Алаш үні

Зымыран-тасығыштағы апаттан келтірілген залалды өтеу тетігін нақты пысықтау қажет

  • Сурет ғаламтордан алынды

    Сурет ғаламтордан алынды

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин зымыран тасығыштардың апаты салдарынан болған экологиялық залалды өтеудің нақты тетігін әзірлеу қажет деп санайды.

 

Мәжілістің жалпы отырысында Қазақстан мен Ресей арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан солтүстік бағытта полярлы орбитаға ғарыш аппараттарын ұшыру үшін "Союз-2" типті зымыран-тасығыштарды ұшыруды жүзеге асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын талқылау барысында депутаттар экологияны қорғау және «Союз-2» типті зымыран-тасығыштардың штаттан тыс құлауы немесе авариясы салдарынан материалдық залалды өтеу мәселесін көтерді

 

Заң жобасын талқылау барысында Мәжіліс  Төрағасы зиян келтірілгені қандай құжаттар арқылы анықталатынын сұрап, оған Сыртқы істер вице-министрі Марат Сыздықов түсіндіргендей, жеке келісім бар, оған сәйкес Ресей тарапы залалды төлеуге кепілдік алады, бірақ тәжірибе көрсеткендей, бұл рәсім ұзақ жылдарға созылады.

 

Осыған байланысты Нұрлан Нығматулин экологиялық залалды өтеу тетігі тиісті құжаттарда бекітілуі тиіс деп есептейді.

 

- Біз серіктестерімізбен материалдық залалды өтеу туралы нақты келісуіміз керек. Бізде кепілдік бар. Бірақ бұл кепілдіктер жұмыс істеуі үшін не қажет? Бұл бірлескен құжат біздің серіктестерімізбен пысықталуы тиіс, - деді Нұрлан Нығматулин заң жобасын әзірлеушілерге.

 

Өз кезегінде заң жобасын әзірлеушілер, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәселе жақын арада пысықталып, нәтижелері депутаттарға ұсынылатын болады деп сендірді.

 

 

abai.kz




Көрілген: 2187    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.05.2021, 14:04

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31