Алаш үні

Ту туралы түйткіл

  • Ту туралы түйткіл

    Ту туралы түйткіл

Жақында Президент ұлт­тық рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарауды тапсырды. Өйткені қазіргі заң­да белгілі бір шек­теулер бар. «Мысалы, пәтер­лердің бал­конына немесе үйлердің қа­бырғасына Ту ілуге тыйым са­лынған&hellip Парла­менттің бірқатар депутаты мен пат­риот азаматтардың Қа­зақ­станның мемлекеттік Туын кеңінен қолдану туралы ұсы­нысын қолдаймын», &ndash деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы орайда Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік рә­міздерін пайдалану, орнату, орна­ластыру ере­жесіне назар аударайық.

«Жеке және заңды тұлғалар Қа­зақстан Республикасының мем­лекеттік Туын патриоттық сезімін білдіру, қазақстандық бірегейлікті, көпшілік іс-шаралар және жеке іс-әрекеттер аясында елдің, оның аза­маттарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, оның көлеміне қа­рамастан, ұлттық стандартқа сәйкес келуі тиіс. Жеке және заңды тұлға­лардың Қазақстан Респуб­ликасының Мемлекеттік Туын ұлттық стан­дарт­тардың талаптарын бұза отырып пайдалануына жол берілмейді. Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Рес­публикасының Мемлекеттік Туын қорлау нысанасы ретінде пайдалана алмайды».

Президент «Самал желдің» екі елге де пайдалы екенін айтты
Туың биік, мәртебең жоғары болсын Қазақстан!
Екінші қолмен ел билеу &ndash заман талабы
 
Бір қызығы, мұндағы «қорлау» сөзі заң тұрғысынан анықталмаған. Демек, шенеуніктер оны өз қалауына қарай оңды-солды пайдалана береді деген сөз. Мәселен, 2015 жылы ас­таналық Жандос Құрманбаев туды балконына ілгені үшін жауапқа тартылды. По­лицейлер әкімшілік хаттама тол­тырып, 400 мың теңгедей айыппұл салған. Ал туды заттай айғақ деп тәркілеген. Геннадий Го­ловкиннің жеңісіне қуанып, көк байрақты балконнан желбіреткен азамат бұл шешіммен келіспей, адвокат жал­дады. «Өз елімнің патриотымын, бірақ биліктің мына әрекетінен кейін тіпті елден кетіп қалғым келеді», &ndash деп ашынды. Желіде ‪#меніңбайрағым #этомойфлаг хэштегімен қарсылық акциясы жүріп өтті. Ақыры Жоғарғы сот­тың ұйға­рымымен әкімшілік хат­таманың күші жойылды.

Жалпы, заңда туға қатысты түйт­кіл баршылық. Үкімет ережесінде «Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын патриоттық сезімін білдіру үшін қолдана алады» делінсе, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 418-бабында «Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының мем­лекеттік Елтаңбасын Қазақстан Республикасының мемлекеттік ны­шандар туралы заңнамасын бұза оты­рып пайдалану (орнату, орна­ластыру) ескерту жасауға немесе айыппұл салуға әкеп соғады» деп жазылған. Яғни, нақтылық жоқ. Бір-біріне қарама-қайшы екі құжаттың кесірінен қарапайым халық түгіл заңгерлердің өзі де не істеп, не қою керегін білмейді. Президенттің жаңағы пәрменін орындағанда ше­неуніктер осыны ескерсе екен. Әйт­песе, жазықсыз жазалаулар әлі де жалғасады. Оған мысалдар жетеді. Айталық, 2012 жылғы қыркүйекте Атырау тұрғыны көлігінің алдына Қазақстан туын орнатамын деп опық жеді. Прокурордың сөзіне сенсек, әлгі адам лас капотына жалауды қалай болса солай жапсырған екен. Ал 2017 жылы қазан айында қы­зылордалық Сұлтан Тумашинов «патриоттығым үшін істі болдым» деп шағымданды. Мемлекеттік Туды терезесінің алдына ілді деп айып­талған азаматқа 453 мың теңге айып­пұл салынған.

Тізе берсек, мұндай мысалдар жетіп артылады. Әрине, бәрі бірдей сүттен ақ, судан таза демейміз. Көк байрақты көпе-көрнеу қорлағандар да көп. Мәселен, 2010 жылы қыр­күйекте Тараздағы Абай атындағы гуманитарлық колледжде, сенбілікте тумен қоқыс тасып жүрген екі сту­денттің абыройсыз тірлігі желіде қатт­ы талқыланды. Оларға қандай да бір шара қолданылғанын естімедік.

Сол жылы желтоқсанда Талды­қорғанның мамандандырылған ай­мақаралық әкімшілік сотында тудан шырша ойыншықтарына арналған қап тігіп, сатылымға шығарған «Жигули» компаниясының мәселесі қаралды.

2012 жылдың наурызында Нұр-Сұлтан қаласындағы Бас про­ку­ратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төбесінде жырымдалған жыртық ту бірнеше күн ілініп тұрды. Аталған мекеме кешірім сұрауға да жарамады. Тізбелей берсек, мұндай мысал аз емес.

Мемлекеттік рәміздер &ndash көркем бейнелердің жиынтығы ғана емес, ұлт тұтастығының кепілі, тәуелсіздіктің айқын нышаны. Баяғыда «Ту тігілді» деген хабар құлағына тиген бетте бес қаруын сайлап, атқа қонған көш­пелілер тез арада сол тудың түбінен табылған. «Бөрілі байрақ көтерсе, қозып кетер қайдағым», &ndash деген Сүйінбай сүлейдің «қайда­ғысын» қайнаған намысы деп қабылдау қажет.

Бірақ қастерлеудің жөні осы екен деп асыра сілтеуге тағы бол­майды. Дамыған әлемде туды пайдалануға біздегідей мемлекет монополиясы жоқ. Мәселен, АҚШ тұрғындары туды үйінің төбесіне қадап, жатын бөлмесінің қабыр­ғасына іліп қояды.

Экс-депутат Амангелді Айталы да Швецияда әр үйдің балконында сол елдің жалауы желбіреп тұратынын айтқан. «Анықтап сұрағанымда тудың ілінуі әлгі үйде маңызды бір­деңе болады немесе сәби дүниеге келді дегенді білдіреді екен. Бұл &ndash әрине, жақсы үрдіс. Патриоттық тәрбиеде бізге де осындай тәжірибе керек шығар», &ndash дейді ғалым.

Бірақ солай екен деп шетелде жөннен кетіп, жосықтан асуға жол жоқ. Мысалы, Израильде мемлекеттік Туды қорлаған адам үш жылға қа­малып, 60 мың шекел айыппұл тө­лейді. АҚШ президенті Дональд Трамп жаздағы ереуіл кезінде «Кімде-кім Америка туын өртесе, міндетті түрде бір жылға бас бостандығынан айырылуы керек» деп айбат шеккен. Испанияда әзілкеш Даниэль Матео бағдарлама барысында мемлекеттік Тумен мұрнын сүртіп, үстінен қыл­мыстық іс қозғалды. Молдовада байрақпен қоқыс тасыған көше сыпырушылар бір жылға сотталған. Ұлыбританияда Pink Floyd тобының гитаристі Дэвид Гилмор туға сүйенгені үшін жазаланған. Ол-ол ма, 1862 жылы Американың Жаңа Орлеан штатында туды отқа ораған Уильям Мамфорд деген азамат өлім жазасына кесіліпті.

Сонымен, Қасым-Жомарт Ке­мелұлы тапсырма берді. Бас­шының қас-қабағын күн райын бақ­қан күнбағыстай аңдитын шенділер іске кірісіп те кеткен шығар. Енді Мә­жіліс депутаттары заңға өзгеріс енгізіп, Сенатқа жолдауы керек. Оған През­и­дент қол қойса, көк бай­рақтың көптігіне көзіміз сүйінетін кез алыс емес.

Еркебұлан НҰРЕКЕШ

aikyn.kz




Көрілген: 7270    Пікірлер: 0

сенбі, 31.10.2020, 10:38

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 13:38
    Кремльдегі жайнамаз
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30