды айтамыз. Өмір жолымыздың ең балауса шағында өткерген тағылымы мол тәжірибе жадымызда әрдайым жаңғырып тұрмақ.

 

Бөрібай АЙША

 Әл-Фараби атындағы

 ҚазҰУ филология факультетінің

4-курс студенті

Шоқан ШОРТАНБАЙ

Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ аға оқытушысы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста