Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тарихшылар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізгі кезеңдері туралы айтты

15 желтоқсан 2022, 17:31

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында ӨКҚ алаңында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценттері, тарих ғылымдарының кандидаттары Еділ Ноянов пен Арман Жұмаділдірдің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Баспасөз конференциясы барысында оқытушылар Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының негізгі сәттері мен оның даму тарихын талқылады.

 

1990 жылғы 25 қазанда тарихи құжат - "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік Егемендігі туралы" Декларация қабылданды. Спикерлердің пікірінше, бұл құжат Қазақстанның тәуелсіздікке қарай қозғалысының құқықтық бастамасы болды.

 

Егемендік пен Тәуелсіздік-синоним сөздер. Біз егемендік сөзін түріктерден алдық. Олар еуропалық Гегемон сөзін өздерінше аударды. Декларация-қазақтардың тәуелсіз ел болуға ұмтылуы. Қазақ халқының тәуелсіздік жариялау ниеті де осы еді. Бір жылдан кейін, 1991 жылғы 16 желтоқсанда Тәуелсіздік туралы заң қабылданды, – деп атап өтті А.Жұмаділдір.

 

Өз кезегінде Е.Ноянов егемендік туралы Декларацияны қабылдамағанда, Тәуелсіздік туралы заңның да болмайтынын айтты.

 

1990 жылы 25 қазанда тәуелсіз мемлекет құрудың негізгі қағидаттары жазылған Тәуелсіздік Декларациясы қабылданды. Бұл барлық халықтар мен ұлттардың теңдігі, аумаққа қол сұғылмаушылық, азаматтық таңдау құқығы. Әрине, Қазақстан Конституциясының  ұлты мен дініне қарамастан барлық азаматтар тең делінген болашақ тармақтары нақты жазылған. Демократиялық дамудың негізгі қағидаттары осы декларацияға енгізілді, - деп қорытындылады А.Жұмаділдір.

 

Баспасөз конференциясы соңында тарихшылар барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.