Алаш үні

Тіл мәселесі - кезек күттірмейтін мәселе!

  • https://abai.kz/

    https://abai.kz/

Мемлекеттік тіл тиісті тұғырына қонғанша, бұл мәселе күн тәртібінен түспейді!

 

Мемлекеттік тіл туралы заң қабылдау мәселесін «Ақ жол» партиясы ҚР Президенті жанындағы Ұлттық Кеңестің 2019 жылы өткен бірінші отырысында көтергені мәлім. Осынау ұсыныс бойынша қоғам талабына сай Мемлекеттік тіл туралы заң жобасы тұжырымдамасы жасалып, 2020 жылы Үкіметке жіберіліпті. Аталмыш заң тұжырымдамасының Үкіметте қозғаусыз жатқаны әрбірімізді алаңдататыны анық.

 

Бұрын туған тілін білмесе де, биліктің тізгінін ұстағандардың тірлігіне шыдау мүмкін болса, қазіргідей геосаяси жағдайда қол қусырып отыру қауіпке бас тігумен бірдей.

 

Қазақтың ұлан байтақ жеріне көрші мемлекеттердің көз тігіп отырған осындай кезде іргемізді бекемдей түсуіміз қажет. Көршіміз Қытайдың Балқашқа дейінгі жерлерді өздерінің жерлері деп оқытуы бізді ойландыруы тиіс. Біз қазір олардың «еркеліктерін» көтере берсек, мемлекетімізге өз қолымызбен қауіп төндіреміз. Сондықтан да біз қазақ тіліне деген қарсылыққа бұдан былай төзе алмаймыз. Нақтырақ айтсақ, бір тіл &ndash бір мемлекет болуы керек. Қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналуы керектігін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шегелеп тұрып тектен текке айтқан жоқ. Енді осы бағытта нақтылы істер атқарылатынына сенімдіміз.

 

Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін заң жүзінде жеке дара анықтауды жүрегі елім деп соққан әрбір азамат қалайтыны сөзсіз. Қазақ тілін қолдап, «Қазақ үні» ұлттық порталында 130 мыңға жуық қол жиналуы ел Тәуелсіздігінің отыз жылдығындағы тарихи жағдай десек асыра айтқандық емес.

 

Бұл қазақ тілінің мәртебесі кезек күттірмейтін мәселе екендігін көрсетіп тұр. Мәжіліс депутаты Қазыбек Исаның «Ақ жол» партиясының фракциясы атынан қойған осынау ел үшін аса маңызды талабы халық болып жаппай қолдауды қажет етеді. Қазақ тілі өзінің тиісті тұғырына қонғанша, біз бұл мәселені күн тәртібінен түсірмеуіміз тиіс.

 

Сондай-ақ, мен халық қалаулыларының арасында ұлтқа жаны ашитын елдің бірден-бір азаматы деп Қазыбек Исаны танитындықтан, ендігі жерде еліміздегі мемлекеттік мектептердегі барлық бастауыш сынып оқушыларына сабақ тек ғана қазақ тілінде өткізілуін талап етсе деген ұсынысым бар. Бұл қазақ тілінің абыройын одан әрі асқақтатуға бағытталған жол.

 

Өзім тұрып жатқан Керекуде мемлекеттік тіліміз &ndash қазақ тілінде таза қызмет көрсететін мекеме жоқтың қасы. Ол үшін полиция қызметіне жүгініп, тек ғана заң жүзінде талап етуіміз қажет. Бұл тұрғыда жергілікті биліктің көзбояушылық әрекеттеріне жиі тап боламын. Мұны әлеуметтік желілерде айтып та, жазып та жүрмін. Өзімді қолдаушы халқым барда қазақ тілі үшін күресе беретінімді тағы да айта кеткім келеді.

 

 

Руза Бейсенбайтегі

Abai.kz




Көрілген: 3923    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 08.02.2021, 17:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30