Күйік асуының атауында не сыр бар?

Күйік асуының атауында не сыр бар?

Қазақтың «Жол азабын жүрген біледі» деген тәмсілі сапарға шыққанда тіл ұшына оралады. Рас, қазір шалғайдағы қонысқа қас қағымда жетіп бару қиын емес. Жүйткіген жеңіл көлік алысты жақындата түсті. Жылдан-жылға ойқы-шойқы жолдар да жөнделіп жатыр. Таспадай тізілген тегіс тас жол жолаушының діттеген жеріне тезірек жетуіне қолайлы жағдай туғызады. Бұрынғыдай арбамен айшылық жол жүру дегенді қазір түсімізде де көрмейтін жайлы жағдайға жеттік. Әрине, қазақ даласының барлығы жазық жер емес. Ойлы-қыратты, таулы-тасты аумақтар да алдымыздан шығады. Мұндай сәттерде тақымдағы темір тұлпардың өзі де аяғына тұсау түскен аттай кібір­тіктеп қалады. Әсіресе таудың биік бөлігінде орын тепкен асуларда көлік те ышқынып, әрең дегенде асудан асып жататынын талай мәрте көзі­міз көрді. Ұлан-байтақ даламызда мұндай ау­мақ­тар баршылық. Солардың қатарында Ақсу, Алтынемел, Күйік, Қордай секілді белгілі асулар бар.
Еліміздің оңтүстік өңірінде тұратын жұрттың біразы Жамбыл облысы аумағындағы Күйік асуын жақсы біледі. Алматы қаласына бет алған көлік ішінде болған жолаушылар бұл жерден міндетті түрде өтеді. Өйткені бұл аумақтан айналып өтетін өзге жол жоқ. Қанша қиын болса да, әрлі-берлі жүрген жұрт осы аумақтан асуға мәжбүр. Әрине, күнделікті жүрген адам асудан өтудің қиындығын сезіне қоймайтын шығар. Алайда анда-санда жолға шығатын адамдар сол сапарын көпке дейін ұмыта алмауы ғажап емес. Олай болуы тегін емес. Таудың орталық бөлігін жүріп өтуге қаншама уақытын сарп етеді. Жан-жағыңды қоршап тұрған биік тауларға көз салып, ерекше сезімге бөленгенімен, асуды артта қалдыру оңайға соқпайды.
Бұл жер неге Күйік атанған? Асудан өтудің қиындығына байланысты айтылып кеткен бе екен? Әйтеуір, оның тектен-текке шықпағаны анық. Қазақта «күйік» сөзі бекерден-бекерге тіл ұшына орала қоймайды ғой. Бір нәрседен әбден қажып, шаршаған адам күйінеді. Бәлкім, асудың осылай аталуының сыры сонда жатқан шығар-ау?
Осыдан бес жылдай бұрын Сыр топырағынан Алматы қаласын бетке алып жолға шыққан едік. Көлігіміз Оңтүстік Қазақстан облысындағы Машат шатқалынан өткенде «мына жолдың қиынын-ай» деген сөз тіл ұшына еріксіз орала берген еді. Қасымда отырған серіктес ағамыз: «Алда әлі талай асулар бар. Соның ішінде Жамбыл облысы Жуалы ауданы аумағындағы Күйік асуы біраз қиындық алып келеді» деген еді. Көп ұзамай Күйік асуы да бізді қарсы алды. Тас жол үстімен жүріп келеміз. Таусылатын түрі жоқ. Айналамызды биік-биік таулар қоршап алған. Бұралаң-бұралаң жолдар көліктің жылдам жүруіне кедергісін келтіреді. Әрең дегенде жазыққа іліктік-ау. Біз де асудың бекерден-бекер Күйік деп аталмағанының сырын сезінгендей болдық.
Десе де жергілікті жұрт Күйік атауының шығуы жөнінде түрлі жорамал айтады. Елдің аузында жүрген әңгімелер ойыңды сан-саққа жүгіртеді. Соның алғашқысы – Есім ханның тұсында болған оқиға.
