Алаш үні

"Тарихшыларға шындық жетпейді" - Ермұқан Бекмаханов

  • https://abai.kz/

    https://abai.kz/

1957 жылдың наурыз айының басы. Біз университеттің соңғы курсында оқимыз. "СССР тарихы" кафедрасындағы оқытушы Руфина Филипповна Смирнова кандидаттық диссертация қорғайды" деген хабарландыруды оқып, конференция залына кірдік. Ойымыз диссертация қорғаудың қалай болатынын көру.

 

Залда отырғандардың қарасы көп екен. Біз артқы жақтағы бос орындарға тізе бүктік. Оң жақ қапталымыздан ұстазымыз Ермұқан Бекмахановты көзіміз шалды. Смирнова диссертация мазмұнын айтып шықты. Талқылау басталды.

 

Профессор Аббас Әлиев мінберге шығып, Смирнованың жұмысын ал кеп мақтасын. Одан кейінгі сөйлеушілер де оны қоштап, диссертациялық жұмысты жоғары бағалады. Соңынан Ермұқан аға кеңес төрағасы Закариннен сөз сұрады. Мінберге көтерілген Бекмаханов дәл осы тақырыпта осыдан бірнеше жыл бұрын диссертация қорғалғанын, оның авторының кім екенін, Смирнова соның еңбегін сөзбе-сөз көшіргенін, өздігінен ешқандай ой қоспағанын айта келіп, диссертация қорғаушының жұмысын бекітуге қарсы болды. Әлгінде ғана мақтау сөзге малынып отырған қорғаушының екі бетінің қаны қашып, лезде сұрланып кетті. Төрдегі кеңес мүшелері де мұны күтпесе керек. Олар абдырап отырғанда мінберге профессор Әлиев қайта барып, ашулы қатқыл үнмен: "Бекмаханов жолдастың біреуді қараламаса тек жүре алмайтыны рас екен. Жұрт мұны бүлікшіл деуші еді. Соған бүгін менің көзім анық жетіп отыр. Қарақұрт деген жәндік бар. Денесіне жиналған уын әлденені шағып жіберіп отырмаса, өмір сүре алмайды. Бекмаханов та сол. Біреудің үш жылғы еңбегін жоққа шығармаса, ішкен-жегені бойына сіңбейді", – деп көкіді.

 

Әлиевтің сөзі шымбайына батқан Ермұқан аға да орнынан тұрып, төрағадан сөйлеуге рұқсат сұрады. Закарин залдағыларға қабағын шытып: "Осы тарихшыларға не жетпейді? Үнемі бір-бірімен қырық пышақ болып, айтысады да жатады", – дей бергенде, Ермұқан аға кейіп кетті: "Шындық! Ақиқат жетпейді, жолдас Закарин!" Төраға оған ежірейе бір қарады.

 

Осы жайсыз жағдайдан кейін Ермұқан ағаны университеттен қуып, қалайда құтылудың жолын қарастыра бастады...

 

28.01.1992 ж.
Әсет Ақмолданың әлеуметтік желідегі парақшасынан

 

Abai.kz




Көрілген: 252    Пікірлер: 0

бейсенбі, 19.03.2020, 15:04

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    4 Сәуір, 23:56
    МҰХАҢНЫҢ МҰҢЫ
    31 Наурыз, 11:36
    Абайдың үш бейнесі
    4 Наурыз, 17:28
    Алаш-арман
    31 Қаңтар, 12:43
    Бір видеоның «сыры»...
    28 Қаңтар, 11:06
    Мағауин мифі

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30