Алаштың азаматтық кодексі

Қадағалаушы органда маңызды өзгерістер бар

  • Қадағалаушы органда маңызды өзгерістер бар

    Қадағалаушы органда маңызды өзгерістер бар

Еліміздегі заңдардың қатаң сақталуын қадағалайтын бас орган - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы. Бүгінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жүйесінде маңызды өзгерістер болып жатыр. Мұндай өзгеріс Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» бағдарламасын, Қазақстан халқына Жолдауын, басқа да тапсырмаларын іске асыру шеңберінде жүргізілуде.

Ең алдымен, Конституцияға енгізілген түзетулер. Оның прокуратураға қатысты 83-ші бап Конституция қабылданғаннан бері алғаш рет өзгерді. Екіншіден, бұрын Негізгі Заңда прокуратураның өкілеттіктері нақты көрсетілген болатын. Енді олай емес. Қадағалаудың көлемі мен шегі заман талабына сай прокуратура туралы және басқа процессуалдық заңдарда реттелетін болды. Прокуратура туралы Заң ағымдағы жылдың шілде айының ортасында күшіне енді. Үшіншіден, Елбасының тапсырмасымен арнайы топ құрылды. Мақсат – қылмыстық процесті модернизациялау. Оған қарапайым адамдардың көзімен қарап, тиімді моделін құру. Жыл соңына дейін бұл тапсырманы орындап, Парламентке тиісті заң жобасы ұсынылмақ. Бұл прокуратураның құқық қорғау потенциалын күшейтеді. Осы мақсатта қазіргі таңда прокуратура мамандары дамыған елдердің тәжірибесін зерделеуде. 

Жақында құқық қорғау органдарының бірінші басшылары Литва, Эстония, Грузия, Англияға барып келді. Солардың прокуратураларының жұмысымен танысты. Голландия, Украина, Германияның мамандары бізге келіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Дамыған елдерде прокуратураның басты міндеті - қылмыстық істер бойынша заңдылықты қамтамасыз ету. Оларда прокуратура - сот пен полицияның арасындағы мықты фильтр. Тергеудің кемшіліктерін жояды, кінәлінің әрекетіне квалификация береді, мемлекеттік айыпты қолдайды.

Сондықтан еліміздегі қадағалаушы орган өздерінің алдына 4 міндет қойып отыр.

1)тергеу органдары, прокуратура және сот арасындағы өкілеттікті нақты ажырату;

2) сот бақылауын күшейту;

3) қорғау мен айыптаудың теңдігін арттыру;

4) қылмыстық процесті барынша үнемді ету.

Жалпы, Конституция мен заң прокуратураның мемлекеттік басқару жүйесіндегі орнын, мәртебесін анықтап, өкілеттіктерінің шегін бекітті. Ал, соны қоғам мен мемлекетке пайдалы ету үшін қандай әрекеттер жасалуда. Ең алдымен жыл басынан бері бір пилоттық жоба қолға алынды. 



Прокуратура мамандарының айтуынша, кейде дәлел жеткілікті болса да, кінәлі адам мойындап тұрса да, қылмыстық іс айлап тергеледі. Жәбірленушілер, куәлар бар жұмысын, бизнесін ысырып қойып, күндеп, тіпті апталап тергеу органдарында жүруге мәжбүр.Сондықтан Астананың Алматы ауданы мен Ақмоланың Целиноград аудандарын эксперимент үшін таңдап алып, осы проблеманың себептеріне мұқият үңілуге мүмкіндік туды. Айтарлықтай нәтиже бар. Дәлелденіп тұрған істер бұрынғыдай 1-2 ай емес, 5 күнде, әрі кетсе бір аптада тергеліп, үкімдер шығып жатыр. Сотқа жолданған істердің 75 пайызы осындай қысқа мерзімде аяқталды. Қалғандары егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін күрделі істер.




«Ең алдымен, істі қарап, виза қоятын адамдардың саны қысқартылды. Іс полиция мен прокуратурада біраз лауазымды адамдардың қолынан өтеді екен. Әрине, бұл қыруар уақыт. Сотта істі қарау үшін кемінде 1 ай керек. Әрине, содан адамдардың өкпесі қара қазандай. Сондықтан полиция мен прокуратурадағы процедураны жылдамдаттық. УПК бойынша келіп түскен қылмыстық теріс қылық туралы істі прокурор 1 тәулікте зерттеуі тиіс. Бұл мерзім 6 сағатқа дейін қысқарды. Ал, жеделдетілген формадағы істер 3 тәулік емес, 24 сағатта қаралып, сотқа жолдануда. Бұрын полиция істі прокурорға өткізу үшін көп уақыт жоғалтатын. Прокуратураға барады, канцелярияға тапсырады, сосын қала, аудан прокуроры арқылы орындаушыға жетемін дегенше біршама уақыт кетеді. Қазір мұндай артық кедергілерді алып тастадық. Жергілікті ішкі істер бөліміне кезекші прокурорды әдейі отырғыздық. Ол істерді қарап, өзі бірден сотқа жолдайды.Тергеушілер нарко, психодиспансерден анықтама алу үшін баяғыдай өздері барып, кезекте тұрып, құжатты алып жүрмейді. Кабинетте отырып-ақ анықтаманы базадан 10 минуттаалады.Бұл қызметкерлердің артық жұмыстан қолын босатып, олардың ашылмаған, ауыр қылмыстармен айналысуына мүмкіндік ашты.Екі ауданнан басталған пилотты қазір бүкіл республикаға таратып жатырмыз» дейді Бас Прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов.




Көрілген: 1065    Пікірлер: 0

жұма, 03.11.2017, 22:25

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30