Халық таңдаған Президент

30 қараша 2013, 12:25

Жуырда Алматы қаласындағы №64 жалпы білім беретін мектепте «Халық таңдаған Президент» атты үлкен мектепішілік кеш өтті. Кеште мектеп оқушылары Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаянымен танысып, Президенттің қызметтегі баспалдақтарынан мол мағлұмат алды. Сонымен қатар мектеп оқушылары Елбасы сөзін жазған бірнеше әнді бірге шырқады.
Кеш барысында мектеп директоры Күміс Қалдыбаева оқушылар мен ұстаздар қауымын Тұңғыш Президент күні мере­кесімен құттықтады. Қиын-қыстау кезеңде жас мемлекетті аяғынан тік тұрғызып, бүгінгі таңда әлем алпауыттары санасатын деңгейге дейін жеткізген Елбасымыздың сарабдал саясаты жайлы оқушыларға кеңінен әңгімелеп берді. «Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Тәуел­сіз еліміз қарқын­ды да­мып, әлеуметтік-эко­номикалық са­лада­ғы реформаларды ти­ім­ді жүзеге асыру үс­тіндеміз. Қазақстан – халықаралық қауым­дастықтың белсенді әрі беделді мүшесі. Сон­дықтан да бұл кешті ұйымдастыру­дағы мақсатымыз – Ота­нын сүйетін, өзегін­де ұлттық намысы бар, ертеңгі күні ел тұтқасы саналар бүгінгі жас ұр­паққа Елбасымыздың ерен еңбектерін үлгі қы­лу, оларды патриот­тық рухта тәрбие­леу», – деп атап өтті мек­теп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тұнық Сарыбаева. Оқушылар арасында «Менің Президентім» атты сурет көрмесі ұйым­дастырылды. Көпшіліктің көңілінен шы­ғып, ұстаздар таңдауына ие болған жұ­мыс­тар екшеліп, оқушылар мақтау қағаз­дарымен марапатталды.