Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Тоқтар Жақаш Балғынбек Имаш туралы: Құдайды да алдауға пейіл!

13 тамыз 2021, 13:13

"Бұлар өлсе де вакцина салдырмайды. Оны төбеңдегі шашыңдай көре бер!", - деп жазды ол. Белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имашев сұхбаттарының бірінде вакцина салдырмайтынын айтып, кейін вакцина салғанын айтқан болатын.

Айтыскер ақынның бұл ісін журналист Тоқтар Жақаш сынға алды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Осысы бар, Бекасы бар, Мухасы бар - бұл жамағат елді түгел ақымақ көреді! Бюджеттен ұрлап-жырлап алып жатқан миллиардтардан айырылып қалмау үшін бұлар Құдайды да алдауға пейіл! Бұлар өлсе де вакцина салдырмайды. Оны төбеңдегі шашыңдай көре бер!", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.

Ал Балғынбек Имаш белгілі сайтқа сұхбат беріп, вакцина алғанын хабарлады.

"Өзім вакцина салдырдым. Мен вакцинаға қарсы емеспін. Тек мәжбүрлеуге қарсымын. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей", - деді ол.