Алаш үні

«Ұрланған аймақтар» һәм үрей...

  • «Ұрланған аймақтар» һәм үрей...

    «Ұрланған аймақтар» һәм үрей...

Бұрынғы 15 одақтас республиканың алтауында Ресей 1989-2014 жылдар аралығында шартты және нақты «ұрланған аймақтар» ұғымын орнықтырды. Әрі ол жерлерде астыртын саяси және экономикалық шпионаж жүргізуден тайынған емес. Енді осы «ұрланған аймақтарға» не жататына көз жіберейік.


Молдоводағы – Тирасполь, Армения бауырына басқан Әзербайжандағы Қарабақ, Грузиядағы – Абхазия мен Оңтүстік Алания (Осетия), Украинадағы – Қырым мен Жаңароссия (Донбас және Луганск), шартты түрде Қазақстанның – Шығысы, Солтүстігі және Жетісуы.


Ал, орекеңдер Тәжікстандағы азаматтық соғысқа араласып, Таулы Бадахшанды жеке елге айналдырып, өз билігін жүргізуге тырысқанымен тұмсығы тасқа соғылды. Олар осы «ұрланған аймақтардың» ішінде Қазақстанның – Шығысы, Солтүстігі және Жетісуынан басқасын қайтарып, бұл орыс дипломатиясының ТМД кеңістігіндегі зор жетістігі деп айтудан жалықпай келеді.


Қазақ жеріне көзалартуды қитұрқыға салып, жеке тұлғалардың өздік көзқарасы деп түлкібұлаңдықпен үнемі көтеріп келеді. Әрі осылайша қазақққа кеткен бұлардың барлығы Ресей империясының құрамындағы жерлер деп жұрт санасына сіңірілуде. Бірақ қазақтар өздерінің де Өзбекстан, Түркіменстан және РФ мен Қытай аумағындағы «ұрланған аймақтары» бар екенін паш ете білді. Осы карта қазақтың әр үйінде тұрса біз көп нәрсе ұтар едік...


Грузия мен Украина «Ресей ұрланған» аймақтарын түрліше қайтарудың жолына түсті. Гүржілер бейбіт түрде әрекет етсе, кекілділер күшке салып жатыр. Екі елде де «Тартып алынған жерлер туралы» Заң бар. Әрі онда тұрып жатқан қарапайым тұрғындардың қолында екі елдің де төлқұжаттары бар. Біздің еліміздің аталған аймақтарында ресейшіл «ұйқыдағы тыңшылар» (бұрынғы КГБ қазіргі ФСБ салпаңқұлақтары) әлі қалғуда олар оянса, орын алатын дүниенің бетін ары қылсын.


Ресей БАҚ Украина мен Грузияға қатысты «Гүржі пышағын артына жасырса, Хохол қанжарын беліне байлауда» деп байбалам салып келеді. Қазақтар жайлы айтпай-ақ қоялық.


Украина ядролық қарудан біз сияқты бас тартып, ел тұтастығына кепіл берілген еді. Арты не болды? Қазақты қорқытатын бір үрей – ділге бөлінген қосділділік. Бір ділділікке қол жеткізуге билік 2014 жылы ғана кірісті. «Рухани жаңғыру» сияқты бағдарламалар өмірге келді. Ел Үкіметінің осы қадамының бағы ашылысын дейік!


Әбіл-Серік Әлиакпар


Abai.kz




Көрілген: 740    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.01.2019, 16:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Қаңтар, 22:28
    «МЕНІҢ ЖӘНІБЕГІМ!»

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30