Айрықша қасиет дарыған әулие

Айрықша қасиет дарыған әулие

Дария бойында дүйім елдің есінде әлі күнге дейін сақталып қалған атақты адамдар аз болған жоқ. Олардың арасында ерекше қасиетімен елге танылған кісілер де бар еді. Осындай жаратылысы бөлек жандар Сыр өңірінің Жаңақорған ауданы аумағында жетерлік. Жергілікті жұрт Айқожа ишанның есімін бүгінгі күнге дейін құрметпен атап келеді. Өткеннің бағасын білетін бұқара атақты жанның кесенесін көздің қарашығындай сақтауға көңіл бөліп отыр. Қуанарлығы, көненің көзіндей кесененің жақсы сақталғаны – көңілге медеу.
Балалық шақта Айқожа ишан жайында көп естіп өстік. Кесене біздің ауылдан онша қашық емес еді. Дария үстінен салынатын көпір маңына орын тепкен кесене алыстан көзге көрініп тұрады. Бәлкім, балалығымыз шығар, үлкендердің айтқанына онша құлақ түре бермейтін едік. Шындығында, өткеннің бағасын енді-енді біліп жатқан жайымыз бар. Құймақұлақ қариялар талай сырды тарқатқан. Көбісі жадымызда сол күйінше жатталып қалыпты. Қазір бұрынғыны бағалай алатын заманға жеттік. Сол бір жылдарда дін жайында ашыла әңгіме айту тек қадірменді қарттардың ғана қолынан келер еді.
Айқожа ишанның елдің есінде сақталып келе жатқанына екі ғасырдан астам уақыт өтті. Жалпы,
азан шақырып қойған есіміне тіркес болған ишан сөзі кез келгеннің маңдайына жазыла бермейді. Ол кісінің талайды таңғалдырған ерекше істері осындай құрметке лайық етті.
ХІХ ғасырда шыққан кітаптарда Айқожа ишанның есімі кездеседі. Ізгі істері жұртқа жақсылық шарапатын тигізген. Көне Ақме­шіт пен Түркістан арасында жатқан қалың қауым ол кісіні құрмет тұтқан. Айқожа ба­бамыз көріпкелдік қасиетімен көптің көзіне түскен. Бұл жайында айтылған аңыздар баршылық. Ол кісінің Ауғанстанда білім алып жатқан кезі болса керек-ті. Оған тәлім берген ұстазы, белгілі ғұлама Ислам Шайх шәкіртінің бойындағы қасиеттерді сынап көрмекші болады. Осылайша арнайы ша­қыру жібереді. Сонымен қатар өзге шәкірт­терін қоса шақырады. Басқа жұрт табал­дырықтан кідірмей өтіп жатады. Ал Айқожа ишан кілт тоқтап қалады. Ұстазы оның сырын сұрайды. Сонда Айқожа бабамыз кідірместен: «Табалдырық астында қасиетті зат жатыр екен. Соны аттап өте алмадым», – дейді. Бұл сынақтан мүдірмей өткен шәкіртіне ұстазы риза болады. Себебі та­бал­дырық астында Құран Кәрім жасырыл­ғанға ұқсайды.
Айқожа бабамыз асқан білімді адам­ның бірі болған көрінеді. Алдымен Бұқа­рада білім алады. Сосын ауған жеріне ат­та­нады. Ілім-білімге шөлін қандырған ишан қайтадан туған жерге оралады. Жаңа­қорған маңайында қалың елге уәлі сөзімен әйгілі болады.
Қолдағы дереккөздеріне сүйенсек, Айқожа Темірұлы 1773 жылы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Осы аумақта 84 жасқа келгенде өмірден өткен екен. Де­ген­мен ол кейбір кітаптарда басқаша көр­сетілген. Мәселен, еліміздің Ұлттық энцик­ло­педиясы мен «Сыр елі» энци­к­ло­пе­дия­­сында 1778-1858 жылдар ара­лы­ғында өмір сүрген делінген. Сол аумақ­тағы Ақтас әулие қорымында бақилық мекенін тапқан. Арада жиырма жылдай өткенде оған кесене салынады. Бұл іске үлкен баласы Ибадулла басшылық жа­сай­ды.
Айқожа атамыз үбірлі-шүбірлі болған екен. Өз кіндігінен 18 бала өрбіткен. «Қазір сол балаларынан 500-ге жуық отбасы түтін түтетіп отыр» дейді көнекөздер. Ишан қа­лың елге: «Қандай адам болса да, жаман­дық ойлаудан аулақ болыңдар. Қолыңнан келсе, жақсылық жасауға көңіл бөл. Осы­ның арқасында өсесің, өнесің, көгересің» деген екен.
Атақты ғұлама шәкірт тәрбиелеген. Үне­мі өз ізбасарларымен кеңес құрып оты­рады екен. Осындай сәттердің бірінде шә­кір­тінің бірі ишаннан: «Өмірде қандай арманыңызды орындай алмадыңыз?» – деп сұрайды. Сонда ғұлама: «Менің жас кезімде ақындығым бар еді. Балуандық қырыммен де танылдым. Шабандоздықтан кенде емес едім. Осыны елге көрсете алма­дым. Дегенмен оған еш өкінбеймін. Мұ­қым мұсылманға ислам дінінің шапаға­тын шашуға көп еңбек атқардым», – деп жауап қайырған екен.
Сыр жерінде жатқан әулие адамдар жайында аңыздар көп-ақ. Өнегесі мол әпса­налар кейінгі ұрпақты әрдайым жақсы нәрселерге баулиды. Өткен заманның та­ри­хы бізге осындай ұлағат сыйлап келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста