Найзатапқан нақыштарында не сыр бар?

Найзатапқан нақыштарында не сыр бар?

Қазақ жерінде адам санасы қабылдай алмайтын, ғылымның өзін әуре-сарсаңға салатын түрлі жайттар мен оқиғалар жиі кездеседі. Өз басымнан өткерген мына екі жайт кездейсоқтық па, әлде керемет пе – әлі күнге түсіне алмаймын.

Жаркенттің орталық базарының маңынан Найзатапқанға баратын такси іздедім. «Жолы болар жігіттің жеңгесі шығар алдынан» демей ме қазақ, бірақ менің алдымнан жеңгем емес, дүнген кезіге кетті.

Жайдақ жолда сары «копейка» зулап келеді. Жүргізушінің әйелі мен қызы сол жерде түнеп жатыр екен. Әңгіме арасында кішкентай қызын әйелі бала көтере алмай жүрген кезде Найзатапқанға барып түнеп, сұрап алғандығын айтып қалды. Жыл сайын сол қасиетті жерге барып тәу етіп тұрады екен. Жалпы, осы мекенді жайлаған ел туралы, жерін найзаның ұшымен қорғаған батырлар және олардың бойындағы түрлі қасиеттер жайлы әңгімелермен қаладан 120 шақырым жердей қашықтықта орналасқан Найзатапқанға да келіп қалдық.

Бұл жерде де қаптаған «зияратшылар». Бәрі қос тігіп алған. Аралап көрдік, алып бара жатқан ештеңесін байқамадық, тек таңдайымызды қақтырған сол жердегі тастарға қашалған аң-құстардың, түрлі таңбалардың бейнелері болды. Солардың бәрін суретке түсіріп алдым. Сазды жерде бұлақ көп болады емес пе. Найзатапқандағы әр бұлақтың басына суының қай ауруға ем болатынын жазып қойыпты.

Тәу ете келгендер ішіп жатыр. Тіпті біразы ар жақтағы қара батпаққа шыланып алған. Соқыр сенім бе, әлде расымен-ақ емі бар ма бұл ғажайыптың?! Бұл жерден кеткенше менің басымдағы осы тақылеттес сауалдар бір толастаған емес. Біраз сырға қанықтым, біраз кісілермен мәжілістес болдым. Бәрі осы жердің киелі екенін дәлелдеп-ақ бақты.

Тіпті менің алдымда телеарнадан келген журналистер де сенбей, кадрға түсіріп алған екен. Солар Найзатапқанның бауыздау алқымынан шыға берісте жеңіл көліктерімен аударылып қалыпты. Барып көрдім, теп-тегіс жер. Құмырсқа екеш, құмырсқа да шалынуы мүмкін емес.Сонымен қатар ел «ешкім жасамаған, Жаратушының өзі жасады» десетін тастан ойған ер-тоқым мен ошаққа да соға кеттік. Сөйтіп отырғанда төбе басына киіз төсеп, малдас құра отырған үш ақсақал шақыртты. Өздері де осында түнеп жатыр екен. Сөйлестік.

Біреуі кезінде имам болған екен. Расы, тыңдаудан жалықтым. Сондықтан да оларға асығып тұрғандығымды жеткіздім. Ақсақалдардың бірі басын шайқап, кейігендей сипат танытты. Бұл жерде асылық білдірсең, табиғат тосын мінез көрсетеді екен. Сенбедім. Мені көлік күтіп тұрған еді.

Қызығы сол, аспан шайдай ашық болатын. Ақсақалдар отырған төбеден түсе бергенімде аспанды демде қара бұлт торлап, найзағай ойнады. Жүрегім зу ете қалды. Екінші мәрте найзағай ойнағанда автокөлікке қарай жүгіре жөнелдім. Нөсер жауын төпелеп берді. Кәдімгі тас бұршағы аралас қара нөсер...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста