Алаш үні

Түркістанның мектебі - Түркістанның "түрмесі"

  • Түркістанның мектебі - Түркістанның

    Түркістанның мектебі - Түркістанның "түрмесі"

"Түркістан- екі дүние есігі ғой, Түркістан-ер түріктің бесігі ғой, Тамаша Түркістандай жерде тұрған, Түріктің тәңірі берген несібі ғой" деп жырлаған Мағжанның Түркістаны бір кездегі Тұран жері, Тұран елі болғанмен бүгінде соның бір жұрнағы һәм соның жүрегі болып қалған Түркістан қаласы еді. Түркістанның қасиеті сол ол бейне бір түркі әлемін алып бір бәйтерек дейтін болсақ Түркістан сол алып бейтеректің діңгегі, тамыры іспеттес еді. Османлы түркілері осы жерден, осы қаладан жырақ кетіп алып мемлекет құрса да, әлемді дүр сілкіндіріп, Еуропаны тізе бүктірсе де әлі күнге дейін сол Түркістанды "Ата жұртым" деп өздері сол жердің қай жақта екенін білмесе де жүректері бүлкілдейді де тұрады. Өйткені ата-бабалары қолы жете алмай жеткен жер еді. Атадан балаға, баладан ұрпаққа сол армандары, сол сағыныштары жалғасып келген еді. Сол жерде жатқан Бабаның зәулім кесенесін көру олар үшін бейне бір Бабаны тірі көрумен бірдей еді.

Енді міне сол арманы орындалғандай күн туып Түркістан күллі түркі жұртының "РУХАНИ АСТАНАСЫ" атанып Станбул мен Түркістанға қазірден әуе жолы ашылып қойып еді. Көп ұзамай әуе жайы да ашылып бір кездері түйемен, атпен кеткендер енді ата-бабаларының бір уыс топырағына зар болған жерлеріне тікелей алып ұшақпен келетін еді. Олар бір кездері қалып қойып, сол киелі жерді қорғап отырған бауырларын көретін еді. Бірақ келіп еді бәрі де басқаша болып шықты. Совет жүйесі Бабадан жұрнақ та қалдырмаған. Кесенені аяқ асты еткен, айналасында арақ ішіп, шарап ішіп үйленіп той тойлаған жастар. Бір кездері сопылықты ұстанып, Бабаның Хикмет жырын жаттағандар енді бұл күндері "Қырық кепе" (ремзауыт), "Жолдың асты", "ТГЖД", "Город", "Коммунзм" болып бөліінп әркім өзінің Совет түрмесінен қалған "жаргондарды" жаттаған, бірін-бірін аяққа таптаған адамдарға тап болған. Әсіресе МЕКТЕП бейне бір бір кездері Түркістанда болған түрменің жүйесін ұстанған. Сол бір-бірін аяққа таптаған жас балаларды қуалап келетін болсаң олардың бір-біріне туысқан болып келмек. Ағайын болып келмек. Сөйте тұра мектеп ішінде жікке бөлініп әлсізді қояндай езіп, қорқау жастар жыртқыш аңдай талаған. Одан қалса ауыл ауыл болып бөлініп тағыдай бірін талап, ар намыстарын аяққа таптаған. Атаға қарап ұл өсер, анаға қарап қыз өсер дегендей жастары осындай болса онда үлкендерінен күмәніңді көбейте бер. Бүгін обылыс болып осылай болып отырса кешегі қала болып тұрғандағы халін сіз есептей беріңіз. Совет жүйесіндегі түрме жүйесіндегідей мектеп ішінде "обшигтар" құрылған. Соған жиналған ақшалар, қаражаттар. Мектепте кім мүбарак, кім Бабасына тартқан жуас, сопы болса ол үшін өмір өмір емес. Басы салбырап мектепке кетеді бармаса әке шешесі ұрсады одан қалса мұғалімдері ұрсады. Барса халі анау "пахандардың" қоқан лоққысы. Сол "пахандардың" да күні негізінде күн емес. Басқа ауылдың күштілері кейде бұларды ұрлап әкетеді де бұрын соңды адам жасамаған қылықтар жасайды.

Бұрынғы кезде жігіттік деген болатын. Залым да болса жігіт болып сөзінде тұратын әлсізге жабылмайтын. Бірге бір болатын. Намыс болатын. Бұл күнде ол бағыда жылы жаққа ұшып кетіп жігіттіктің орнына "борпылдақтық" "ездік" пайда болған. " "А, мы пойдем на север", "А, мы пойдем на северлер" "билікке" келген. Өз бауырын, өз қазағын, өз туысқанын жемдей жейтіндер пайда болған. Түймебайлар түймелерді "түйме" деп менсінбей "Түйелерді" ғана көретін болған.

Бір рудың мүшесі бір теріс қылық жасаса өзіне ғана емес ол сол руына да күйе жақпақ. Рудың Ақсақалын да қараламақ. Ендеше Түркістан енді Мағжан айтқандай "тамаша" емес көрмеген адамның да қорқынышты түсіне айналғандай. Рухани жаңғырам деп көшіп барсаң мектептен балаң қаңғырып қайтатын болады. Сол жерге барсаң балаң үшін барасың, балаң қаңғырса несіне барасың? Өз жерің болса да ащы шындық бүгінде осы. Сана тұтастай теріс айналып кеткендей. Балалардың жүректеріне тұтастай төңкеріліс жасау керек.

Әкім мырза! Түрістанды көп зәулім үйлер салып жаңғыртам деп әуре болмай-ақ қойыңыз. Сіз мықты болсаңыз әр бір мектептің партасына өзіңіз отырып, әр баламен өзіңіз тілдесіңіз. Жастардың санасын өзгертіңіз. Түркістанда ұрпақ аз қалса ұмытылуға аз қалған...

Әлқисса осының бәріне куә болған әлгі "Ата жұртым" деп келгендер қайта ұшағына мініп зар жылап, сеңдей соғылып шок болып, ұшағына мініп сағынышын баса алмай ұшып кеткен деседі.


Мұхиддин Исаұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1155    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.01.2019, 11:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    12 Желтоқсан, 17:55
    Желтоқсанның батырлары
    6 Қараша, 15:30
    ҚАЗАҚ ҚҰЛ БОЛМАҒАН…
    28 Қазан, 12:48
    УӘДЕ ДЕГЕН НЕ?
    19 Қыркүйек, 16:41
    Абай іздеген ұлт бақыты...
    4 Қыркүйек, 11:47
    Г.Бельгер: "Оян, қазақ!"

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31