Алаш үні

Ұлттық кеңеске айтары бар азаматтар енуі керек - Марат Бәшімов

  • © ҚазАқпарат

    © ҚазАқпарат

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қарым-қатынас механизмінің негізін қалайды. Мұндай ойды белгілі саясаткер Марат Бәшімов білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөйлеген сөзінде ең басты екпін - Үшінші жаңғыртуды жалғастыруға беріліп отыр. Бұл ретте әлеуметтік саясатқа баса назар аудару қажет. Әлеуметтік саясат министрліктерге есеп беріп отырған көрсеткіштермен шектеліп қалмай, адам өмірінің жақсарғанын көрсетуі тиіс. Бұл - мүлде басқа стандарттар. Екінші - жауапкершілік. Кез келген шенеунік Президент айтқандай, халық алдында жауапты екенін түсінуі тиіс. Үшіншіден, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастағы жауапкершілікті сезіне білген абзал. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі азаматтық қоғам мен жастардың белсенді қызметі енгізілетін өзара іс-қимылдың тетігін жасауы тиіс», - деді Марат Бәшімов.


Оның пікіріне сүйенсек, кеңес құрамына тәуелсіз ойы бар, пайымы жоғары және билікке өз идеяларын құқықтық, конструктивті тұрғыда жеткізе алатын адамдар кіруі тиіс.


Марат Бәшімов сондай-ақ, қазіргі таңда қоғамда сыбайлас жемқорлыққа алаңдаушылық бар екенін, ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы айтқанын еске салды.


Марат Бәшімов атап өткендей, қазіргі уақытта барлық әлеуметтік мәселелерді конструктивті түрде шешу қажет.


Сондықтан, қоғамның әртүрлі жік өкілдері мен мемлекет басшылары тең дәрежеде сөйлесе алатын диалог алаңын құру елдің одан әрі дамуы үшін өте маңызды. Қазақстанда құрылған ұлттық қоғамдық сенім кеңесі осы міндетті шешуге ықпал етеді.


 Еске сала кетсек, кеше Мемлекет басшысы ҚР Президенті жанынан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы Жарлыққа қол қойған болатын.


 




Көрілген: 904    Пікірлер: 0

бейсенбі, 13.06.2019, 18:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31