Көшбасшы

Өнердегі элита не дейді?



Тұңғышбай ЖАМАНҚҰЛОВ, Қазақстанның Халық әртісі:

– Елбасымыз тек ертегіде ғана болатын ғажайыптарды шынайы өмір­де де көрсете білді. Айналдырған 22 жыл­дың ішінде еліміз зор табыстарға қол жеткізді. Тұңғыш Президентіміздің «алдымен – экономика, содан кейін – саясат» деген қағиданы бас­шы­лыққа ала отырып жұмыс істеуінің нәти­жесін­де еліміздің экономикасы жедел қар­қын­мен өсті. Мен Нұрсұлтан Назар­баев­ты мемлекеттігімізді орнатып, оны қа­лыптастырып, экономикасын рефор­ма­лау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындат­қан заманның аса дарынды тұлғасы деп ес­ептеймін. Аумалы-төк­пелі алмағайып заманда мың өліп, мың тірілген қазақ үш ға­сыр бойы іздеген мұратына да, арманына да Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президенті­міз­дің жарқылдаған келбетін, биік бол­мысын, кемел дарынын, ел басшысы ретін­де көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақ­сы білуге тиіс. Елбасымыздың арқасын­да елімізде ынтымақ пен келісім сақта­лып, халықтың берекесі артып келеді.




Ескендір ХАСАНҒАЛИЕВ, композитор, Қазақстанның Халық әртісі:

– Нұрсұлтан Назарбаев – қатқыл да қа­ра­пайым, сұңғыла да кемеңгер қай­раткер. «Қатқыл» дейтінім, қатаң талап қоя біледі. «Қарапайым» деуім, кез кел­ген адамның көңіліндегісін дөп баса біледі, оңай тіл табыса алады. Тә­уел­сіз елі­міздің бүгінгі жетіс­тіктерге жетуінің барлығы, ең алдымен, оның ерен еңбе­гінің, айрықша қамқорлы­ғы­ның арқасы десек, артық айтқандық емес. Мен Прези­денті­мізге Қазақстанның рухани-мәдени, жасам­паз­дық әлеуе­тін одан әрі нығайту жолындағы өлшеусіз ең­бегі, өнер адам­дары мен таланттарға де­ген ерекше ықыласы үшін шексіз ал­ғысым­ды білдіремін.




Ақжол МЕЙІРБЕКОВ, әнші, ҚР еңбек сіңірген әртісі:

– Елдің дамуына, халықтың әлем ал­дын­дағы беделінің артуына ең бірін­ші Тұңғыш Президентіміздің қосқан үле­сі орасан зор. Халықтың әл-ауқаты­ның көте­рілуі, жағдайы­ның жақсаруы, өнер бол­сын, спорт болсын, тіпті қай сала­да болма­сын, еліміздің мерейінің үстем болуы – Елбасы­ның жемісті ең­бе­гінің нәтижесі. Шүкір, талай нәубет кеш­кен қазақтың маң­дайына халықтың бағын ашар Елбасы бұ­йыр­ды. Оның еткен еңбегін, Тәуелсіз мем­ле­кет құру­да­ғы рөлін қазір әлем мойындап отыр. Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз еліміз­дің іргетасын қалап, керегесін керіп, оның әрбір уығын шаншып, шаңырағын кө­тер­ген, бар-жоғын түгендеп, іргесін ке­ңейт­кен, оны әлем елдері мойындаған мем­ле­кет­­ке айналдырды. Сондықтан мен Елба­сын қазақтың басына қонған бақыты деп есептеймін.




Қыдырәлі БОЛМАНОВ, әнші, продюсер:

– Қазір көрші елдермен салыстыр­са­ңыз, Қазақ елінің жағдайы қай жағы­нан алып қарасаңыз да көшілгері. Қа­зақстанды әлем таныды. Мұның барлы­ғы – мемлекеті­міздің дұрыс саясат ұс­та­нып отырғанының жемісі. Қазақстан экономикасы қарыштап өсе бастады. Өндіріс ошақтарының тамырына қан жүгірді. Бір кездері белең алған жұмыс­сыздық деңгейі төмендеді. Жалақы, зей­нетақы, әлеуметтік төлемдер өсті. Халыққа ең бірінші не керек? Әрине, тыныштық, жайлы өмір, тұрақты жұмыс қажет. Қазақстанда қазір осының бар­лығы бар. Мұның барлығы Тұңғыш Пре­зи­дентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы На­зарбаевтың дұрыс саясат жүргізуінің арқасы деп біле­мін. Сондықтан біз мем­лекет басшысына алғыс айта оты­рып, бәріміз «бір жағадан – бас, бір жең­нен қол шығарып», ол кісінің саяса­тын қолдауымыз керек. Өнер адамы ретінде мен ол кісінің ән мен жырға әуес­тігіне қатты риза боламын. Тіпті Нұр­ағаң қа­зақтың көптеген әнін жатқа біледі. Айтып қана қоймай, айтылу нақышына дейін кә­сіби маманша түзеп отырғанын көрдім. Сондықтан Тұңғыш Прези­дент күні қарса­ңында Елба­сы­мызға ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, көк туы­мызды биіктерге желбірету жолын­дағы еңбегіне табыс тілеймін. Елбасымыз­дың айқындап берген бағыт-бағдар­ларын басшылыққа алып, еліміздің ертеңі ең­селене беруі үшін еңбектене берейік!




Көрілген: 1882    Пікірлер: 0

сенбі, 30.11.2013, 12:31

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30