Талайды таңғалдырған Толағай тауы

Талайды таңғалдырған Толағай тауы

Қазақтың қабырғалы қаламгері Әбділда Тәжібаевтың »Толағай» поэмасын біздің буын жақсы біледі. Елдің қамын ойлаған ердің ерлігі талайды тәнті етті. Әрине, қарапайым адам тау көтере алмасы анық. Жұрттың аузында жүрген әпсанаға сүйенген ақын сол дүниені рухани қазынаға айналдырды. Осы арқылы ерлік, өрлік, отансүйгіштік пен елжандылықты жас ұрпақтың санасына сіңіруге тырысты. Жә, әңгіменің әлқиссасын осы оймен түйіндеп, сөздің келесі кезегіне қонақ берелік.
Аңыз бен әпсана кейде қиял-ғажайып дүниемен ұштасып жатады. Оған ешбір таңырқаудың қажеті жоқ. Жаратылыс заңын мүлдем түсіне алмайсың. Он сегіз мың ғаламда біз түсіне бермейтін талай тылсым бар емес пе? Мына жалғанда »Толағай» деген алып адам болған ба? Ол қайда өмір сүрген? Елдің арасы ғой, жұрттан естіп қаламыз. Қазақ даласының шығысында Толағай тауы аталған аймақ бар екен. Елең ете қалдық. Ойымызға мектепте оқыған шығарма сап етті. Білетін жұрттан дерек жинадық. Біршама дүние қолға түсті. Көз салдық. Көкейге түйдік. Айтар әңгіме де бар екен...
Шығыстың Семей аймағында Көкпекті ауданы бар. Тарбағатай тауының етегінде қоныс тепкен. Сол таудың сілемінің бірі – Толағай. Аңызды бәріміз білеміз. Оған соңынан тоқтала кетерміз. Әзірге толағай сөзінің шығу тарихын зерделеп көрсек.
Толағай этнонимін ғалымдар біршама зерттеп көрген екен. Жорамал мен болжам біраз. Түрлі мағынада айтылады. Тіпті оның басқа тілдерде де мағынасы бар көрінеді. Ғалымдардың айтуынша, моңғол және бурят тілдерінде тологой, толгой, толгай деген сөздер кездеседі. Сол ұлттар мекен еткен өңірде де сол сөздер қосарланған жер-су аттары назар аударады. Мәселен, Моңғолияда – Баян-Толгой, Лам-Тологой, Бурятияда – Ундэр-Толгой, Чулун-Толгой секілді тау аттары бар. Бәлкім, ол ұлттарда да біздің Толағай секілді баһадүр болған ба екен?
Тіл саласының мамандары толағайдың қазақ тілінде бірнеше мағынасы бар екенін айтады. Кейбір аймақтарда толассыз соғылған желдің атауын солай деп атайды. Сондай-ақ тақыр және бас деген ұғымды беретінін де тілге тиек етіп жүр ғалымдар. Әрине, оған біздің алып-қосарымыз жоқ. Олар да тектен-текке сол сөздің мағынасын іздеп жүрген жоқ. Бала кезден құпияға айналған ұғымның қыр-сырына қанығуды қалаған шығар.
Белгілі ғалым, Қазақ Ғылым академиясының ака­демигі Рәбиға Сыздықова толағай этнониміне »жеке тұрған төбесі тақыр тау» деген ой қозғапты. Ол кісі бұл сөздің шығуы бас, басшы, бастық деген мағынаға да жақын екенін жасырмайды. Шынында да, қазір біздің ұғымға онша келе бермейтін талай сөз бар. Оны өмірдің заңы деп те қарайды. Өйткені уақыт ағымымен кейбір сөздер ескіріп, елдің есінен шығып қалып жатады. Толағай да сондай архаизмге енген сөздің бірі болса керек-ті.
Қазақтың әдебиетінде орын алған бірқатар тарихи шығармаларда толағай сөзі кездесіп қалады. Соның бірі – »Ер Қосай» эпосы. Онда »Ер-тоқымын жастанып, Қу толағай бастанып» деген жолдар бар. 
Өршіл рухты ақын Махамбет те «Қу толағай бастанбай, Ерлердің ісі бітер ме?», – дейді. Сондай-ақ мұндай жол­дар Шал ақын мен Дулат Бабатайұлының шығарма­ларында да кездеседі.
Қазақ даласының кеңдігі сонша жер-су атаулары кез келген аймақта қайталана береді. Мәселен, «Толағай тауы» деп атал­ған аймақтар Қазақстанның бірнеше же­рінде бар. Қарағанды облысының Жаңаар­қа аймағы мен Жамбыл облысында осын­дай кішігірім таулардың бар екендігін жергілікті жұртшылық жақсы біледі. Алай­да қанша­ма ұрпақтың жадында жатталып қалған әйгілі әпсана еліміздің шығыс өңі­ріндегі халықтың есінде бірнеше ғасырдан бері сақталып келіпті. Бұл аңыз М.Әуезов атын­дағы әдебиет және өнер институтының қолжазбалар қорында сақтаулы тұр. Оны жергілікті ғалымдар кезінде елдің аузынан жазып алған. 
Елдің әңгімесіне құлақ түрсек, есте жоқ ескі заманда қазіргі Толағай тауы орын тепкен аймақта құрғақшылық болған екен. Табиғаттың тосын құбылысы жұртты әбі­гер­ге салады. Сол тұста «Толағай» деген алып батыр болады. Ол Саржан деген аңшының баласы екен. Бала дүниеге келгеннен ерекше болып өседі. Ол жыл санап емес, күн өткен сайын жетілген көрі­не­ді. Төрт жасында нағыз батырға айна­лыпты. Жеті жасында күресте оған қарсы шығатын  ешкім болмаған екен.
Халықтың есін алған құрғақшылық Толағайдың да қабырғасына батады. Со­дан кейін жолға шығады. Шорға даласына жетіп, Алтай тауынан орман-тауы, өзен-көлімен қоса арқалап жүре беріпті. Әйтсе де діттеген мекеніне жете алмай, мәңгілік таудың астына қалып қойған екен. Содан кейін жаңбыр тоқтамай жауады. Халықта қиындықтан құтылады.
Содан бері талай жылдар өткен шығар. Әрине, ержүрек ұлды елі ұмытпайды. Дегенмен біздің ұғым бойынша тау дегенің – анау-мынау адам қолтығына қысып кете беретін дүние емес қой. Бәлкім, Толағай есімді адам халықтың қамын күйттеген шығар. Жақсының жақсылығын көрген жұрт оны «тау көтерген Толағай» деп атауы да ғажап емес. Әйтсе де жер бетінде біз білмейтін жұм­бақ жаратылыс қаншама...
Таулы өңір саналатын шығыс аймақта жаңбыр жиі жауады. Толағай тауы ма­ңын­дағы жұрт та содан кейін бұрынғыдай жауын-шашыннан таршылық көрмеген екен дейді көнекөздер.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста