ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕГІ ЕЛ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖОЛДАУЫНАН ТҮЙІНДЕМЕ
- Қоғам дамуының тамырына балта шауып отырған ең негізгі кесел - жемқорлық. Тиісті құзырлы орындар жемқорлық пен сыбайластыққа қарсы күресті қатаңдату керек.
- Полиция халықпен дұрыс сөйлесіп үйренуі керек! Реформа полиция мен халық арасында ашық әрі сауатты диалог орнатудан басталады. "Сергек" секілді бақылау жүйесін көше ғана емес, барлық түзеу мекемелері мен полицияның қызметтік кеңселерінде орнату қажет.
- Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылады.
- Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді.
- Латифундистерден,ірі жер иеленушілерден пайдаланбай жатқан жерді қайтарып алатын кез келді
- Үкіметтің жіберген қателігі баршамызға мәлім. Осы қиын күндерде мектептерде білім берудің бірыңғай онлайн форматын жасақтай алмады... Осы тапсырманы жеделдетіп жүзеге асыруды тапсырамын!
- Диплом сатумен айналысатын оқу орындарын жабуға олардың артындағы ықпалды тұлғалар кедергі келтіруде. Олар білім саласын бизнеске айналдырып алған. Үкіметбасы Мәмин бұл мәселені айрықша назарға алуы тиіс.
- 2021 жылдың 1-қаңтарынан бастап мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға арттыру туралы шешім қабылдадым. Одан кейінгі уақытта да жалақы кезең-кезеңімен өсетін болады.
- Жыл соңына дейін еліміздің әр өңірінде жұқпалы ауруларға арналған 13 аурухана салынып бітеді.
- Елімізде әрбір алтыншы отбасы перзентке зәру. Сондықтан "Аңсаған сәби" бағдарламасын жүзеге асырып,әр отбасына қуаныш сыйлауымыз керек.
- Сот жүйесі "жабық корпорация" емес. Соттарды іріктеу жұмысы ашық жүріп, халық белгілі бір үміткердің сот саласына қалай, қайдан келгенін білуі тиіс.
- Педофилдерге кешірім жоқ. Олардың мерзімінен бұрын босап шығуына жол берілмейді. Олар қатаң тәртіптегі мекемелерде жазасын өтеуі тиіс. Мұндай іске салдыр-салақ қараған құқық қорғау органдары қатаң жазаға тартылады.
Жанарбек Әшімжан
Фейсбуктегі парақшасынан