Алаш үні

Заманбек Мақпалға тегін үйленген жоқ

  • Заманбек Мақпалға тегін үйленген жоқ

    Заманбек Мақпалға тегін үйленген жоқ

Көрнекті ақын, драматург, сазгер Исраил Сапарбайдың «Жаңа Алаш» ютуб арнасы берген сұхбаты қаламгер өмірінің тағдырлы сәттерінен тұрады. Алғашқы жинағы «Аққу арманның» кешігіп шығу тарихы, Бейбіт Сейдуалиева орындайтын «Ностальгия» әнінің үлкен конкурстағы тағдыры көрермен ықыласын тудыратыны анық.

- Бейбіт Сейдуалиева орындайтын «Ностальгия» әні сіздің әндеріңіздің ішіндегі бөлекше шығарма. Осы әннің тарихы қалай, аға?

- Бір кездері Алматы облысының әкімі болған Заманбек Нұрқаділов ән конкурсын ұйымдастырды. Оның азаматтығы сол. Ол Мақпалға тегін үйленіп жүрген жоқ. Өзі де сахнаға шыққан. Өнерге жақын адам. Трагедиялы фигура. Мақпалға үйленбестен бұрын оның бойында бар екен өнер. Жігітке жеті өнер де аз деген. Ол бәйге жабық болды. Музыканың жеті-сегіз жанры бойынша үлкен сайыс болды. Жүлдесі қомақта еді. Екі мыңнан астам ән түсіпті, соның тоғыз жүз тоқсанын алғашқы сүзгіден өткізіп, қазыларға ұсынды. Бір күні мені шақырып, қазылар алқасының мүшесі боласыз деді. «Бұрын қазылар бәйгеге қатыспайтын. Бірақ сіздер бұл бәйгеге қатысыңыздар. Сіздерсіз қалай болады?», &ndash деді Заманбек.

Қазылар алқасында жиырма шақты адам болды. Төрағамыз Еркеғали Рахмадиев. Ескендір Хасанғалиев, Кеңес Дүйсекеев, Бейбіт Оралұлы тағы басқалары бар. Бір-бірімізге айтқан жоқпыз бәріміз қатыстық.

Мен төрт әнмен қатыстым. Ескендір Хасанғалиев 5-6 әнмен, Кеңес Дүйсеккев 4-5 әнмен, Дәлденбай 6 әнмен қатысыпты. Бірақ ешқайсымыз білмейміз.

Ұзын ырғасы бір жарым ай отырдық. Таңғы оннан бастап, кешкі төрт-беске дейін отырамыз. Жалықтық. Өзіңнің әнің орындалған кезде айта алмайсың, ішіңнен тынасың. Әбден жалыққан соң, кей әндердің бірінші шумағын ғана тыңдап, тоқтатамыз. «Ностальгия» лирикалық ән ретінде қатысқан. Орындалып жатыр. Бір кезде Еркеғали ағамыз, бірінші шумағы орындалған соң, тоқтатты. «О, атының өзі оригинальный екен» екен деді. Әннің тағдыры адамның тағдыры сияқты екен. Жарым жартыкеш боп қалды ғой деп ойладым. Бір уақытта Кеңес Дүйсекеев: «Ераға, бұл ностальгия ғой. Бұны бастан-аяқ тыңдау керек», &mdash деді. «Жарайды-жарайды, Кеңес айтса, тыңдаймыз» деп аяғына дейін тыңдады. Қуанып қалдым. Кейін осы ән лирикалық бағытта бірінші орын алды. Азаматтық бағыттағы тағы бір толғауымды («Елдік толғауы» деген) Тоқтар Серіков айтқан, ол да бірінші орын алды. Тағы бір әнім екінші орын алды. Бұндай бәйге бұдан кейін болған жоқ.

- Иә, қызық бәйге екен. Өзің қазы, өзің қатысушы.

- Иә. Жүлдесі де қомақты боп, ақын, сазгерлер жарып қалды. Бұл Шәмшінің серендасы сияқты көктен түскен ән.

- Кімге арнадыңыз?

- Бұл әнді бәленшегүлге арнадым деп айта алмаймын. Қазақ қыздарының ішкі дүниесін ақындардай ешкім түсінбейді. Соны айтқым келді.

- Өзбекстандағы елшілікте жұмыс істедім дедіңіз. Сізге бұл жұмысты кім ұсынды? Неге Өзбекстанға бардыңыз?

- Өзбекстан өзімнің туған жерім ғой. Самарқанд уәлаятында туғанмын. Ашаршылық кезінде біздің аталарымыз Түркістаннан Самарқандқа өткен. Неге сол жерге барғанын әлі күне дейін білмейміз. Сонда тудым, әкем сонда қалды. Шешем 32 жасында төрт баласымен жесір қалған. Кейін Мырзашөлге келіп қоныстандық. Түркістанға жете алған жоқпыз.

Өзбек тілін жақсы білемін. Үш том шығармалар аудардым. Сыртқы істер министрлігіне құжатымды өзім өткіздім. Ол кезде Қасым-Жомарт Тоқаев министр еді. Сегі ай жүріп қалдым. Аппаратта жұмыс істеу өте қиын. Бірақ көп тәжірибе алдым. Бір күні Қасекең шақырып алды.

