Діңгекте талай сыр бар ашылмаған

Діңгекте талай сыр бар ашылмаған

Алматы облысы Ақсу ауданында Діңгек дейтін ауыл бар. Нақтырақ айтқанда, Кеңес Одағы кезінде осылай аталған. Кейіннен елді мекенге осы ауылдың тумасы, Кеңес Одағының Батыры, 28 панфиловшылардың бірі Нұрсұлтан Есеболатовтың есімі берілді.
«Осы Діңгек ауылының атауы қайдан шыққан, неліктен осылай аталған?» деген сауалдарға жауап іздеу ел ішіндегі аңыздарды естігеннен басталды. Бұл ретте біраз деректерді Шоқан жазбаларынан, ғалым Әлкей Марғұлан зерттеулерінен табамыз. Ал ең бастысы қазақтың қария сөзінде, ел аузындағы аңыздарда жатыр.
Өз ауылының шежіресін ғана емес, қазақ тарихының түп-төркінін түгендеп жүретін Мұхаметәлі Қазбанбетов ақсақал елді мекендегі ескі мектептің орнында 1960 жылға дейін таудың қатпар тастары жатқанын айтады. Әрі Ақсу ауданының 80 жылдығы қарсаңында жарық көрген «Алтын ұям – Ақсуым» дейтін кітапта да бұл туралы тоқталып өтеді.
Діңгек ауылының тұсында ерте дәуірде қытай императорының қызы жерленген деседі. Патша қызының кесенесін Қайрақкөл тауынан ауылға дейін адамдарды қатар-қатар тұрғызып, тастарды қолдан-қолға беру арқылы жеткізіп, биіктігі қырық құлаш мұнара тұрғызған.
Әлкей Марғұлан: «Жетісудағы ескі дәуірден қалған сәулетті құрылыстың бірі – Діңгек. Ол Ақсу өзенінің бойында, бүгінгі Жансүгіров қаласынан сегіз шақырым күншығыста, Өтептің сазы деген жерде тұрған. Қазір Діңгек жойылып біткен», – деп жазады. Расымен, ауылдағы ескі мектептің жанынан басталатын саз Қызылқайың елді мекеніне дейін созылатын.
Сол жер Өтептің сазы аталып кеткен дейді көнекөздер. Яғни ғалымның айтып отырған көне ескерткіші аудан орталығынан 12 шақырым жерде, Қайрақкөл тауының солтүстік бөктерінде жатқан Діңгек ауылына дөп келіп тұр.
Ертеректе сәулетті етіп жасалған зират-мұнара құрылысын «дың», «діңгек» деп атаған екен. Ауылдың Діңгек атануы осы тастан қаланған мұнараға байланысты туындаған дейді ауыл ақсақалдары.
«Белгісіз бір мезгілде күннің көлеңкесі түскен ұшында патша қызының алтын бұйымдары қоса көмілген», – деген аңыз халық аузында жүргенімен, бұйымдарды қай мезгілде, қай жерге көмгенін ешкім білмейді. Қазба жұмыстары кезінде де ешқандай заттар табылмаған.
Тілсіз ескерткіш саналатын тарихи орын­ға кейіннен «Тұрғын үй – 91» бағдар­ламасы кезінде тұрғын үйлер салынған екен.
Осы ретте ел ішінде Діңгекке байла­нысты тағы бір аңыз бар екенін айтып өткен артық болмас. «Қалмақ қонтайшысы қы­зын қарақұрт шағып өлтіреді» деген көріп­кел болжамын естігеннен мазасы кетеді. Кім перзентін өлімге қисын. Қызын ажал тырнағынан құтқарсам деген ниетпен бұл өлкеден кетуге бел буады. Сөйтіп, қызын құтқармақ болып, көшке жүгін артып, өзге өлкеге қоныс аударады. Тағдырдың жазуы­нан кім қашып құтылған дейсің! Тиелген жүктің біріне жабысып, көшпен бірге бір қарақұрт кеткен екен. Ақыры сол жәндік қонтайшы қызының ажалына себепкер болып, шағып өлтіріпті-мыс.
Ел арасында осы аңызбен мазмұндас ауыз әдебиеті туындылары баршылық. Қай-қайсысында болсын, халық маңдайға жазылған тағдырдан құтылу, ажалдан айналып өту мүмкін емес дегенді айтқысы келген болуы керек.
Бірде қытай, бірде қалмақ басшысының қызы деп айта алғанымен, ең басты дерек – ауыл маңында таудың тастарынан өріліп жасалған діңгектің болуы. Ғалым Әлкей Марғұланның жазбаларына сүйенсек, мұн­­дай «дың», «діңгек», яғни «тас үйлер» Қазақстанның көптеген өңірлерінде кезде­седі екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста