Алаш үні

Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық

  • Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық

    Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық

16 желтоқсан &ndash Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі. Бұл  &ndash барша қазақстандықтар үшін қасиетті мереке, ең қадірлі де баға жетпес құндылық. Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Азаттық пен Еркіндік &ndash бүгінгі ұрпақтың еншісіне тиді. Тәуелсіздік &ndash біз үшін ең қасиетті құндылық. Сондықтан оны қадірлеп, қастерлеу әр азаматтың міндеті. Бүгінде егемендігіміздің арқасында еліміз елеулі жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырды. Заман тудырған дағдарыстар мен қайшылықтарға қарамастан, қазіргі Қазақстан бүгінде бүкіл әлем мойындаған мемлекетке айналды.

Ұлан-ғайыр даламыздағы ұлт пен ұлысты бір мақсатқа тоғыстыратын Тәуелсіз еліміздің іргесін қалап, береке-ынтымағымыздың тірегіне айналған Тұңғыш президентіміз &ndash Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқын кемел болашаққа бастаушы Кемеңгер тұлға ретінде, аз ғана уақыт ішінде елімізді биік белестерге көтерді.

Уақыт озған сайын жаhанданған әлемде әр мемлекет, әр ұлт пен ұлыс өз кескін-келбетін сақтап қалуға ұмтылыс жасап, аласапыран дәуірдің көшінен қалмаудың қарекет-амалын жасауда. Қазіргі заман жаңаша көзқарастар мен жаңаша талаптарды, тың ізденістерді қажет етеді. Біздің қоғам экономикалық  мәселелерді кезең-кезеңімен шешіп, нарық заманының қатал талаптарынан сабақ ала отырып, «қазақстандық даму моделін» қалыптастырып үлгерді. Алайда, ақпараттық технологиялар алға озған қазіргі дәуірде экономикалық түйткілдермен қатар рухани-мәдени дамуды да қатар алып жүру керектігін уақыттың өзі талап етуде. Біз осыған дейін жеткен жетістіктерімізбен тоқтамай, тарихи жадымызды жаңғырта түсіп, төл тарихымызды терең зерделеп, мемлекеттігімізді айқындай түсуіміз қажет. Бұл ретті қоғамның басты үміт артары &ndash жастар екені сөзсіз. Өйткені бүгінгі жастар еліміздің ертеңгі болашағы.

Қазіргі кезде мемлекет ел жастарына әлемдік деңгейдегі білім алуына барынша жағдай жасап келеді. Өйткені озық білім мен ғылымды игерген жастар ­&ndash еліміздің ертеңгі тірегі.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздігіміздің алғашқы қиын кезеңдеріңде «Болашақ» стипендиясын тағайындап, қазақстандық жастардың шетелдің беделді де озық жоғары оқу орындарында білім алып, тәжірибе жинақтауына зор мүмкіндіктер жасады.  Бұл ел ертеңін ертеден ойлап, болашақты терең болжай білетін Елбасының үтқыр шешімі, ұтымды идеясы болды. Расында, «Болашақ» стипендиясы бойынша әлемнің түкпір-түкпірінде білім жетілдірген жас мамандар бүгінде Қазақстанның өркендеуіне  қызмет етіп келеді.

Тарихқа үңілсек, бүгінгі біз жетіп отырған азат қоғамды ата-бабаларымыз қаншама ғасырлар бойы аңсап кетті. Егемен мемлекетімізді құру жолында қаншама боздақтарымыз бен ерлеріміз құрбан болды. Алайда, осы баға жетпес байлығымызды біз қалай дәріптеп, қалай түсініп жүрміз? Егемендік алғалы бергі ширек ғасырдан астам уақыт аралығында ұлттық санамыз қаншалықты өзгерді? Асыл дініміз бен ана тілімізді қаншалықты дамыта алдық? Тәуелсіз ұрпақтың ой-санасы қаншалықты тәуелсіз болып қалыптасып келеді. Біз Тәуелсіздігіміздің қадірін бағалай білуіміз керек.

Халқымыздың бірлік пен ынтымағы тарқамасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

 

 

Махаббат ЖҰМАДІЛ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

Қазақстан тарихы кафедрасының доценті,т.ғ.к.

Нарқыз ИСӘДІЛ,

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, IT факультетінің I курс студенті




Көрілген: 7456    Пікірлер: 0

сейсенбі, 15.12.2020, 15:30

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...
    5 Қаңтар, 00:04
    Асық ату архаизм бе?
    18 Желтоқсан 2020
    Қыздардың көз жасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31