ТЕХНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ (Эссе)

ТЕХНИКА ФИЛОСОФИЯСЫ (Эссе)

Естеріңізде ме, содан кейін, дабысы елді дүрліктіріп, дүбірі сақара топырағын солқылдатып, дүрілдеп, түзге машина, темір көлік, түрлі техника келді. Бір заманда... Біз, қазақ, қуандық. Шексіз.

Сергек ақындарымыз ұйықтап жатқан піл сауырлы қара жер, кең даланы ояттық деп жар салды. Шабыттанып, пафос қосып жырлады, ақжарқын образын жасады. Бір-бірімізге қарадық, бар қазақ тынымсыз еңбек еткелі көп жыл, сан ғасыр өтті, қай маубасты айтты екен деп толғанып та, топшылап та көрдік, таппадық, алаш атқа қонғалы жауымен алысты, алып кеңістікті игерді, соқа сүйретіп, егістік жыртты, қайық жасап Хазарға да шықты, аң қағып, қармақ та салды, жылқыны мыңдап айдап, отар-отар қой өргізді.

Таң қалдық. Кімді кім оятты, нені не үйретті, ол – әлі талай-талай талқыланатын тақырып.

Негізі, көшпеліден асқан бейнетқор халық жоқ, бар ғұмыры мехнатпен өтеді. Үнемі тәуекелде жүреді, қатерді көрмейді, қауіпті аңдамайды, оңай тіршілік, жеңіл өмір жоқ.

Бабаларымыздан бастап, бүгінгі тәуелсіз ұрпаққа дейінгі аралықта, алаш күресте, шапқыншылықта, жаугершілікте келе жатыр еді. қолымызға еркіндік тиіп, басымызға бостандық бұйырып, бақыт кештік. Егемендік тегін келген жоқ. Жәнібек пен Керей дәуірінен бері санасақ, қаншама қазақ тәуелсіздік жолында құрбан болды. Әрбіреуінің аты-жөні шабуылға шақырған ұран тәрізді.

Ел жалқау қазақты қайдан тауып жүр. Сирек кездесе ме, көрген адам бар ма, біздің алдымызға алып келсінші, таныс болайық, тауда, үңгірде өмір сүріп жүрген бұл қандай тағы, жабайы тұлға, әйтпесе, ауылда жұмыс көп, бейсауат қоныс кезген, жұрт қыдырған, жер шолған не деген адам, несі көшпелі, қай бетімен жұртқа қарай алады, тойға мырза ағайын-туыстың маусымдық, бір айлық, тіпті, бір күндік бейнеті басынан асады, қазақ болу оңай емес.

Ең қиыны – көш. Қыстаудан жайлауға, отырған жерінен қопарылып басқа аймаққа жылжу, жалпы, көшіп-қону, жаңа жерге орнығу қала салғанмен бірдей.

Көштің жиналғаны, жүргені, тоқтағаны, қонғаны өзінше бір азап. Бірақ, көшпелі жұрт – ата-баба дәстүрін, салт азабын сүйетін халық.

Техника тыныштықты бұзды. Құстың ұясын бұзғандай... Бүгінде, адамзат жиылған техниканы қайда жіберерін білмей аңтарылып отыр. Жылда жаңасын ойлап табады. Еселене түседі, көбейе береді.

Даланы оятқан жоқ, ұйқысын бұзды, тыныштығын алды. Енді қазір шаруаға жарамайды. Жел тұрып, шаң-тозаң көтерілгенде бүкіл қазақ жеріне тарайды. Бір тұсынан бомба жарды, бір жерінен космосқа ұшты, бір шетінен улы қалдықтар үйді.

Оянған өлкенің ұйқысы жоқ. Техника зардабын шегіп, зиянын көрген көшпелі астындағы атын, алдындағы малын суаратын жер таппайды.

Техникада ақыл бар болса да, сана жоқ. Санасыздан не сұрайсың. Өре, ақыл пайдасын есептейді, түскен кірісті санайды, бірақ, кеткен шығынға жаны ашымайды.

Дидар Амантай

24.12.2019

Фейсбуктегі парақшасынан

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста