Алаштың азаматтық кодексі

Қос азаматтық: Депутаттар неге үнсіз?

  • Қос азаматтық: Депутаттар неге үнсіз?

    Қос азаматтық: Депутаттар неге үнсіз?

Ресей мен Украина «қос азаматтықтан» келер қатерден қорғанып жатыр. Ресей Мемлекеттік Думасы қос азаматтық алғандарды 3 жылға бас бостандығынан айыруды көздейтін заң жобасын талқылап жатса, Украина «елдегі жай тынышталған соң, бипатридтердің үстінен қылмыстық іс қозғап, 10 жылға дейін бас бостандығынан айырамыз» деп білектерін сыбануда. Екі көршіміз бұл мәселені мемлекеттік деңгейде көтеріп жатқан тұста біз неге самарқаумыз? «Алаш айнасы» осы мәселеге ой жүгіртіп көрген еді.

Біз бұған дейін Ресей Мемлекеттік Думасының қос азаматтық алғандарды 3 жылға бас бостандығынан айыруды көздейтін заң жобасын талқылап жатқанын айтқан болатынбыз. Олар бұл заңды күшіне енгізсе, бипатридтерге 40 мың рубль айыппұл төлетіп, 360 сағат еркінен тыс жұмысқа шегіп, сонан кейін 2 жыл қара жұмыс жазасына кеспек. Ал, егер мемлекеттік қызметте жүргендер қос азаматтық алатын болса, олардың жазасы бұдан да ауыр болады. Ал, бізде ше? Біз қос азаматтығы анықталған азаматтарға бар болғаны 100 мыңға жуық теңге айыппұл саламыз немесе азаматтықтан айырамыз.

Рамазан Сәрпеков, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Бізде Заң қос азаматтыққа жол бермейді. Егер де мұндай деректер анықталып жатса, ол азамат азаматтығынан айрылады. Менің ойымша, біз бұл мәселеде Ата-Заңның айналасында әрекет етуге тиіспіз. Кіріс-шығыс, жалпы миграциялық мәселелерді қадағалайтын өкілетті органдар бар. Алдымен солар қырағылық танытуы қажет. Екіншіден, дәл қазір бұл мәселені Парламенттік, Үкіметтік деңгейде көтеретіндей себеп жоқ. Себебі, біздің елде бұл мәселе Ресей мен Украинадағыдай ушығып тұрған жоқ. Егер де нақты фактілер тіркеліп, осы проблема асқынып бара жатса, біздің парламент қарап қалмайды деп ойлаймын. Үшіншіден, бүгінгі қолданыстағы Заңымыздың аясында азаматтық алу , азаматтықтан шығу тәртібтерін жүзеге асыра алып отырмыз. Яғни, Заң қанағаттандырарлық деңгейде деп ойлаймын. Мәселен, жылына мыңдаған адам Қазақстан азаматтығынан шығып, басқа елге кетіп жатса немесе басқа да жағдайлар болып жатса, ол уақытта бұл мәселені қолға алып, тиісті шара қолдануға болады.

Әрине, біздің елдегі қазіргі жайды Ресей һәм Украинамен салыстыруға болмайды. Бірақ, Ата-Заңымыздағы «Азаматтық туралы» Заң «кемелді һәм керемет» деп айтуға ерте секілді. Мысалы, осыған дейін «Алаш айнасы» көтерген төрт мәселені есіңізге алыңыз.

Бірінші мәселе. Заңда бұрынғы ТМД елдерінің азаматтары азаматтықты оңайлатылған тәртіппен алатыны анық жазылған. 1991 жылдың 21 желтоқсанына дейін Қазақстанда тұрып, кейін өз Отанына көшіп кеткен Ресей, Украина, Беларуссия азаматтарына ерекше жеңілдік жасау қаншалықты тиімді? Олар тәуелсіздік алған жылдары өзінің бөтен екенін сездіріп, Қазақстанды тастап кеткен жоқ па?

Екінші мәселе. Заң бойынша ҚР азаматымен кемінде үш жыл некеде тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан азаматтығын ала алады. Қазақстандық қызбен тұрмыс құрған кірме, азаматтық алғаннан кейін ажырасып кетсе, оның азаматтығы сақталып қалады.

Үшінші мәселе. Еліміздің қалталылары шетелде келіндерін босандыру арқылы балалары мен әйелдеріне АҚШ азаматтығын алып жатыр. Өйткені, АҚШ-та туған бала автоматты түрде сол елдің азаматы атанады. Ал, біздің «Қазақстан Республикасының азаматтығы» туралы Заңның 11 бабында: «Бала туған кезде ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматы болса, ол туған жеріне қарамастан Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады» делінген. Яғни, мемлекетіміз қос азаматтыққа тиым сала отырып, жас сәбилерге екі елдің азаматтығын алуына мүмкіндік беріп қойып отыр.

Төртінші мәселе. Қазақстан шекарасынан шықпай-ақ Ресей азаматтығын алуға болады. Оны Ресейдің Қазақстандағы елшілігі жүзеге асырады. Елшіліктің жарнамасында азаматтықтың құжаттарын Ресейде гөрі, Қазақстанда рәсімдеу жылдам, әрі тиімді екені жазылған. Бұл мәселеге біздің Заңымыз не дейді?

Нұрлан Жазылбеков, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

– Біз қос азаматтыққа түбегейлі қарсымыз. Тәуелсіз ел болғандықтан Ресейдің депутаттары не көтеріп жатқаны біз үшін маңызды емес. Қазақстан азаматтары «Ресейдің Қазақстандағы елшілігі арқылы азаматтық алады» деген деректі өзім зерттеп көрмедім. Бірақ, бұдан бұрын «еліміздегі кейбір азаматтар ертерек зейнеткерлікке шығу үшін Ресей азаматтығын алады-мыс» деген әңгімелер болған. Егер бұл мәселе төңірегінде заңсыздықтан белең алып жатса, міндетті түрде депутаттық сауал жолдаймын.


«Алаш айнасының» түйіні

Бипатридтердің дені қазақтан шыққан шенді мен шекпенділер һәм қазақтың тәуелсіздігінен көрі өз қамын көбірек ойлайтын өзге диаспора өкілдері... Оларды жазалайтын заңды бекіту, я болмаса оны мәселе етіп көтеру депутаттардың міндеті. Бүгінгіндей алмағайып кезеңде олардың қос азаматтық дертіне қатысты үндемей қалуға хақы жоқ. Біздің айтпағымыз осы.




Көрілген: 3794    Пікірлер: 0

сейсенбі, 27.05.2014, 17:21

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30