Алаш үні

Тбилисиде грузин тілінде басылған Абай өлеңдерінің жинағы таныстырылды

  • Тбилисиде грузин тілінде басылған Абай өлеңдерінің жинағы таныстырылды

    Тбилисиде грузин тілінде басылған Абай өлеңдерінің жинағы таныстырылды

Іс-шараға Грузияның Мәдениет министрлігі мен Жазушылар одағының, әдеби топтарының, сондай-ақ Қазақстан елшілігінің өкілдері қатысты.

Абай өлеңдерінің аудармашысы, Грузия Жазушылар одағының төрайымы, мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты Маквала Гонашвили өз сөзінде қазақ халқының ұлттық болмысы, рухы мен дүниетанымын қамтитын Абай шығармашылығының жан-жақтылығы мен тереңдігін, онымен танысу екі мәдениеттің өзара баюы мен халықтардың жақындасуына қызмет ететінін атап көрсетті.

Қазақстан Елшілігінің кеңесшісі Гүлмира Сұлтанәли Абай шығармашылығы мен идеяларының тәуелсіздік кезеңінде, елімізді жаңғырту шеңберінде аса өзекті және үлкен сұранысқа ие екендігін атап көрсетті.

Бұл кеште әдебиетшілердің назарына Қазақстан мен Грузияда басылып шығарылған Маквала Гонашвили мен Ғалым Жайлыбайдың өлеңдер жинақтары да ұсынылды.

Грузин жазушылары Абай өлеңдерінің грузин тіліндегі аудармасына жоғары баға бере отырып, екі елдің шығармашылық қауымдастықтары арасындағы ынтымақтастықты жалғастырудың, оның ішінде қазақ және грузин ақындары мен жазушылары туындыларының екі тілді жинағын шығарудың маңыздылығын атап өтті.

Қазақстандық дипломаттар Грузия Жазушылар одағына қазіргі қазақ поэзиясының және прозасы антологияларын сыйға тартты.

www.inform.kz




Көрілген: 1756    Пікірлер: 0

сенбі, 10.04.2021, 01:32

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қазан, 08:25
    Шыңғыстаудың Шәкірі
    30 Қыркүйек, 19:29
    Тұран Одағын құру керек!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31