Қоңыр әулие үңгірінің құпиясы

Қоңыр әулие үңгірінің құпиясы

Қазақ даласының құпиясы әлі де толық ашылып бітті деп айта алмаймыз. Себебі қаншама құнды қазына жайында енді-енді естіп жатқан жайымыз бар. Археологтер мен тарихшылар бұл бағытта көптеген игілікті істер атқарып, көпшіліктің көзайымына айналған сан алуан шежірелі деректерді жұрттың назарына ұсынып келеді. Алдағы уақытта да сондай жағымды жаңалықпен көбірек қауышсақ деген ойымыз бар. Оны келешек көрсете жатар.
Біздің айтарымыз, аумағы жөнінен әлемде алғашқы ондықтан ойып тұрып орын алған қазақ жерінің қойны-қонышын ақтара қалсаңыз, өзгенің алдында еңсемізді көтеретін қаншама тарихи құндылықты кезіктіруге әбден болады. Тіпті есте жоқ, ескі заманның ескерткіштері де табылып қалып жатқандығы ұлан-байтақ даланың қадірі мен қасиетінің салмақты екенін тағы да бір аңғартады. Осылай дегенде ең алдымен ойымызға Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Қазығұрт тауы орала кететіні – шындық. Сол бір уақыттан бері халықтың қызығушылығын тудырып отырған мұндай жерлер еліміздің өзге де өңірлерінде кездеседі. Соның бірі – Павлодар облысы аумағындағы Қоңыр әулие үңгірі. Сондай-ақ дәл осындай атаумен Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы жерінде жатқан Шаған өзені бойындағы үңгір де бар.
Салқар Сарыарқаның бір қиырында жатқан Павлодар өңірінде орын тепкен аталмыш үңгір жөнінде халықтың арасында көптеген аңыз-әпсаналар айтылып жатады. Жалпы алғанда, бұл облыстың аумағында халықаралық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік тарихи қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрологиялық нысандары бар екенін жұртшылық жақсы біледі. Олардың барлығы дерлік жоғары бағаға ие болып отыр. Атап айта кетерлігі, бұл жерлердің түгелге дерлігі ерекше табиғи қорғалатын аумақтар санатына енгізілген. Қолдағы дерек көздеріне сүйенсек, республикалық маңызға ие болып отырған нысандар қатарына Драверта, Құмыра, Әулие және Қоңыр әулие үңгірлері, Әулиебұлақ, Телебұлақ бұлақтары, Айманбұлақ, Тас кереметтері, Рахай және Үшсала шатқалдары жатқызылады.
Соның ішіндегі Қоңыр әулие үңгірі қалың қазақтың бүйрегі бұрып тұратын Баянауыл жерінде орналасқан. Белгілі ғұлама Мәшһүр Жүсіп бұл жердің киелілігін дәріптеп, «Әулиелердің Алладан пәрмен сұрайтын жері» деп өз көзқарасын білдіріп, кейінгі ұрпаққа ұлағатты пікірін қалдырып кеткен екен.
Жергілікті жұрт «тас үңгірге түнеген адамның тілегі орындалады» деседі. Сондықтан көпшілік аталмыш қасиетті мекенді көзінің қарашығындай сақтауға құмбыл. Осы жердегі құнды дүниелердің қаз-қалпында сақталуына қолдан келгенше жұмыс жасауға барынша атсалысады. Сондықтан да аталмыш аумақ таяу уақытта мемлекет тарапынан қорғалатын тарихи орындар төрінен орын алып, Баянауыл аумағындағы ел үшін жағымды жаңалықтың біріне айналды.
Үңгір қыратты жерде орын тепкен. Ша­ма­­мен мың метрге жуық биіктікте орна­­лас­қан. Бір қызығы, мұнда жер серігіндегі навигациялық орталықтың өзі бұл жерді бірде көрсетіп, бірде көрсетпейді екен.
Ескі әңгімені жадына тоқыған жұрт қазақ үшін қастерлі де қасиетті бұл жерде ұлтымыз үшін ұлық Абылай, Есім, Тәуке секілді хандардың болғанын айтады. Қазақтың басын қосқан ардақты тұлғалар үңгір маңында тегіннен тегін ат шалдыра қоймағанын аңғару қиынға соқпас. Өйт­кені Қоңыр әулие үңгірінің тылсым сыр­ла­рын атақты хандарымыз ұғынып, осы бір жерде елдің бірлігі мен татулығын дәріп­тей­тін басқосу жасаған болар. Әйтеуір, әлеумет белгілі тұлғалардың аталмыш орын­ға келуін осындай жағдайлармен байланыстырады.
Көнекөздер айтқан әпсанаға сүйенсек, бұл үңгір Қоңыр әулие Нұх (Ной) Пайғам­бар заманынан бері аталып келеді. Жүгір­ген аң мен ұшқан құстың қорғаушысы ата­нып, оларға жанашыр пейіл танытқан атақты пайғамбар. Жер-дүниені шарпыған су тасқыны орын алған сәтте үш көріпкел Нұхтың кемесіне сыймай қалған көрінеді. Сонда үш көріпкел тәуекелге бел буып, бақанды кемеге байлап, ілгері қарай жылжи түседі. Алып кеме бүкіләлемдік ағыс бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай бет түзейді.
Әулиенің үлкені саналған Құланның бөренесі алғашқы болып тасқа соғылып, жұлынып кетеді. Бұл жағдай қазір жергілікті жұрт Әулие тау деп те атайтын Қызылтау маңында болған деседі. Ортаншы әулие Қыранның да бөренесі сондай күйге түседі. Биік Ақбет тауына соғылған бөрене сол жерде қалады. Кіші әулие Қоңыр су қай­тып, таулар мен шоқылар ашыла баста­ған шаққа дейін аман-сау жүреді. Ол мінген бөрене қазіргі үңгірге дейін жетеді. Әулие сол жерді қоныс етіп, өз тіршілігін жүргізе бастайды. Осыған байланысты үңгір ертеден киелі мекеннің бірі саналған. Олай болғанның да өзіндік себебі бар. Үңгір түкпірінде қазан секілді дүние бар. Соған күн құрғамай су жиналады да тұрады екен. Жұрттың айтуынша, сол суда барлық аурудан сауықтыратын қасиеттер бар көрінеді. Тіпті бала көтере алмайтын, бедеуліктен де арылған әйел заты аз емес. Осыған орай, үңгір маңынан адам аяғы үзілмейді. Өмірге бала алып келуге ниет жасаған әйелдердің арманы да толықтай орындалғанын жұрт жиі әңгімелейді.
Қазіргі күні тылсым сырға толы үңгірді тамашалауға келген туристер қатары көп-ақ. Үңгір маңынан Баянауыл ұлттық табиғи паркі қорының керемет жерлері көзге шалынып, өзіне еріксіз тарта түседі. Қоңыр әулие үңгірі биікте жатыр. Оған баратын баспалдақтың биіктігі 110 метрді шама­лайды. Онымен бойлай жүрсеңіз, әрбір 10-15 метр сайын демалуға арнал­ған алаң алдыңыздан шығады. Үңгірдің жалпы ұзын­дығы 30 метрді құрайды. Үңгір екі бөліктен тұрады.
Дәл осындау атаумен аталатын үңгір Шығыс Қазақстан облысының Абай ауда­ны аумағындағы Шаған өзенінің бойында да бар екенін жоғарыда айтып кеттік. Бұл үңгір ауасының температурасы 100С градус­тан аспайды. Бұл үңгірді Абай Құнан­баев, Мұхтар Әуезов сынды қазақ­тың атақты адамдары да арнайы келіп тамашалаған деседі. Осындай жақсылар мен жайсаңдар ат басын бұрған киелі жердің бағасын біз бүгін біле алдық па? Елдің арасындағы әңгімеге сүйенсек, Семей өңіріндегі Қоңыр әулие үңгіріне Қабанбай батыр қалмақ­тарды қуып тыққан деседі. Сондай-ақ ел басына туған қиын күндерде талай адам оны пана тұтқан екен. Тіпті кейбір адамдар сол үңгірде Шыңғысханның сүйегі бар екенін айтады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста