Қанаты бар қазақта арман бар ма,
Арман бар ма қазақта Қанат барда. (Ғалым Қалибекұлы)
* * *
Алтайымның қол созса шыңы аспанға,
Ұлдары да ұмтылған шын асқарға.
Заңғарыңнан қақың жоқ төмендеуге,
Ұлтының намысы үшін сынасқанда.
(Шүйіншілер жетсін сөз сұрасқанға)
Ұлтының дақ түсірмес ұлы атына,
Алты алаш тақым қысып тұр артыңда.
Күрзідей жұдырығың соққы болып,
Жаратқан қуат қоссын қуатыңа.
Сен едің - арлан Қанат, қыран Қанат,
Қалың ел қадамыңа тұрар қарап.
Баян Өлгей, Үрімжі, Іле менен,
Атырау- Алтай арасы ұрандамақ.
Өткіздім әр күнімді санап талай,
Бабына келді екен деп Қанат қандай.
Ұлтымның ерен туған оғланы,
Қазақты қара жерге қаратпағай.
Серік Әкірамұлы
(29.10. 2016)
(Жарқын Сәленұлының Фейсбуктегі парақшасынан алынды)