Алаш үні

Түрік сарапшылары: Қазақстан – түркі халықтарының тарихи мекені

  • © 24.kz

    © 24.kz

Қазақстан – түркі халықтарының тарихи мекені. Сондықтан ата жұртты рухани орталыққа айналдыруымыз керек.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына қатысты пікір білдірген түрік сарапшылары осылай деп отыр.


Олардың айтуынша, құнды құжаттағы тапсырмаларды орындауға тек қазақ халқы емес, тұтас түркі жұрты атсалысуы тиіс. Хулия Ченгелдің Түріктің белді арнасына берген бұл сұхбаты әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.


Түркиялық ғалым Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» мотиві кезінде түркі әлеміне рух бергенін айтып, түбі бір туыстас елдердің тарихына ерекше тоқталғаны белгілі. Профессор түркі жұртының мәдениеті мен мемлекет басқаруының негізі қазіргі қазақ жерінде қаланғанын атап өтті.


Қазақстан болашақта тұтас түркінің мәдени және рухани орталығына айналатыны сөзсіз. Өйткені Нұрсұлтан Назарбаев өз бағдарламасында нақты дерек пен дәйек келтіріп, тың тапсырмалар жүктеді.


Хулия Ченгел, Түркият зерттеу орталығының директоры:


– Түркі әлемінің, түркі халықтарының тарих сахнасына шыққан жері – Алтай. Түркі жұрты Оңтүстік Алтайдан шығып, Өтукенге тараған. Гобиден бастап, батыс солтүстік, шығыс оңтүстіктен Батыс Сібірге тараған. Ергеноконның шыққан жері – Алтай. Қазақстан Қытай, Моңғолия, Ресеймен бірге Алтайдың шекарасында.


Ғалымдармен қатар түріктің белсенді жастары да қазақ басшысының мақаласына қолдау көрсетуге дайын. Өскелең ұрпақтың айтуынша, ортақ тарихқа негізделген қарым-қатынас туыстас елдерді одан әрі біріктіріп, рухани жақындастыра түседі.


Гани Левент Байдыр, Ұлтшылдар қозғалысы партиясының жастар қанатының төрағасы:


– Қазақстан президенті – түркі дүниесінің ақсақалы Нұрсұлтан Назарбаевтың жариялаған мақаласы біз үшін өте маңызды. Анадолы халқы өзінің ата жұртының Алтай екенін ешқашан ұмытқан емес. Түрік жастары ретінде, мақалаға өзіміздің үлесімізді қосуға дайынбыз. Себебі бұл үдеріс тек ғана қазақтар тән емес. Түркі халықтарының да ортақ мұрасы екенін ұмытпағанымыз жөн.


Елбасы мақаласының жарияланған күнінен бастап Түрік елінде қызу талқыға түсті. Бағдарламалық мақала аясында, ТҮРКСОЙ, Түркі Кеңесі, жоғарғы оқу орындары мен зерттеу орталықтарының ғалымдары арнайы жобалар жасап, еліміздің мәдениет министрлігіне ұсыныс білдірді.


24.kz


 




Көрілген: 1403    Пікірлер: 0

сенбі, 02.02.2019, 14:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31