«Исеке, қағаздың бәрін көрдім. Көп жұмыс істепсіз, көп тәжірибеңіз бар екен. Қай жерге барасыз сіздің еркіңіз. Америкаға барасыз ба, Батысқа барасыз ба, Шығысқа ма?», &mdash деді.

«Менің бұл жаққа келу себебім аппаратта жұмыс істеу емес еді. Бірақ рахмет. Сегіз ай жүріп қалдым. Америкаға бару үшін ағылшын тілін білуім керек. Оны білмеймін. Ал өзбекше өте жақсы білемін. Мінездерін де, менталитетін де білемін. Сол жаққа барайын», &mdash дедім. «Ондай болса, тіпті, жақсы» деп мені сонда жіберді. Бірақ елшімен арамызда конфликті болып, үш жыл жұмыс істей алмадым. Бір жарым жылда қайтып кеттім.

- Ол кезде елші кім еді?

- Өмірзақ Өзбеков деген кісі. Бұрын Алматы облысының әкімі болған. Өзі бір ауыз өзбекше білмейтін.

Қазір білмеймін, бұрын елшіліктегі қыз-жігіттердің бәрі орысша сөйлейтін. Ал өзбек ағайындардың бәрі өз тілінде сөйлейді. Ол жақта орысшамен жұмыс бітпейді. Мен барғанда ұжымның бәрі маған ауып кетті. Менің ақындығым бар, әнім бар, оның үстіне ол жақтағы жұмыстарды көбіне өзбек тілін білетіндіктен, мен тындырып жүрдім. Сол жақпаған болуы керек. Пенделік көре алмаушылық қой. Қысқартуға түстіңіз деп, жұмыс істетпеді. Елшіні президент тағайындайды. Маған Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мен сізді елші қылып жібере алмаймын. Бірақ Өзбекстанға жіберем» деген сөзімен келгем. Бірақ көп істей алмадым.

- Туған жеріңізге бардыңыз ба?

- Туған жеріме бардым. Самарқанд уәлаятының батыс жағында алпыс шақырым жерде екен. Мен бес-алты жасымда кетіп қалғам. Енді іздеп баруға мүмкіншілік болды. Қойшарбат ауданының, Қызылшаруа ауылы еді. Барсам, ауыл да жоқ. Әкімнің қабірі де жоқ. Теп-тегіс боп кеткен. Сол кезде өлең жазғаным бар. «Әке қабірін іздеу» деген. Әкем екі жасымда қайтыс болып кеткен. Түр-түсін білмеймін. Екі рет іздеп бардым, таба алмай қайттым. Өмірімдегі бір өкінішім сол.

ƏКЕ ҚАБІРІН ІЗДЕУ

Қабіріңді мен сенің таба алмадым,

Қанатынан қайрылды-ау тағы арманым.

Алыс-жақын маңайға жаутаң қағып,

Жас ірікті кірпікке жанарларым.

Қабіріңді мен сенің таба алмадым,

Енді маған кім айтар не амал барын?

Жамыратып жасымды қозыдайын

Алыс-жақын жерлерге алаңдадым.

Алыс-жақын жерлерді шалды көзім.

Жадау-жүдеу жапанда &ndash жалғыз өзім.

Батар күннің қанқызыл жалқынына

Жабағы бұлт көнетоз малды бөзін&hellip

Алыс-жақын маңайдың бəрі &ndash ғайып!

Қорымжайдың қойыны &ndash жарық, ойық.

Жан əкейдің қабірін таппаған соң

Жапан түзде жыламай нағылайық.

Жапан түзде жыладым ебіл-дебіл,

Орындалмай ойдағым, көңілдегім.

Тиянақсыз, тынымсыз тіршіліктен

Жерінгенім бұл, бəлкім, жеңілгенім&hellip

Қоңыр желең жамылып кеш келеді.

Қоңырайып төңірек сестенеді.

Жер көрпесін жамылып жатыр үнсіз

Төмпешіктер елемей ештеңені.

Қорымжайда кім қалар түнемелге?

Түңілгенде не дермін түмен елге?

«Əкесі жоқ жетім, - деп, - жер бетінде»

Мойыныма, ей, тағдыр, міне берме!..

Сырбай Мәуленов, Қасым Қайсенов, Қабдыкәрім Ыдырысов, Шерхан Мұртаза сияқты алдыңғы буын ағаларының алақан жылуын көрген ақынның Алматыға келуі де бір хикая.

Поэзия, драматургия, музыка, публицистика жанрларының тізгінін тең ұстаған қаламгердің қазіргі берілетін сыйлықтарға да көңілі толмайды. Мемлекеттік сыйлықтың берілу тәртібін өзгерту керек деп есептейді.

malim.kz




Көрілген: 3693    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.11.2020, 10:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қаңтар, 17:48
    Баяу Мұса....
    13 Қаңтар, 13:03
    Бір суреттің тарихы...
    5 Қаңтар, 00:04
    Асық ату архаизм бе?
    18 Желтоқсан 2020
    Қыздардың көз жасы
    31 Қазан 2020
    Ту туралы түйткіл
    8 Қазан 2020
    Ақылдың кені
    21 Қыркүйек 2020
    Ол махаббат əні еді!
    11 Қыркүйек 2020
    Ташкентте болған той

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31