Аңызға толы Аққұм

Аңызға толы Аққұм

Батыс Қазақстан мен Ақтөбе облыстарының шекарасына жақын, бір бөлігі Қаратөбеде, екінші бөлігі Шыңғырлауда жатқан осы бір бұйратты өңірдің қойнына бүккен сыры көп. Ел аузында құмының ерекше түсіне орай Аққұм атанған аумақ алыстан көз тартады. Қорғауға алынған қорық аумағы 7,5 мың гектар жерді алып жатыр.
Ғалымдар бір заманда Каспий теңізінің етегі осы жерге дейін созылып жатқанын айтқан. Яғни Аққұм Орал тауларынан аққан өзендердің теңізге құйған жері, атырабы болса керек. Ел ішіндегі аңыз бойынша Ақ­құм өте ертедегі үлкен қаланың орны көрінеді. Қала дегенде қалмақ ханы Алшағырдың ордасы болған екен. Қара қыпшақ Қобыланды келіп, тас-талқан етіп қират­қаннан кейін осындай өркеш-өркеш құмдардың үйіндісіне айналыпты-мыс. Дәл осы құмнан Кеңес өкі­меті кезінде ескі құмыраның сынығы, жебенің ұшы, қылыш басқа да көненің заттары көптеп табыл­ған.
Аққұмның оңтүстік-шығыс бетіндегі қара талды орман қарауытып көрінеді. Құмның бұл беті – әр жер­де шоқ-шоқ талы, Қалдығайты өзенін жағалай тоғайы бар, арасы кең жайылымдық жерлерге бай, орманды алқап. «Қобыланды батыр» жырында да бұл аймақ көп аталады. Қобыланды қалмақ ханы Алшағырды шаһа­рында өлтіріп, кегін алғасын, бірнеше күн көп қал­мақты аралап, егізі Хансұлуды іздейтіні, сөйтіп, кең тоғайдың ішіндегі қалың жылқыға таяп баратыны ойға еріксіз орала кетеді. Маңғыстаулық Мұрын Сеңгір­бек­ұлының нұсқасы – «Қобыланды батыр» жырында осы­лай беріледі. Ал «Қарғабойлы Қазтуған» жырын­да­ғы:

Асанқайғы көшкен жер,
Шыңғырлау, Торыатбасы еді.
Қыземшекті Саршоқы
Осы судың қасы еді.
Асанқайғы Туғанның
Бөлінген жері осы еді,

– деп келетін жолдардағы Қыземшек – дәл осы жерден 50 шақырымдай ғана жер.
Торыатбасына дейін 65 шақырымның шамасы. Шыңғырлау өзені осы екеуінің де іргесімен ағып өтеді. Торыатбасымен Қыземшектің арасы – 20 шақырымдай. Жыр бойынша Торыатбасынан көшкен Асанқай­ғы Сырдария бойын жағалап, Нұрдың Қарабайырына қарай асады. Ал Қазтуған сол жолы Ноғайлы баласы кеңес құрған Жем өзенінің бойынан көшіп, «Үш қияннан кетіп, Шам шаһарына қарай жетемін» деп алысқа жол тартады. Мұнда қазақ пен ноғайдың айырылуы деген ірі тарихи оқиғаның желісін меңзеп тұрса керек. Таң­ғаларлығы – жырда оқиға өрбі­ген жерлер­ді үтір, нүктесіне дейін айырып, нақты көрсетуі. Сол заманнан «Ноғайлы­ның бос­қы­ны», «Қазақ – Ноғайлының айы­ры­­луы», «Ноғайлының зары» деген халық күйлері бүгінге жеткен.
Аңызға айналған, бірде көрініп, енді бірде жоғалып кететін Жұмбақ көл де – осында. Жұмбақ көлді аңшылар көрген. Тіпті суына да түсіпті дейді білетіндер. Аққұмның күнбатысында орналасқан Сегізсай ауылының тұрғыны Зарлық есімді қария сол Жұмбақ көлдің үстінен түскенде көл үстіне жыпырлай қонған үйректерге кезіккен. Көлдің жұмбағы сол: бір көрген адам ол жерге қайта айналып келгенде көл ізімқайым жоқ болады екен. Құм ішінде адасу оңай, ұқсас жер өте көп. Облыс­тық тарих және археология орталығы ди­рек­торының орынбасары Серік Рамазанов­тың пайымдауынша, «ылғал жеткілікті бол­ған жылдарда жерасты сулары көтері­ліп, құм ішіндегі кейбір ойпаңдарға су толады. Ал құрғақшылық кездерінде ол су жоғалып кетеді. Көлдің бар жұмбағы – сол ғана».
Арша, жүзген өскіндері құмның оңтүс­тік және батыс шетінде ғана өседі екен. Ортасына қарай өсімдік азая бастайды. Аққұмның құмы өз ішінде көшеді екен. Кейбір қайың, тал өсінділерін жартылай құм басып қалған. Ал, керісінше, кейбір ойпауыт жерлер тіпті тереңдеп, қазаншұң­қырға айналған.
– Аққұмның бағасы бәрібір биік. 1998 жылы А.Петренко деген ғалыммен бірігіп, облыс табиғаты туралы кітап шығарған едік. Сонда Баянас өзенінен бері қарай Аққұмды қоса үлкен ландшафты қорық жасауды ұсынғанбыз. Аққұмда Қазақстан­ның Қызыл кітабына енген алып көртыш­қан тіршілік етеді. Бұл аң дүниежүзінде үш-ақ жерде: Солтүстік Кавказда, Ақтө­бенің Темір ауданында және біздің Қара­ғандықұм, Көкөзекқұм, Жаршағыл, Аққұм өңірінде ғана кездеседі. Басқа жерде жоқ. Құмда із сайрап жатыр. Жануарлар дүние­сіне өте бай екені байқалып тұр. Қоянның, түлкінің ізі кездесті. Тағы бір ізді, өз ойым­ша, жабайы қамыс мысығы-ау дедім. Қа­бан­ның ізі бар. Былтыр күзде қасқырдың ізі көп кездесіп еді, биыл олар әлі күшігін өргізе қойған жоқ қой. Тоғай жағында елік, бұлан болуы мүмкін, – дейді Серік Рама­занов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста