Алаш үні

Тіл мамандарынан Президентке ашық хат!

  • https://m.azh.kz/

    https://m.azh.kz/

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты бұрын ұсынған ұлттық Әліпби жобасын қолдаушы ғалымдардың МӘЛІМДЕМЕСІ

 

Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

 

Хатымызды Өзіңізге шынайы ризашылығымызды білдіруден бастап отырмыз. Сіздің қазақ тілінің жаңа латын әліпбиін «тілші ғалымдары жетілдірсін» деген тапсырмаңызды &ndash әділ әрі мезгілінде айтылған шешім деп қабылдап отырмыз.

 

Ғалымдардың ортақ пікірі, Олжас Омарұлы жазғандай, соңғы отыз жыл ішінде еш өзгерместен академиктер Әбдуәлі Қайдари, Рәбиға Сыздық, Өмірзақ Айтбайұлы, профессорлар Әлімхан Жүнісбек, Ерден Қажыбек, сондай-ақ қазақ тіл ғылымының қарашаңырағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының, Әл-Фараби, Абай, Абылайхан, Дулати, Гумилев, Ясауи атындағы ұлттық университеттері мен Халықаралық түркі академиясы ғалымдарының монографияларында, конференция материалдарында, БАҚ беттерінде жарияланып келе жатқан келісімді шешімі болып табылады.

 

Ғалымдардың ортақ ұсынысы, түркітанушы-ақын Олжас Сүлейменов мақаласында көрсеткен, ортақтүркі әліпби нұсқасымен толық сәйкес келеді. «Бөлінгенді бөрі жейді» &ndash Қазақстанның түркібіріктіруші бейбітшіл саясат ұстанып келе жатқанын ескерсек, ортақ әліпби сол саясатты іске асырудың  ұтымды тетігі болып табылады. Ендеше бір атаның балаларындай түркілердің басын ыдырататын емес, басын ұйыстырып отыратын жазу керек. 

 

Төменде аттарымыз көрсетілген біз, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының бұрынғы ғылыми кеңес мүшелері, бөлім меңгерушілері, бас және аға ғылыми қызметкерлері, филология ғылымдарының докторлары мен  кандидаттары, өзіміздің және пікірлес өзге әріптестеріміздің атынан &ndash Олжас ағамыздың Қазақстан Республикасының Президенті өзіңізге ұсынған әліпби нұсқасын ғана қабылдаған жөн болар деп отырмыз.

 

Кезінде Тіл білімі институтында жүргенде өзіміз қолдап, қабылданған «ҰЛТТЫҚ ӘЛІПБИ» үлгісін қоса жолдап отырмыз.

 

 

Халықаралық атау-терминдер үшін Vv, Ff, Hh, Xx таңбаларын «Ұлттық әліпби» құрамына қосалқы топ ретінде енгізу жолы қарасытырылатын болады.

 

Аса қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы, өзіңізге шынайы құрметпен:

 

Жақында ғана арамыздан өткен академиктер:

 

Әбдуәлі Қайдар,

 

Рәбиға Сыздық,

 

Өмірзақ Айтбайұлының ұстанымын қолдаушылар:

 

Анар Салқынбай &ndash филология ғылымдарының докторы, профессор;

 

Қарлығаш Айдарбек &ndash филология ғылымдарының докторы, профессор м.а.;

 

Орынай Жұбаева &ndash филология ғылымдарының докторы, профессор;

 

Ботагөз Сүйерқұл &ndash филология ғылымдарының докторы, профессор м.а.;

 

Бижомарт Қапалбек &ndash филология ғылымдарының кандидаты;

 

Ерғали Есбосын &ndash филология ғылымдарының кандидаты;

 

Бауыржан Жонкеш &ndash филология ғылымдарының кандидаты;

 

Мейрамбек Таубалды &ndash РhD докторант

 

 

Abai.kz




Көрілген: 7715    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.11.2020, 15:22

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30