Алаштың азаматтық кодексі

Қос азаматтық мәселесін көтеріп жүргендердің көксегені не?

  •  Қос азаматтық мәселесін көтеріп жүргендердің көксегені не?

    Қос азаматтық мәселесін көтеріп жүргендердің көксегені не?

Өткен айда закон.кз порталында (двойное гражданство) «Интеграционная инициатива Республики Казахстан – двойное гражданство в Евразийском Союзе» атты жаңа заң жобасы жарияланған болатын. Бұл заңды дайындағандардың көздегені не? Олар осы арқылы Украинаның оңтүстік-шығысындағы тегін таратылған «төлқұжат-бомбасын» біздің елге «бейбіт» жолмен әкелуді қалап отырған жоқ па? «Алаш айнасы» осы сұрақтарды ой елегінен өткізіп көрген еді.

Аталған Заң жобасын қабылдау қажеттігінің негіздемесінде былай деп жазылыпты.

«Қазіргі әлемдік мемлекеттер экономикасының жаһандануындағы дүниежүзілік үдерістің даму, ТМД, Евроодақ, ЕврАзЭОд, ОДКБ, ШОС, Кеден одағын құру, ЕвразОд (ЕАС) – біртұтас саяси, экономикалық, әскери, кедендік, гуманитарлық, мәдени кеңістігі бар мемлекеттердің конфедеративтік одағы және басқа да достасқан экономикалық және әскери-саяси одақтар құру нәтижесінде, азаматтардың жаппай заңдық-ұйымдық мәселелері туындайды, бұл – барлық сала бойынша өзара кіріккен егемен мемлекеттердің өміріндегі маңызы бар қос азаматтық алу мәселесі. Қос азаматтықта көптеген өміршең мүмкіндіктер бар, әсіресе көрші елде тұрып жұмыс істейтін және де оған әлеуметтік қорғаныс, тұрақты жұмыс, білім алуға, сондай-ақ өзінің тұрақты еліне деген отаншыл сезіміне қаяу түсірмеуге, оның психологиялық және әлеуметтік жайлылығына, өзіне өзі баға беру мен өз тұлғасын сәйкестендіруге (идентификация), азаматтық ұстанымын сақтауға - шетелдік азамат үшін қолайлы (КО, ЕАО елдерінде уақытша жұмыс істеп, емделетін ҚР азаматы) – бұл ҚР үшін экономикалық және әлеуметтік пайдалы».

Сіз не дейсіз?

Дос Көшім, саясаттанушы:

– Егемендік алған тұста қос азаматтықтың қажетсіздігі туралы мемлекет те, халық та жақсы түсінді. Жалпы, унитарлы мемлекеттер үшін қос азаматтықтың пайдасынан зияны көп. Украинадағы, Осетия мен Абхазиядағы оқиғалардан кейін біз қос азаматтықтың тигізер зиянын толық түсінсек керек-ті. Егер де дәл қазір Еуразиялық Одақты мысалға келтіре отырып, қос азаматтық мәселесі көтерілсе, бұл нағыз арандатушылық деп білемін. Мұндай мәселені арнайы саяси мүдделі топтар ғана жалаулатады. Мәселен, тәуелсіз ел бола салып, қос азаматтыққа шектеу қоюымыз, көші-қон мәселесін қолға алуымыз өте сәтті бастама болатын. Егер бүгін қос азаматтық алуға мүмкіндік беріп қойсақ, онда тәуелсіздігімізге қауіп төнгені. Кезінде «оралмандар деген сөзді алып тастап, орнына «отандастар» ұғымын пайдаланайық» деген бастамалар болған. Отандастар дегеніміз – бұрын Қазақстанда тұрып, көшіп кеткендер. Олардың ішіне қандастарды былай қойып, мемлекетімізден көшіп кеткен украиндер, немістер, орыстар, белорустар, т.б кіреді. Меніңше, біздің ТМД елдеріне көшіп кеткен өзге ұлттарға құшақты айқара ашуымыз дұрыс емес. Өйткені, олар жағдай жақсы болса, Қазақстанда қалып, әлеуметтік әлеует нашарласа, көшіп кететін тұрақсыз азаматтар. Олардың бізге қажеті бар ма? Жалпы, Қазақстан азаматығын алатындарға Ресей секілді мемлекеттік тілді, тарихты, салт-дәстүрді білуді міндеттеу керек.


Дәурен Бабамұрат, «Болашақ» жастар қозғалысының лидері:

– Біздің мемлекет үшін қос азаматтық – өте қауіпті. Оған қандай жағдайда болмасын жол беруге болмайды. Басқа мемлекеттік азаматтығын алған адамды сол сәттен бастап еліміздің азаматтығынан айыру қажет. Қос азаматтық қандай мемлекеттерге тиімді. Біріншіден, қос азаматтықты өте мықты алпауыт, екіншіден, экономикалық тұрғыда өте әлсіз мемлекеттер енгізеді. Қазақстан секілді унитарлы, орта деңгейлі мемлекеттер ешқашан да қос азаматтыққа жол берген емес. Қос азаматтық деген – тәуелділік деген сөз. Бұл негізінен бір-біріне мәдени, рухани, экономикалық немесе саяси тәуелді екі мемлекеттің арасында болады. Жер бетінде қос азаматтық алмаса, экономикасы құлдырап кететін Мальта секілді мемлекеттер бар. Ол мемлекетті алпауыттар ұстап отырады. Үшіншіден, контрадорлы мемлекеттер үшін қос азаматтық тиімді. Өйткені, ол мемлекетті олихархтары тонап-тонап алады да, шет елге қашып кетеді. Контрадорлы мемлекеттердің саяси элитасы елді тастап қашып кету үшін қос азаматтыққа қарсылық білдірмейді. Яғни, қос азаматтықты унитарлы, демократиялы дамыған мемлекеттің көрсеткіші ретінде қарастырмауымыз қажет. Жоғарыда айтқан үш мысалға қарап, Қазақстан үшін қос азаматтықтық керексіздігін анық байқауға болады.


«Алаш айнасының» түйіні

ТМД, ЕврАзЭОд, ОДКБ, ШОС, Кеден одағы, ЕвразОд (ЕАС) секілді интеграциялық бірлестіктердің мақсаты не? Бұл одақтар арқылы біз бір мемлекеттік құрылым болмайтынымыз осыған дейін неше рет айтылған жоқ па? Әрқайсысы дербес саясат жүргізетін екі мемлекет арасында қос азаматтығы барлар көбейсе, оның соңы неге апарып соғады? Ертең интеграциялық бірлестікке мүше мемлекеттердің мүдделері қайшы келіп қалса, жайымыз не болмақ? Бұл сансыз сұраққа бір ғана жауап бар. Қазақстан қандай жағдайда болмасын қос азаматтыққа қарсы болуға тиіс. Егер олай болмаса, тәуелсіздікке қауіп төнгені.




Көрілген: 3068    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 21.05.2014, 16:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31