Алаштың азаматтық кодексі

Елімізде әкімдердің құзіреті кеңеюі мүмкін

  • Елімізде әкімдердің құзіреті кеңеюі мүмкін

    Елімізде әкімдердің құзіреті кеңеюі мүмкін

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының қорытындысын әзірлеу жөнінде мәселесі қаралды.


Аталған заң жобасының маңызын депутаттарға Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіров түсіндірді.


«Заң жобасы ішкі істер органдарының жүйесін жетілдіруге, әрі құқық бұзушылықтар профилактикасы мен тұрмыстық және рецидивистік қылмысқа қарсы іс қимылды қамтамасыз етумен байланысты шаралардың тиімділігін арттыруға бағытталған», - деді депутат.


Осы орайда ол аталмыш заң жобасындағы негізгі ережелерге тоқталды.


«Біріншіден, жаңадан құрылған бөліністі полиция департаменттері деп қайта атай отырып, ішкі істер департаменттері мен жергілікті полиция қызметін біріктіру. Екінші, Ішкі істер министрлігіне бағыныштылық пен полиция департаменттерін ішкі істер органдарының бірыңғай жүйесінде сақтау», - деді Нұрлан Әбдіров.


Оның айтуынша, заң жобасы әкімдерге жаңа құзыреттілік беруді көздейді.


«Үшінші, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың әкімдеріне құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар басшылығын президенттік резервте тұрған полиция қызметкерлердің қатарынан ішкі істер департаменттерінің ұсынымы бойынша полиция департаменттері бастықтарын тағайындау құқығын беру», - деді халық қалаулысы.


Сонымен қатар аталған заң жобасында әкімдер полиция қызметінің алдына жаңа міндеттерді қоя алады.


«Төртінші, әкімдерге полиция департаменттері алдында бүгінгі күні жергілікті полиция қызметінің құзыретіне жататын міндеттерді қою құқығын беру жолы мен полиция жүйесін жаңғырту. Жобада 2 кодекс және 5 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді. Комитет аталған заң жобасын жұмысқа алуға дайын», - деп түйіндеді сөзін Нұрлан Әбдіров.


Депутаттар аталған заң жобасының қаулысын қолдап дауыс берді. Енді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті аталған заң жобасы бойынша жұмыс істейді.




Көрілген: 964    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.11.2017, 14:35

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30