Алты мың мұсылман шейіт болған Мың шейіт мекені

Алты мың мұсылман шейіт болған Мың шейіт мекені

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданындағы Қасқасу ауылының маңындағы Мың шейіт атты әулиелі мекен жайлы аңыз көп. Көнеден жеткен аңыздардың бір парасына құлақ түрсек, хазіреті Осман Зунираинның ұлы Шахи Жалил Түркістан аймағына ислам дінін таратуға келген көрінеді. Ол әз пайғамбарымыз Мұхаммедтен кейінгі қасиетті кісілердің бірі болған көрінеді. Ол кезде бұл аймақта ислам дінінің таралмаған уағы.

Шахи Жалил осы аймақтың жергілікті халқына уағыз айтып, ең ақырғы пайғамбарымыздың ілімін түсіндіріп, басым бөлігін ислам дініне кіргізеді. Сол кезде осы аймақта хандық құрған Ухшит те ислам дінін қабылдайды. Бірақ ол шын көңілімен, адал ниетімен кірмеген екен. Хан Ухшит Шахи Жалилді сендіру үшін өз қызын әйелдікке береді. Ханның қызы Шахи Жалилдің әйелі ислам дініне шын көңілімен кірген. Ухшит Шахи Жалилді қалай қолға түсірудің жолын іздейді. Ухшиттің мақсаты мұсылмандардың қай кезде қылыштарын тастайтынын қызы арқылы біліп алу болған екен.

Аңғал әйел Шахи Жалилден қаруларын қай кезде тастайтынын сұрап, намаз уақытында ғана қылыш ұстамайтындарын біліп, әкесіне жеткізеді. Бұл хабарды естіген Ухшит хан мұсылмандарға қарсы астыртын әрекетке кіріседі. Өз қызы мұны байқап қалып, күйеуі Шахи Жалилге айтады. Бұл хабарды естіген Шахи Жалил қатты ойланады, шаршап қалғып кеткен кезінде түсіне пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) кіреді. Пайғамбарымыз оған түсінде: «Намазды бұзбаңдар, намазды бұзсаңдар, қиямет күнінде ешбір шапағат қылмаймын», — дейді. Ертеңіне мұсылмандар намазға тұра бастағанда Шахи Жалил имамға: «Бүгін қауіпті жағдай болғалы тұр. Намазға қысқа сүре оқыңыз», — дейді. Имам сүренің ең кішісі «Иннә аттаинаны» оқимын деп аузына «Иннә Фатахна» түсіп кетіпті. Бұл ұзақ аяттардың бірі болатын. Имам оны оқып бітіргенше, Ухшиттің адамдары намазда тұрған көп мұсылмандарды шауып өлтіреді. Намаз оқылып біткенде алдыңғы екі қатарда тұрған мұсылмандар ғана тірі қалған еді. Олар сыртқа шығып үлгереді. Ухшит ханның қызы – Шахи Жалилдің әйелі істеген айыбын мойнына алып, сол жерде өлгендерді жерлейді. Тірі қалған мұсылмандар 60-70-тей ғана. Олар қасық қаны қалғанша соғысыпты. Ақыры көп қолға төтеп бере алмаған бір топ мұсылман Сайрам ауданына қарасты қазіргі Абдул абад деген жерде ажал құшады. Ал қалғаны Қарамұрт елді мекеніне таяу көз жұмған көрінеді. Ухшиттің қызы қасында қалған екі-үш мұсылманмен Меккеге келеді. Дінбасыларға болған жайтты баяндап береді. Олар Шахи Жалилдің әйеліне түсіністікпен қарап, оны қамқорлықтарына алады. Ухшиттің қызы сонда босанып, ұлды болады.

Араға біраз жыл салып, баласы ер жетіп, жасы 18-ге толғанда әскер жиып, шешесі мен әкесі шейіт болған жерге келеді. Ол кезде Ухшит хан тірі еді. Бала нағашы атасын қылышпен шауып өлтіреді. Бірге келген 80 мың жасағымен жергілікті қарапайым жұртты жаудан азат етіп, көбісін мұсылман дініне кіргізеді. Осы аймаққа ислам дінін орнатып, өмірінің соңында Меккеге табан тірепті делінеді. Бұл оқиғаның өткеніне Хижра жыл санауы бойынша 1250-1300 жыл шамасында делінеді.

Бұл жерге бүгінде Мың шейіт деген атау берілген. Сайрам су өзеніне таяу маңда орын тепкен. Шейіт болғандарды жерлеген мазар пен мешіттің арасын өзен суы бөліп тұр. Коммунистік партияның қылышынан қаны тамып тұрған кезінде Ұзынарық ауылының тұрғыны Молберген Жамалбеков осы мешіттің негізін қалаған. Аяқасты болып тозып кеткен жерді қалпына келтіреді. Күндіз істеуге мүмкіндік жоқ, тек түнде жұрт көзінен тасаланып келіп, айналасын қоршап, бау-бақша отырғызады. 1996 жылы басына өз қаражатымен мешіт тұрғызған. Бұл тарих Сайрам, Мың шейіт, Түркістан тарихынан алынған делінеді. Негізінде, Мың шейіт деп аталғанымен, бұл жерде 6 мың адам шейіт болған деседі. 70-і ғана тірі қалған. Олардың барлығы қылыш, найзасы мен сауыт-сайманымен қойылған. Мұның тарихын Молберген қария Пошатай және Ыбырайымхан деген кісілердің аузынан жазып алған екен. Екеуі де бертін келе 100-ге жетіп қайтыс болыпты. Молберген қарияның өзі де бүгінде 80-нің сеңгіріне шыққан абыз қария...

Бүгінде өз аулынан мешіт соғып, әкесінің атын беріп жатқандар көп. Алайда тарихқа құрмет көрсетіп, басын қарайтып, елдің игілігі үшін мешіт салушылардың қарасы аз. Осы өңірдегі ең ғажайып тарихтың бір парасы – Мың шейітке мешіт салып, тарихымызды түгендеп, ата-бабаларымыздың алдындағы парызын өтеп, кейінгі ұрпаққа үлгі көрсеткен Молберген қарияға алғыс айтушылар көп.

Молберген Жамалбеков, Мың шейіт мешітінің негізін қалаушы:
– Сан ғасырлардан бері ауыздан-ауызға көшіп, сақталып жеткен көне тарихтың бір парасы – осы. Әулиелі мекеннің ашылмаған сыры да жетерлік. Бүгінде мұнда тәу етіп келушілер көп.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста