Қазақ жерінің хикметтері

Қос шоқыға айналған батырлар

Қазақ елінің жаугершілік замандағы тарихына бай­ланысты талай аңыздар қалған. Солардың бірі – қа­сиетті Қызылжар топырағында қиян-кескі со­­ғыста қаза тапқан қос батыр мен олардың қа­­рын­дасы жайлы аңыз. Бұл аңыз жергілікті жер­­де­гі шоқы мен көлге атау беруге де арқау бол­ған екен.

Қазақ сахарасы тұнып тұрған тарих екені мәлім. Кей­бірі ел аузында аңызға айналып та үлгерген. Әр тауы мен тасы, әр көлі мен өзені, орманы мен дала­сы­ның атауы мен сол атаулардың пайда болуының өзін­дік тарихы қалыптасқан. Қазақ – шежіреші, тарихшы ха­­лық, қарттары тарихты айтқанда талайдың аузын аштырған елміз. Өкінішке қарай, кеңестік заманда ұлтсыздандыру, өткенімізді ұмыттыру саясатының кесірінен көбін ұмыта жаздағанымыз анық.

Қызылжар өңіріндегі Айыртау ауданындағы қос шо­қының атауы туралы аңыз ұмытыла қойған жоқ. Сол ел аузындағы аңыздардың бірінде қазақ даласына ба­сып кірген мыңдаған қол жау әскері туралы ай­ты­лады. Жергілікті батырлар қасық қаны қалғанша қазақ же­рін қорғап қалуға тырысады. Сол қол бастаған ба­тыр­лардың арасында ағайынды жігіттер ерекше ер­лігімен ел есінде қалады. Және осы шоқының атауы да сол батырларға байланысты қойылған.

Баса-көктеп кіріп келген сансыз жауға ағайынды қос батыр қарсы шабады. Олар күн демей, түн демей жау кері қашқанша шайқасады. Алайда жаудың көптігі сонша – бәрін қыра алмай, жау қолынан қаза табады және аңыз бойынша олар өлген соң, екеуі де тауға айналған екен. Ал ағаларының ауыр қазасынан белі қайысқан қарындастарының аққан көз жасы көрікті Айыртаушық көліне айналады. «Қанша жау қы­рылса, шоқы етегінде сонша ағаш өсіп шыққан, ал қан тамған жерлерде жидек тоғайлары пайда болған екен», – деп жергілікті ақсақалдар немерелеріне әңгі­мелеп беріп отырады.

«Қос бауыр» шоқысы Айыртау ауылының баты­сында 12 шақырым жерде орналасқан. Екі шоқының етегі біртұтас, ал 300 метр биіктіктен бастап олар екіге бөлінеді. Шоқы бөктерінен төбеге дейінгі қашықтық – 500 метр.

Шоқының төбесіне шыққан кезде осы жерден Шал­қар көлі аумағын да тұтастай көруге болады, биік­тігі сан алуан шоқылар, көптеген көлдер, жуық маң­дағы ауылдар, сондай-ақ аудан орталығы – Саумалкөл ауы­лы да шоқының басына шыққанда алақандағыдай көрінеді.

Соңғы жылдары бұл ауылда туризмді дамыту қолға алынды. Және «Қос батыр» шоқысына шығу бағыты жасалды. Бағыт Айыртау ауылынан сирек қарағай ор­манымен оңтүстік бағыттағы жолмен басталады. Одан әрі жол үш шақырым ұзындығында қайыңды орман арқылы Айыртаушық көліне және «Қос батыр» шо­қы­сына апарады. Шоқының биіктігі 500 метрді құ­рай­ты­нын айттық, оған жоғары өрмелеу ерекше назар мен дағдыны талап етеді.




Көрілген: 2247    Пікірлер: 2

сенбі, 21.12.2013, 14:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    28 Қыркүйек 2013
    Көз байлаған кесене
    27 Сәуір 2013
    Құныскерей үңгірі
    16 Ақпан 2013
    Аңызға толы Аққұм
    19 Қаңтар 2013
    Тылсымға толы теңіз
    22 Желтоқсан 2012
    Жеті өлікке жан берген
    8 Желтоқсан 2012
    Аңызға айналған көк аса
    29 Қыркүйек 2012
    Хантағы атауының сыры
    8 Қыркүйек 2012
    Оғыз батыры – Оқшы ата
    14 Сәуір 2012
    Түйте әулие тасы

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30