Алаштың азаматтық кодексі

Сенат еліміздің ішкі, сыртқы саясатындағы маңызды шараларға белсене атсалысып келеді

  • Сенат еліміздің ішкі, сыртқы саясатындағы маңызды шараларға белсене атсалысып келеді

    Сенат еліміздің ішкі, сыртқы саясатындағы маңызды шараларға белсене атсалысып келеді

 Биылғы жыл өзгерістерге толы болды. Соның ішінде еліміздегі саяси-реформа, билік тармақтарындағы міндет бөлінісі заң шығарушы органға да жаңа міндеттер мен жауапкершіліктер жүктеп отырғаны анық. Соның ішінде Сенаттың жаңа маусымдағы қызметі мен жоспарларынан ерекше тоқталуға тұрарлық.

Қазақстанның Үшінші жаңғыруы аясындағы билік тармақтарының міндет бөлінісі, экономиканы цифрландыру мен ырықтандыру, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – Елбасының бастамасымен қолға алынған бұл кешенді реформалар жақын болашақта мемлекет пен қоғам дамуының кепіліне айналатын болады.

Осы тұрғыда ел Парламентіне де Ата заңымызға сәйкес қосымша өкілеттіктер берілген. Парламенттің VI шақырылымының үшінші сессиясын ашқанда Мемлекет басшысы Ұлт жоспары мен Жолдау ая-сындағы барлық бекітілген бағ¬дарламаларды табысты жүзеге асырудың маңыздылығын атап өткен болатын. Ол үшін билік тармақтарының, соның ішінде Парламент пен Үкіметтің, қо¬ғамның ауызбіршілігі, өзара бірлескен іс-әрекеті қажет. Бұл орайда Сенатта да кешенді, жүйелі әрі тыңғылықты заң шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сенат депутаты Дархан Қалетаев мырзаның айтуынша, Сенаттың қызметі, сенаторлардың жұмысы әрдайым халықтың көз алдында. «Таратып айтсақ, биылғы жылы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекс қаралады. Осы уақытқа дейінгі заңнамада жер қойнауын пайдаланушылар үшін бірқатар кедергілер болғаны мәлім. Жаңа редакция бойынша жер қойнауын пайдалану¬шылар үшін де, инвесторлар үшін де процедуралар мейлінше жеңілдетілетін болады. Cалық режимін оңтайландыру мәселесі де күн тәртібінде тұр. Бұл ретте кейбір тиімсіз салық жеңілдіктерін ал¬дырып тастауды көздеп отырмыз», дейді ол.


Биыл Сенатта қаралатын тағы бір маңызды заңнамалық құжат әскерилерге қатысты. Әскер мен арнайы құрылымдар – мемле¬кеттің аумақтық, ұлттық қауіпсіздігінің кепілі. «Өз әскерін жабдықтай алмаған ел өзгенің әскерін тойғызады» деген сөз бар. Қазақстан Тәуел¬сіздігін алған күннен бастап, Қарулы Күштеріне ерекше көңіл бөліп келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан әскері, күш¬тік құрылымдары пост¬кеңестік мем-лекеттердің ішінде алдыңғы қатарда, бәсекеге қабілетті, дайындығы жоғары.

Алайда біз жауынгерлердің рухы, тәртібі, әскери дайындығымен қоса, олардың отбасыларының әлеуметтік жағдайына назар аударуымыз керек. Жаңа заңнамада әскери қызметшілерді, Ішкі істер, прокуратура, ұлттық қауіп¬сіздік қызметкерлерін тұрғын үймен қамту мәселесі пысықталып жатыр.

Сонымен қатар Парламентте 2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы талқыланып жатыр. Алдағы үш жыл мерзім¬дегі мемлекеттің, халықтың күнкөрісі мен табысы, өмір сүру деңгейі осы бюджетке тікелей байланысты.

Халықаралық келісімдерді ратифи¬кациялауға байланысты заңдардың өзі – бір шоғыр. Қазақстан алыс-жақын көршілермен, шет мемлекеттермен тығыз қарым-қатынаста. Оның аясында әлеуметтік, экономикалық, халық¬аралық көлік қатынасы, құқықтық көмек, экология сияқты сан алуан мәселелерді өзара іс-қимыл шеңберінде шешілуі қажет.

Сондай-ақ 2018 жылға көлік, ойын бизнесі, тұрғын үй коммуналдық ша-руашылығы, банкроттық туралы заң¬намаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланған.

Әкімшілік процессуалдық кодекс жобасы қаралады. Бұған да ерекше назар аударылып отыр.

Бизнестік ортадағы ахуалды жақсарту мақсатында заңнамалық база жасап, бизнесті бақылауды азайту, өзге де кедергілерді жою көзделген.

Жоғарыда айтып өткенімдей, мемлекеттік басқару деңгейлеріндегі өкілеттіктерді бөлу жұмысы да жалғасын табатын болады.

Келесі жылы елімізде алғаш рет «Кинематография туралы» заңды зер-делеп, қабылдау жоспарда бар. Мұның өзі отандық кино өндірісінің жаңа тынысын ашуға, жаңа сапаға көтерілуіне оң ықпалын тигізеді деген үміт бар.

Мемлекет пен дін арасындағы қа¬рым-қатынас та заңнамалық тұрғыда мейлінше жетілдірілетін болады.

Сенаттың алдағы уақыттағы атқаратын қызметтерә жайлы әңгімелеген Қалетаев мырза юір сөзбен айтқанда, сенат депутаттарының алды¬нда өте ауқымды әрі кешенді жұ¬мыстар тұрғанын тілге тиек етті. Жоғарыда аталған заңна¬малық өзгерістер мемлекеттің, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени дамуына жоғары серпін беретіні анық.

Жоғарыдағы заңдарды жан-жақты талқылап, зерделеп, қабылдау мақса-тында сенаторлар Үкіметпен, сарап¬шылармен, қоғаммен, сайлаушылармен тығыз жұмыс істеуге әрдайым дайын екенлдерін айтады.

«Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің қызметі – мемлекеттің стратегиялық негіздерімен, ұстаным¬дарымен тікелей байланысты, күрделі әрі нәзік сала.

Сессия басталғаннан бері заңнамалық тұрғыда да, қоғамдық белсенділік тұрғысынан да біраз шаруаларды қолға алып жатырмыз.

Осы екі айдың ішінде бірқатар ха¬лықаралық келісімдерді қысқа мер¬зімде ратификацияладық. Мысалы, күні кеше ғана қару саудасын реттеу тетіктерін жетілдіру бойынша заңды талқыдан өткіздік. Бұл да – өзекті мәселе. Қару түрлері, соның ішінде қарапайым қару-жарақты сату, тарату, тасымалдау ісі заң тұрғысынан ретке келтіріліп жатыр.

Біз елдің ішкі, сыртқы жағдайына мұқият көңіл бөліп отырмыз. Өткенде Комитет өзінің Алматы облысындағы көшпелі отырысын өткізіп келді. Сол іс-шаралар шеңберінде Қорғаныс министрлігі Құрлық әскерлері әскери институтында, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі академиясында болдық. Көшпелі отырыс барысында курсанттармен, оқытушылармен, жұртшылықпен кездесулер өткізілді. Осы мекемелердегі оқыту әдістемесімен, материалдық базасымен таныстық. Әскери клиникалық емхана мен Әскери және әдістемелік дайындық орталық-тарын көрдік.

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан әскерилердің кәсіби дайындығы үшін барлық жағдай жасалып жатыр. Әрине, бұл да аздық етеді. Әлем елдерінің озық Қарулы Күштерімен терезесі тең болуы үшін жауынгердің қаруы сай, қарны тоқ, қуаты, ерік-жігері жоғары болуы қажет. Жоғарыда аталған, Парламент қабырғасында жатқан заң жобалары осы мәселелердің түйінін шешеді деп ойлаймын» – деді Дархан Қалетаев.

Сенат еліміздің ішкі, сыртқы саясатындағы көптеген маңызды шараларға белсене атсалысып келеді. Мысалы, келесі жылдың күзінде VI әлемдік және дәстүрлі діндер лидерле¬рінің съезі өткізіледі. Мемлекет бас-шысының бастамасымен өткізілетін Діндер съезі хатшылығының жетекшісі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев. Съезге дайындық қазірдің өзінде басталып кетті.

Дархан Қалетаев, сенат депутаты:


– Қазақстанның тәуелсіздік алған уақыттан бергі ұс¬танған көпвекторлық саясаты өз жемісін беріп отыр. Қазақстан – бүгінде Орта Азиядағы елеусіз ғана мемлекет емес, әлемдік саяси сахнада беделді, салиқалы, кім-кімге де өз сөзін тыңдата білетін, өткізе алатын мемлекет. Әлем¬дік қауымдастық біздің елімізді ядролық қаруды таратпау қозға¬лысының көш¬басшысы, сенімді серіктес, іргелі эко¬номикалық, әскери қуаты бар мемлекет ретінде таниды.

Біз сыртқы саясатта көптеген іргелі істер атқардық. Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануымыздың өзі көп жайтты аңғартса керек.

Астанадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық, Шанхай ынты-мақтастық ұйымдарының, Ислам конференциясы ұйымының, МАГАТЭ-нің басқосулары, ядролық қарусыздану бастамасы әлемде үлкен қолдауға ие болып отырғанын атап айтуға тиіспіз.

Бүгінде Астананың Сирия шиеле¬нісін шешудегі орасан ролін ешкім жоққа шығара алмайды. Елордада неше қайтара өткен күрделі де ауыр келіс-сөздердің арқасында исламның бесігі саналатын өлкедегі қантөгіске тосқауыл қойылып жатыр.

Осының бәрі Қазақстан Республи¬касының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлік тұлғасына тікелей байланысты.

Сенат қабырғасында өмірлік тәжірибесі толысқан, жоғары білікті, кәсіби әріптестерім жетерлік. Олар кез келген мәселе бойынша өз ой-пікірлермен бөлісіп отырады.

Бұл жерде мынаған назар аударғым келеді: заң шығарушы органның басты міндеті – елдің бүгіні мен болашағын сауатты, әділетті заңнамамен қамтамасыз ету. Арзан популизммен, сайлаушылардың алдында тегін ұпай жинаумен айналысу емес. Біз де, біздің қоғам да ондай «балаң санадан» әлдеқашан арылған, өтіп кеткен деп ойлаймын.

Жаңарып, жаңғырусыз мемлекет те, қоғам да алға жылжымайды. Тәуел-сіздік жылдарындағы Қазақстан дамуына көз жүгіртсеңіз, біз үнемі эволю-циялық, прагматикалық жол мен ұстанымда болғанымызды көруге болады. Соның арқасында ширек ға¬сырдың ауқымында екі бірдей жаңғы-руды бастан кештік. Оның бірі – егемен мемлекеттің алғашқы алғышарттарын негіздеп берсе, екіншісі – тоқсаныншы жылдары қолға алынған реформалар мен мақсаттарды толыққанды жүзеге асыруға, табыспен аяқтауға мүмкіндік туғызды.

Қазақстанның Үшінші жаңғыруының табиғаты мүлде бөлек. Бұл – аяғынан жаңа тұрған немесе ауыт¬қымалы реформалар жетегіндегі елдің бастамасы емес, саяси құрылымы мығым, эко¬номикасы тұрақты мемлекеттің бола¬шақ бағдары.

Жалпы, әлемдегі дамыған, бәсекеге қабілетті елдердің барлығының да өз жаңғыру жолы болғанын білеміз. АҚШ-тағы түбегейлі жаңғыру – жаппай индустрияландыру үдерісі президент Рузвельттің кезінде жүргізілді. Соның арқасында олар адам сенгісіз тех¬нологиялық, мәдени революцияларды бастарынан өткеріп, бүгінде дүние жүзіндегі ең алпауыт елге айналды.

Соғыстан кейінгі Германия мен Жапонияның мысалы да осыған саяды. Немістер де, жапондықтар да санада, саясатта, экономикада жүргізілген орасан реформалардың арқасында үйінді астындағы елдерін аз ғана уақыттың ішінде көшбасшылыққа алып шықты.

Мұстафа Кемальдің кезіндегі Түркия, Ли Куан Юдың тұсындағы Син¬гапур немесе Махатхир Мухаммад¬тың Малаизия елдері өз дамуында үлкен өзгерістер жасады. Осының барлығы прог¬рестің, болашақтың кілті жаңғы¬руда екенін көрсетеді.

Қазақстан әлем елдерінің осыншалықты бай тәжірибесін ескере отырып, өзіндік жаңғыру жолын таңдап алды. «Алдымен экономика, содан кейін саясат» қағидасы мемлекеттік құрылым мен шаруашылық басқаруды өзгертіп, жаңартып қана қойған жоқ, қоғамдық, әлеуметтік қатынастарды, рухани құн¬дылықтарды жаңғыртты. Н.Назарбаев өзінің де, халықтың да күш-жігерін әр кез елді жаңартып-жаңғыртуға бағыттады, енді ол өз жемісін беріп отыр.

Бүгінгі Қазақстанның саяси, экономикалық, рухани жаңғыруы өткен мен бүгіннің, болашақтың тарихи, табиғи үндестігіне, дамуына бағыш¬талған. Ол үндестік өзге елдердегідей революциялық тәсілмен емес, эволюциялық қалыппен дамуға бет алды деп айтуға толық негіз бар.

Биылғы жылдың сәуірінде жария етілген Мемлекет басшысының «Рухани жаңғыру» бағ¬дарламасы сакралды құжатқа айналып үлгерді.

Ширек ғасыр бойына өзгерістерге түскен, сұрыпталған, пісіп-жетілген қоғамдық санаға осындай бір концептуалды құжат, қозғаушы күш қажет болатын.

Өзіңіз қараңыз, осы уақыт ішінде тәуелсіздіктің тұтас бір буыны дүниеге келіп, тәрбиеленіп шықты. Олардың бойында кеңестік кезеңнен қалған кембағалдық комплекстері де, қатып-семген стереотиптер де жоқ. Олар – еркін, білімді, жаһандық жаңалықтар мен құндылықтарды жатсынбай қабылдай алатын естияр ұрпақ. Мұндай қоғамда ерте ме, кеш пе тың идеологиялық, жаңашыл серпілістерге сұраныс туатыны ақиқат. Міне, осындай сәтте, дер кезінде Президент «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұсынды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында көтерілген алты мәселе – бәсекелік қа¬білет, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, эволюциялық даму мен сананың ашықтығы бүгінгі қазақ қоғамының алдындағы темірқазық іспеттес.

Бұл қасиеттер мен құндылықтар қай-қай қоғамға да аса қажет және ХІХ ғасыр адамының бейнесін түзеді. Халықтың, жастардың рухани жаңғы-руды жаппай қуана қабылдағанын, қолдағанын осы себептермен түсіндіруге болады.

Н.Назарбаев рухани жаңғыру идеясын манифест түрінде ұсынып отырған жоқ, бағдарлама мақсаттарынан туындайтын нақты міндеттерді қоса белгілеп берді. Қазірдің өзінде бағдар¬лама аясында «Туған жер», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Жаңа әліпбиге көшу» жобаларының қызу қолға алынып жатқанын көріп отырмыз.

Ең бастысы, Бағдарламаның нақты да терең концептуалдық негізі жасалған. Мұның өзі мемлекеттің ішкі саясаттағы, идеологиялық бағыттағы жұмыс ауқымын, мүмкіндіктерін көрсетеді.

Жалпы, белгілі саясаткер, Елбасының сенімді серігі Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин ішкі саясат тізгінін ұстағаннан бері бұл салада үлкен өзге-рістер мен игілікті істердің атқарылып жатқанын атап өту керек.

Бағдарлама жарияланғаннан бері жарты жылға жуық уақыт өтті. Осы уақыт ішінде біз де ел арасында жиі болдық. Сонда байқағаным, халықтың, әсіресе, жастардың өз тамыр-тарихына, туған елі мен жеріне, тілі мен дініне, мәдениетіне деген көзқарасы, қызығушылығы еселеп арта түскендей көрінді. Отаншылдықты, патриотизмді жалаң ұранмен емес, нақты үлгі-өнегемен, іспен насихаттау осындай болса керек.


 




Көрілген: 955    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.11.2017, 00:40

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31