Қатынқамал құпиясын кім ашады?

Қатынқамал құпиясын кім ашады?

Ұлан-байтақ даланың оңтүстік өңірінде ұзыннан ұзақ созылып жатқан қарт Қаратау қойнауында қаншама құпия бар. Көне дәуірді көзі көрген Қаратаудың әрбір тасының тілін түсінсек, бүгінгі ұрпаққа беймәлім көптеген жайдың кілтін табар едік-ау. Тау сілемінің Қызылорда облысына енген тұсындағы Қатынқамал үңгірі қазірге дейін ғылыми тұрғыда толыққанды таразыланған жоқ. Жергілікті жұрт аталмыш үңгір жайында бірқатар деректерді көлденең тартады. Бұл әңгімелер тарихтың қалың қатпарлы қойнауынан сыр шертеді. Естіген адам үңгір жайлы көбірек білгісі келері де белгілі.

4541

Кешегі өткен жаугершілік кезеңде Қатынқамал талайға пана болған екен. Елдің арасында «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген сөз тіркесімен кеңінен мәлім жоңғар шапқыншылығы кезінде ол талай жазықсыз жанның өмірін сақтап қалуға үлкен септігін тигізген көрінеді. Тарих атты әміршіден там-тұмдап сыр тартып көрсек енді...
Қатынқамал деп неге аталған?
Қатынқамал Жаңақорған ауданындағы Бірлік ауылынан 20 шақырымға жуық қашықтықта жатыр. Қаратаудың етегінде ағып жатқан Ақүйік өзенінен 500 метрдей биіктікте орын тепкен. Үңгірдің пайда болуы жөнінде мынадай деректер айтылады. Геологиялық тұрғыдан жобаланғанда таудың күнгей бетінде үлкен терең жарылыстың ізі бар. Ғалымдардың айтуынша, девон дәуірінде бұл өңірде қатты жер қозғалысы болған. Ол жердің қақ айырылуына алып келген. Таудың биік жағы бірден төмен түсіп кеткен көрінеді. Сол кезде жарықтан жер дұрыс қабыспай қалған. Әрине, бұл деректер тек болжам ғана.

Елдің арасына аңыз болып тараған мынадай әңгіме де бар. Қаратаудың ұшар басындағы осы үңгірге жоңғар шапқыншылығы тұсында қырық қыз-келіншек пен балалар паналаған екен. Олар соғыс аяқталғанша сонда өмір сүрген. Ас-ауқатты ер-азаматтар түнге қарай жеткізіп тұрған. Үңгір сол себепті Қатынқамал аталып кеткенге ұқсайды.

Көзге шалына бермейді
Ылдидан қараған адамға үңгір көзге шалына қоймайды. Ақүйік өзені таудың осы тұсында ағып жатыр. Аталмыш өзенмен екі жағынан құз-жартастар жалғаса береді. Олар аяқталар тұста үңгір орналасқан. Жан-жағы биік. Өзі тар қуыста орын тепкен. Маңайда жатқан қоқыс тастар мен топ шеңгелдер үңгірді бүркемелеп тұр. Оның ауызын көрсетпейді. Таудың етегінен көтеріліп, өрмелеп шығу мүмкін емес. Айналма жолдар арқылы таудың басына шығуға болады. Содан кейін қия-қия соқпақтар арқылы адамдар үңгірге төмен түседі. Жолдың жайын білетін жергілікті тұрғындар болмаса, оған көп адам бара алмайды.

Жаңақорғандық журналист Құдайберген Ертасов 1975 жылы аталмыш үңгірдің ішін көрген. Бұл жайында ол аудандық газетке мақала жазды. Ол кісінің айтуынша, үңгірдің ауызы өте тар. Адам еңкейіп, зорға кіре алады. Әйтсе де ары қарай жол кеңейе түседі. Үңгірдің ауасы өкпе қысарлықтай емес. Таза екені тыныс алғанда бірден білінеді. Түкпіргі бөлігінде жел соғып тұратын саңылау бар секілді. Үңгірде он-он бес қадамдай әрірек жүргенде жарық сөніп қала беріпті. Үңгірдің табанында ұлпа тәріздес ақ ұлпа шөгіп қалған. Тас үйдің іші дымқыл тартып тұрады. Төбесінен су тамшылайды. Үңгірде адам түрегеп жүре алатындай жағдай бар. Ішінде сәл ғана дауыстың өзі жаңғырып естіледі.

– Халық арасында үңгірдің өте ұзын екені жиі айтылады. Оның екінші басы Талап елді мекені тұсындағы Талдысу өзеніне дейін жететін көрінеді. Көне заманда осы екі аралықта адамдар қатынаған болуы әбден мүмкін. Бүгінгі күндері бұл аралықта ешкім жүріп көрмеген. Екі аралықтың ұзындығы 18-20 шақырымға жуықтайды. Үңгірдегі әрбір дыбыстың жаңғырып естілуіне қарағанда ауасы тар еместігін аңғару қиынға соға қоймас, – дейді Құдайберген аға.

Шетелдіктер де қызыға тамашалар еді
Туризм саласына ерекше мән беретін өркениетті елдерде мұндай орындар көзден таса қалып қоймас еді. Өкінішке қарай, біздің елімізде әлі күнге дейін осындай жерлерге мән берілмей келе жатқаны жасырын емес. Қатынқамал үңгірі талай шетелдіктің таңдай қағатын мекеніне айналары даусыз. Алайда кенже қалған туризм саласының мұндай арманымызды жуық арада жүзеге асыратын түрі жоқ.

Қазір бұл жерлер жергілікті кәсіпкер Рақымбаба Құтыбаевтың меншігіне қарайтын алқап болып саналады. Ескінің көзіндей үңгірдің сақталуына қолдан келгенше қамқорлық танытып жүрген азамат «келешекте бұл араны адам аяғы үзілмейтін орынға айналдырсам» дейді. Осы маңнан адамдар сейілдейтін демалыс орнын салсам деп жоспарлап жүр.

Қазақтың жері көптеген қызыққа толы. Ол жайлы айтылар хикметтер де жетерлік. Десе де, ерекше өлкелеріміздің барлығы бірдей ғылыми тұрғыда таразыға тартыла қойған жоқ. Бұл орындарды халықтың қажетіне жаратуға да ешкім көңіл бөлер емес.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста