Алаш үні

Түркиядағы алаңға Абай есімі берілді

  • Түркиядағы алаңға Абай есімі берілді

    Түркиядағы алаңға Абай есімі берілді

Наурыз мейрамы қарсаңында Ыстамбұлдағы алаңға Абай Құнанбайұлының есімі беріліп, ескерткіші бой көтерді, деп жазды 24.kz.

Ұлы ақынның есімі берілгенге дейін бұл алаң «Иста-сион мейданы» деп аталыпты. Тап осы алаңда мегаполистің Еуропа мен Азия құрлығын жалғайтын Мармарай темір жолы бекеті орналасқан. Мұндай игі шараға Зейтинбурну ауданының таңдалуы бекер емес. Себебі Түркиядағы қандастарымыздың дені дәл осы жерде өмір сүреді. 

Күллі түркіге ортақ Наурыз мейрамы қарсаңында өткен шараға жергілікті тұрғындар дән риза. Өйткені мұндай іс-шаралар пандемияға байланысты бірнеше айдан бері тоқтатылған. Дегенмен, Қазақстан үшін арнайы рұқсат шығыпты.

Түркия мен Қазақстан бауырлас мемлекеттер. Әлемді мойындатқан ойшылдың есімін осында мәңгілік сақтау орынды шешім болды. Қос тарап та мұның жүзеге асуы үшін көп еңбек етті. Абай алаңының Зейтунбурнунда ашылуы бауырластықтың нышаны. Бұл нышан ғасырлар бойы сақталатынына сенімдіміз. Қазақстан мен қазақ бауырларыма сәлем жолдаймын, - деді қала мэрі  Экрем Имамоғлы.
 

Іс-шараға ҚР Премьер-министрінің орынбасары Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Ыстанбұл мэрі Екрем Имамоғлу, ҚР Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, қала тұрғындары мен қазақ диаспорасы қатысты.


BAQ.KZ




Көрілген: 1692    Пікірлер: 0

сенбі, 20.03.2021, 19:01

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31