Дарбаза шайтандар мекені ме?

Дарбаза шайтандар мекені ме?

Біз кейде жұмбақ жаратылысты елегіміз келмейді. Елдің аузында жүрген кейбір әңгімелерге елең ете қоймаймыз. Ойдан құраған шығар дейміз. Дегенмен шындыққа сәйкес келетін оқиғалар орын алып жататыны да жасырын емес. Жалпы, жұртшылық арасында шайтандар жайында түрлі жорамалдар айтылады. Оны бар деп топшылайтын адамдар да кездеседі. Екіншісі оған сенімсіз көзқараста болады. Иісі мұсылман баласы қастер тұтқан Құран Кәрімде ол тұрғыда айтылған. Шариғатта шайтандарды «адамдарды азғырушы» деп көрсетеді. Тіршілік иесін тура жолдан тайдырады. Оны «малғұн» деп айыптайды.
Бес күн жалғанда адами қалпымызды сақтағанға же­тетін ештеңе жоқ. Осындай малғұндар мекен ететін жер­лер дейтін орындар қазақ даласында аз кездеспейді. Солардың бірі – Қызылқұм беткейіндегі Дарбаза деп ата­латын жер. Ол Сыр өңірінің Аманкелді ауылының тұ­­сында жатыр. Жергілікті тұрғындар малғұндар ме­ке­ні­­не аттап басқанды қаламайды. Өйткені елдің аузында жүр­­ген әңгімелер әрбір адамға үрей алып келері сөз­сіз.
Малғұндар мекен еткен жер неге Дарбаза атан­ған? Бұл жайында айтылатын түрлі жорамалдар бар. Ал­ғаш­қысы бойынша, ол ажалға алып баратын дарбаза секілді. Тағы бірі жұмыр басты пендеге сынақ болар жер де­ген­дей мағына береді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, атал­мыш орында ертеден шайтандар мекен еткен. Кө­не­көз қариялар ол жайында бұрыннан айтылып келе жатқанын тілге тиек етеді. Бұл аймақ көрер көзге де сұрықсыз. Бұйрат-бұйрат құм жатыр. Ол бірден-ақ еңсеңді езе түскендей. Әйтеуір, адам баласына қолайсыз кө­рінеді бірден. Мал жайылымы аяқталар тұста сусыз жер басталады. Жердің бетіне ақ сор шығып кеткен.
Үлкен кісілер жастарға ол аймаққа бармауын қатаң ескертеді. Ақ сорды бас­қан адам талай оқиғаны бастан өткізген. Тіпті «осы жерге келген­дерді шайтандар жетекке алып кетеді екен» деген де әңгіме бар.
Ауыл тұрғыны Зиятбек Фазылұлы да осындай келеңсіз жайды бастан кешкен. Ағамыз оны жастау кезінде көргенге ұқсайды. «Жас шағымда аңшылықпен айналыстым. Сондықтан көбінде құлан түзде жүруге тура келеді. Осы кәсіптің соңында жүріп, далада қонып қалған кезім де болған. Бірде Қызылқұм жағасында аңшылық құрып жүргенмін. Үйге қайтуға кеш болып кетті. Далада түнеуді жөн санадым. Бір сәтте құлағыма баланың жы­лаған даусы келді. Жақын маңнан жыл­қының кісінегені де естіледі. Сақыл­даған күлкілер де құлаққа келіп тұр. Жаным­ды шүберекке түйгендей болдым. Осындай оқиға бала кезімде кездескен. Көзім ауырып, жатқан едім. Анам кейпімде шайтан келіпті. Соңынан еріп бара жатыр екенмін. Есімді жисам, анам артымнан жылап қуып келе жатыр екен. Содан кейін Құран сүрелерін жаттап алуға құлықты болдым», – дейді ағамыз ағынан жары­ла.
Жергілікті жұрттың айтуынша, мұндай оқиғалар шіліңгір шілденің ішінде көбірек орын алады екен. Осы бір өліара шақты малғұндар пайдаланып қалғысы келеді. Әсіресе 20 шілде мен 10 тамыз аралығы – өте қауіпті кезең. Адамдардың басынан кешкен жайсыз жағдайының барлығы осы уақытта кездескен.
Қазіргі кезде ет жақынын жоғалтып алған адамдардың көбісі Зиятбек ағамызға келеді. Қария қолдан келгенше көмек қолын созуды дұрыс көреді. Қызылқұмның ішінде «Боз ат сойған» деген жер бар екен. Малғұндар құрбандығын сол жерге алып баруға тырысады. Құмның ортасындағы бұл жер де ерекше орналасқан. Ол жерде үлкен шұңқыр жатыр. Бұл шұңқыр – шайтандардың нағыз ордасы. Біздіңше айтқанда, орталығы болып табылады. Бірде ауылдан екі бала ұшты-күйлі жоға­лып кетті. Ақырында оларды сол маңнан тапты. Біреуінің өлі денесі қолға іліксе, екіншісі шалажансар күйінде жатыр екен.
Осы тектес тағы бір оқиға. Қайсыбір жылдары тыңды игереміз деген желеу­мен сол аймаққа егін егілген екен. Деген­мен сусыз аймақта ешқандай өнім өсе қоймапты. Оның тағы бір ұштығы шай­тандар мекені болғандықтан шығар. Сол тұста жұмыс істеген ауыл тұрғыны трак­тормен кешқұрым Дарбаза маңында қалып қойыпты. Қанша жан­таласса да, көлігі орнынан қозғала қоймайды. Атал­мыш орында таң атқанша қалып қояды. Құлағына түрлі дыбыстар келеді. Құран сүрелерін таң атқанша оқып шығады. Таң атқан шақта тракторын отал­дырса, ештеңе болмағандай орнынан қозғалып кеткен.
Осылайша Дарбаза әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалып отыр. Ол маңға ел де аттап басқысы келмейді...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста