Алаш үні

Туған жерге деген сағынышын баса алмаған тұлпардың күйі күйзеліске түсті

  • Туған жерге деген сағынышын баса алмаған тұлпардың күйі күйзеліске түсті

    Туған жерге деген сағынышын баса алмаған тұлпардың күйі күйзеліске түсті

Бұл – теңіздің арғы бетінде болған оқиға. Оны жеткізген Құлан ауылының тұрғыны, атбегі Мейілбек Бегазиев еді. Екі қазақ жігіті сексенінші жылдары Америкаға жұмыс сапарымен барса керек. Содан кафеге тоқтап тамақтанып, темекі тартып тұрады.

Кафемен іргелес бір фермердің ат қорасы бар екен, кенет ішінен бір тұлпар тулап, кісіней береді. – Мынаған не болды? – дейді де, олар қораға жақындайды.
Бұлар жақындаған сайын тұлпар тыпырлап, бас жібін тартқылып ынтыға түсті. Есікке тесіле қарап, қонағын ұзақ күткен кісіше елеңдейді жарықтық. Жігіттер жақындап, маңдайына сипап еді, момақан бола қалды. Сөйтіп тұлпар тұмсығын бұрып, жігіттердің қолы мен жеңінен иіскей берді. Иіскей түсіп, сәлем беруге иілген келіндей басын төмен салды. Осы сәтте жылқының жанарынан жас парлап кетті. Мына жағдайға түсінбей абдырап қалған олар дереу кетпек болды. Ат тағы тулап кетті. Осы кезде фермер де келе қалды. – Сіздер мұнда қайдан жүрсіздер? Жылқыға не істеп қойдыңыздар? – деді де, жөн сұрасты. – Қазақстаннанбыз. Мына жылқы оқыс қылық көрсетіп жатқан соң көргіміз келді. Бар-жоғы осы ғана, – деді жігіттер. – Түсінікті, – деді фермер, – тұлпар Луговой жылқы зауытынан сатып алынған. Жерлестерін танып тұрған ғой!
О, тоба десеңші, қазақша сөзге еліп, туған жерге деген сағынышын баса алмаған тұлпардың күйі күйзеліске түсті. Сезімтал жарықтық-ай, неткен киелі едің! Мұңға толы бір тамшы жас жігіттердің де жүрегін елжіретіп жіберді.

 Абдильдина Гүлнардың  www.facebook.com парақшасынан алынды 




Көрілген: 6228    Пікірлер: 0

жексенбі, 06.09.2020, 22:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...
    5 Қаңтар, 00:04
    Асық ату архаизм бе?
    18 Желтоқсан 2020
    Қыздардың көз жасы
    31 Қазан 2020
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан 2020
    Ақылдың кені
    21 Қыркүйек 2020
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек 2020
    Ташкентте болған той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31