Алаш үні

Түркия қазақтары саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды

  • https://www.inform.kz/

    https://www.inform.kz/

Кеше Ыстанбұлда жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері XX ғасырда Қазақстанда болған саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарын еске алды. Марқұмдардың рухтарына Құран бағышталып, дұға оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Ыстанбұлдағы Қожа Ахмет Яссауи атындағы орталықта өткен жиынға Түркия қазақтарының ақсақалдары мен белді өкілдері қатысты.

 

Жиында сөз сөйлеген Қазақстанның Ыстанбұлдағы Бас консулы Әлім Байел әділеттілік пен адамгершілік үшін және ұлттық сананы бекіту мақсатында қазақ халқының басынан өткен зұлматтың толықтай зерделеніп, тиісті саяси және құқықтық бағасын алу қажеттігін айтты.

 

Зұлмат жылдарында миллиондаған қазақтың ашаршылықтан көз жұмғаны, атажұрттан сыртқа көшіп, саяси репрессияға ұшырағаны белгілі.

 

Ұлттың шоқтығы биік көш бастар азаматтарының қандықол жүйе тарапынан қырғынға ұшыратылуы – өз алдына үлкен қасірет.

 

Бұдан бөлек, сол кезеңде қазақ жеріне тұтас халықтардың жер аударылғаны белгілі. Зорлық-зобалаңнан есін жия алмай жатқанына қарамастан, қазақ халқы сол кезде өз даласына айдалған барша ұлыстарды бауырына басты.

 

 

 




Көрілген: 1648    Пікірлер: 0

сейсенбі, 01.06.2021, 08:44

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31