Алаш үні

"Верныйдан бұрын солай аталған": Желіде Алматы қаласының атауына байланысты тарихи құжат пайда болды

  • Фото: Максим Золотухин

    Фото: Максим Золотухин

Белгілі тарихшы, ғалым Рашид Оразов Facebook парақшасына желіде дау тудырған Алматы қаласының атауына байланысты тарихи құжатты жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

 

Рашид Оразов орыс ғалымы, академик Василий Бартольдтың Алматы атауына қатысты тұжырымын дәлел ретінде келтірді. Онда орыс тарихшысы Алматы сөзіне талдау жасап, оның шығу тегіне кеңірек тоқталған.

 

"Алматы - түркі немесе түрік тіліндегі "алма" сөзінен шыққан, ал -ты немесе -ту жұрнағы моңғол немесе түрік құрылымдарында кездеседі және Алматы сөзі моңғол кезеңіне дейін болмаған; ХІV ғасырдан бастап жиі кездеседі, әлбетте бұл сөз алмасы көп жерге байланысты қойылған атау. "Верный" деп аталған орыс қаласы пайда болмай тұрып (бастапқыда Верный бекінісі), елдімекен (қала болмай тұрып) "Алматы" деп аталған. Жергілікті халық "Верный" қаласын ауызекі тілде де, жазбаша тілде де дәл солай атаған", - деп жазылған тарихи құжатта.

 

Тарихшы Алматы қаласын "Алма-Ата" деп атауды ұсынған Олжас Сүлейменовтің ойын осылайша жоққа шығарып отыр.

 

Сондай-ақ, жария болған Бартольдтің жазбасында Алма-Ата сөзіне де түсініктеме берілген. "Алма-Ата" сөзін орыс тарихшысы революциядан кейінгі кезеңде қолданылған халық этимологиясы деп атады.

 

"Өйткені көпшілігі ты- және ту- жұрнақтарының мағынасын әлбетте білмеген, сондықтан "Алматы" сөзінде қате бар деп түсінген. Ал географиялық атауларда "ата" сөзінің кездесуі әрдайым сол мекенде әулиелердің, киелі адамдардың жерленгенін білдірген, ал мұнда ол жоқ", - делінген тарихи құжатта.

 

Бартольдт қол қойған құжат 1927 жылы жазылған.

 

Айта кетейік, ақын Олжас Сүлейменов Алматының атауын "Алма-Ата" деп ауыстыруды ұсынған болатын. Желіде оған қатысты дау туып, көпшілік қарсы пікір білдірді.

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 2635    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 29.09.2021, 18:55

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Қазан, 08:25
    Шыңғыстаудың Шәкірі
    30 Қыркүйек, 19:29
    Тұран Одағын құру керек!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31