Қазақ тарихында есімі алтын әріппен жазылып қалған Есім хан кезекті жорыққа аттанар алдында Тұрсын ханды шақырып алады. Оған отбасы мен ел билігін аманат етеді. Екі жылдай жорықта болып, жеңіс­пен елге оралар сәтте Әулиеатадан 40  шақырымдай жерге таудың осы бөлігінен бір кейуананы кездестіреді. Бажайлап қараса, өзінің анасы екен. Тұрсын хан аманатқа адалдық танытпапты. Есім ханның анасына өзінің бұзауларын бақтырып қойыпты­. Өзінің сеніп тапсырған адамының мұн­дай қылығына әбден күйінген хан «Мы­на бір күйікті-ай» деп ренжіген көріне­ді. Содан кейін жергілікті жұрт таудың осы бөлігін Күйік деп атап кеткен деседі.
Тағы бір болжам ел басына күн туған ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама уақытқа байланысты айтылады. Жаудың қаскөйлігіне әбден наразы болған осы маңдағы ел аталмыш асуды осылайша атап кеткен-міс. Ендігісі, жер жағдайына байланысты айтылған. Тас жолдың екі жағындағы жақпар тастар бейне бір күйіп қалған секілді көрінеді. Бұл да басты жорамалдың бірі саналады.
Сондай-ақ тасқа басылған деректерді кітап беттерінен табуға болады. Орыс жазушысы Дмитрий Фурманов «Мятеж» атты романында Күйік асуы жайында жазған екен. Онда: «Каюк (Күйік) асуында табиғат тез өзгереді, бұралаң, тастақты жолмен терең құлдилай бердік. Жолдағы үлкен тастар татар молаларының басын­дағы белгі тастарға ұқсайды екен. Бұл жердегі арғы-бергі өткен жолаушыларға қарақшылық шабуыл жасалып тұрғанда, ел көтеріліп керуен сарайды иесімен қоса өртеп жібереді. Жер атауы содан кейін Күйік аталған екен», – дейді.
Рас, аталмыш асу атауы жөнінде талас болғанымен, тасқа басылған нақты дерек жоқ. Сол себепті барлығы да болжам күйін­де қалады. Бастысы, бұл асудың бекерден-бекер осылай аталмағанына көзің айқын жетеді. Жалпы алғанда, асу дегеніміз – тау жотасының табаны жалпақ, асып өтуге қолайлы жері. Ол пайда болуына орай эрозиялық, тектоникалық және мұздықтық деп бөлінеді. Олардың әрқайсысының сипаттамасына қысқаша мәлімет бере кетке­німіздің артықтығы болмас. Эрозия­лық дегеніміз – өзендердің тау басындағы аңғарының қарама-қарсы беткейлеріндегі кері эрозиялық әрекет нәтижесінде жақындасуынан пайда бола­тын асу.
Антиклиналды қатпарлану осінің өз орнында шөгуі және күмбезді қатпарлану­дың жарықтың бойлай түсуінен пайда болуын тектоникалық деп атайды. Ал мұздықтық түріне қардың бір-бірімен қосылуы және одан әрі тапталуы нәтиже­сінде пайда болғаны жатқызылады.
Дүниежүзінде таудың өте биік жерле­ріне орналасқан автокөлік жүретін асулар аз емес. Мәселен, Үндістанның Кашмир және Джамму штаттары аралығындағы Кхардунг-Ла асуы 5359 метр биіктікте орын тепкен. Сондай-ақ Қытайда Суге Ла, Семо ла, Непалда Нангпа-Ла секілді әлем­ге белгілі асулар бар. Мұндай жерлер Еуро­паның таулы аумақтарында аз кездес­пейді. Ал Ресейдің Қап тауы аймағында мұндай асулар көптеп саналады. Бұл жер­лерді тамашалауға келетін туристер де аз емес көрінеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста