Ұлы тұлғалар ғана ұлы қадамдарға бара алады

Ұлы тұлғалар ғана ұлы қадамдарға бара алады

Тарихты халық қана емес, ұлы адамдар да жасайды. Даму дөңгелегін ұлы қадамдарға бұра алатындар да – сол ұлы тұлғалар. Ал ондай ұлы тұлғалар маңдай бағы жарқыраған жұрттың тағдырына туады. Қазаққа қырын қарамаған Құдай ел пейіліне сай етіп кенге тола байтақ даланы ғана емес, сол дала халқына басшы болатын дананы да берді. Дана басшы сілтеген даму дөңгелегі елдігіміз бен ерлігімізді теңестірді. Бұл – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерендігі. Елбасының ерен екенін ел ғана емес, әлем айта бастады, бұл да – Президенттің талайлар теңесе алмайтын тұлғалығы.

Көрегенділік
«Мемлекет­тердің іргесін салған, негізін қа­лаушылар әрдайым дерлік қалыпқа сый­майтын тұлғалар болып келеді, ал Нұр­сұлтан Назарбаевты толық мәнінде осы са­натқа жатқызуға болады. Мұндай көш­бас­шылар өз­деріне қатысты түрлі үй­лесімдегі қауырт сүйсініс секілді, даңғаза сын­ды да туындатуы мүмкін. Мәсе­ленің мұндай мәнісі олардың мемлекеттің аса маңызды сәттерінде оның басшылығында тұруымен, осылайша оларға дейін бол­ған­дарға немесе олардан кейін келетіндерге қа­рағанда әлдеқайда танымал тұлға бо­луымен байланысты». Әлемдік саясатта «Темір леди» атанған Маргарет Тэтчер ха­ным Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жолы» кітабының ағылшынша нұсқасына осылай деп алғы сөз қалдырыпты. Осы ал­ғы сөзінде марқұм Маргарет ханым «Көш­бас­шының болмысы алда болатын оқи­ғаларды қандайлық деңгейде анықтайды? Оқи­ғалар көшбасшының болмысын қан­дай­лық деңгейде танытады?» деген сұ­рақ­тарға тоқтала келе: «Бұған жауап іздеген та­рихшылар тұтас томдарды жазып тастар еді. Алайда мұндай көшбасшылар өзде­рі­нің соңында тарихтағы маңызды ізде­рін қалдыратыны даусыз. Президент На­зар­баев Қазақстанды бүгінгі шыққан биі­­гіне жеткізу үшін батылдық пен сақ­тық­тың үй­ле­сімін пайдаланды. Коммунизм бұғау­ла­рын быт-шыт қылған ел өзінің ерекше қа­зақы қасиеттерін сақтап қалды. Пре­зидент На­зарбаев экономика мен қо­ғам­ның ашық­тығына, яғни оның кейбір көр­шілері қасарыса бас тартқан нақ сон­дай нәрсе­лер­ге ұмтылды, ол сөйтіп, Қа­зақстан үшін халықаралық ұйымдарда айтарлықтай беделге  қол жеткізді», – деп жазған екен. Сөйтіп, әлемдік деңгейдегі сая­саткер Маргарет Тетчер Назарбаевты «қалыпқа сыймайтын тұлға» десе, енді бір дара саясаткер Үлкен Джодж Буш «ол – бо­ла­шақты болжай алады» деп таңырқайды.
Тынымсыз еңбек
Шындығында, Тәуелсіздіктен бері жа­ңа Қа­зақстанды қалыптастыру жолында ты­нымсыз күш жұмсаған бірден-бір тұлға Назарбаев екендігі даусыз. Мұны Қа­зақ­стан халқы баяғыдан-ақ мойындап қойған. Ал жақында ғана «Дағдарыстан кейінгі әлем» атты халықаралық қор өздерінің тәуелсіз зерттеулерін жалпақ жұртқа жария етті. Аталмыш қор әлемнің 63 елінен 300-ден астам білікті сарапшыларды, сақа сая­саткерлер мен журналистерді тарта отырып жүр­гізген сауалнамасында «мемлекет бас­қарған жылдарында өз елінің дамуы мен та­быстарға жетуіне өлшеусіз үлес қосқан тұлғалар кім?» деген сауалды көлденең тартады. Сауалнама нәтижесінде «еліне өл­шеусіз еңбегі сіңгендер» арасында ли­дер­лікке Германия федералдық канцлері Ангела Меркель орныққан екен. Одан кейін Қытайдың бұрынғы басшысы Ху Цзиньтао, Ресей Президенті Владимир Пу­тин, Венесуэланың өмірден озған басшысы Уго Чавес, сосын Қазақстанның Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тұр. Осы­лайша, елін ұшпаққа шығарған әлемдік ең мықты тұлғалардың бестігінде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін халықаралық сарап­шы­лар атапты. Сөзсіз, бұл әлемдік қа­уымдастықтың еліміз бен Елбасымызға берген зор бағасы болса керек.
Ерекше батылдық
Дара тұлға Н.Назарбаевқа баға бер­ген­де беделді саясаткерлер, ең алдымен, Ел­ба­сының ешкімнің ойына келе бер­мей­тін, жалпақ жұрттың жанына бірдей жаға бермейтін, солай бола тұра, өміршең маңызы бар шешімдерді қабылдаудағы ерекше батылдығын алға тартатыны бар. Дәл осындай баршаға бірдей жаға бер­мейтін, бірақ әділ де нұрлы жол мен кө­реген шешімдер Тәуелсіздіктен бері аз бол­ды ма? Ал әйгілі кезеңдегі астананы ауыстыру туралы алғаш айтылғанда «ауыс­ты­рып қайтеміз» деп кейігендер қаншама? Солардың өзі бүгінгі мүлдем басқаша жағ­дайға қарап, сөзсіз Елбасы көрегендігіне бас ұрады. Оны былайғы жұртты қойып, баспасөз бетінде жарияланған мақала­ла­рында зиялы қауымның, саясаткерлерінің, тіп­ті үзеңгілестерінің өздері мойындап жа­тыр емес пе? Шындығында, сол кездері жұрт­шылыққа жаға бермейтін жағдайға қойып кету, содан тайсалмай, абыроймен халықты алып шығу, ақыры елін соңынан ертуге келгенде Елбасы ерендігі бәрібір мойындатады. Мұндай жағдай туралы Президент Н. Назарбаевтың өзі бір есте­лігінде: «Кейде адамдарды еркінен тыс қазір барғысы келмейтін, бірақ объективті түрде баруға тиісті жаққа жетелеуге тура келді», – деп айтқаны есте. Ендеше, елдің еркінен тыс, барғысы келмеген тұсқа же­те­леп жеткізген Елбасыға ең алдымен ел­ор­да үшін алғыс айтуға тиісті емеспіз бе? Есіл­дің бойына жағалай ел қондырған Ел­ба­сының бұл ерлігін халқы ұмыта алар ма?
Қазіргі Астана, елдік тұрғыдан алсақ, эко­номиканың қуатты қозғалтқышына ға­на емес, барша қазақстандықтарды бі­рік­тіретін, сонымен бірге халықты ұш­тас­тыратын ұлттық идеяға айналды. Өйткені Отанымыздың жүрегі де, Тәуелсіздіктің тірегі де – осы Елбасының ерендігінен туған елорда.
Олай болса, Елбасының дара тұлғасына біткен сарабдал қасиеттеріне есімі елге, әлемге белгілі адамдардың әркездері айтқан пікірлерімен бойлап көрейік.

Жаһандық деңгейдегі көшбасшы немесе «Назарбаев феномені»
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары:
– Бүгінгі әлемде Қазақстан Президенті Н.Назарбаев секілді дана, тәжірибелі, рухы жоғары әрі көзқарасы жан-жақты сая­сат­кер жоқ-ау, сірә! Содан болар, шетелдерде Қазақстан Пре­зидентін жаһандық деңгейдегі басшы деп санайды. Соның ішінде бейбіт өмір үшін күресетін әлемдік лидерлер Нұрсұлтан Назарбаев туралы айтқан кезде, ең алдымен, ядролық қару­сыздандыру, оның Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығын еске алады. Себебі тарихта дәл мұндай бастамалар еш уақытта болған емес. Тіпті қазіргі мемлекет басшыларының біреуі де осы іспетті қадамға бара алған емес. Меніңше, біздің Президентіміз «Назарбаев феномені» деген теңеуге әбден лайық. Ал Оның тұлғасын зерттеу үшін әлі біраз уақыт қажет болады.

Никита МИХАЛКОВ, белгілі Ресей кинорежиссері:
– Назарбаев – нағыз ел ағасы. Ол тыңдап қана қоймай, ести де біледі, менің ойымша, бұл – төбесі көкке жеткендердің көп­шілігінің бойынан табыла бермейтін аса сирек қасиет­тер­дің бірі. Ести білу де аз. Шешім қабылдай білу керек. Төзім керек. Аяныш керек. Билікті аңсаған жанның соры қалың. Мұн­дай жан оған тоймақ та емес, оны қоймақ та емес. Мұн­дайда оның қабырғаны қайыстырар ауырт­палығына қарамай, қажымай-талмай алға сүйреген жанды айт! Түсіне тұра, біле тұра, мемлекеттік мүдделердің үскірік желінің өтіндегі саяси биліктің ұшар биігіне шыққан жанның қашан да серігі болатын құлақ тұндырар жалғыздықты қыңқ етпей көтере білген жанды айт!

Абдулла ГҮЛ, Түрік Республикасының Президенті:
 – Әр келгенімде гүлдене түскеніне куә болып жүрген Астана қаласы – Қазақстанның даму қарқыны мен Президент Нұр­сұлтан Назарбаев мырзаның көрегенділігін бейнелейтін ең үлкен туынды. Соның ішінде Астананың құрылыс жұмыстарына түрік фирмалары мен жұмысшыларының да үлес қосуын түрік-қазақ ынтымақтастығының ең әсем нышандарының бірі деп білеміз.

Ли Мен БАК, Корея Республикасының Президенті:
– Корея Қазақстанмен кең ауқымды ынтымақтастықты кеңейтуге әзір. Қазақстан Орталық Азиядағы белді мемлекет болып табылады. Ал Нұрсұлтан Назарбаевты мен әлемдік деңгейдегі көшбасшы деп білемін. Оның басшылығымен Қазақстан дамудың қайран қаларлық биігіне көтерілді.

Манмохан СИНГХ, Үндістан премьер-министрі:
– Барша қазақстандық­тардың Нұрсұлтан Әбішұлына соншалықты сеніммен қарауы Оның еңбегінің айқын бағасы болып табылады. Әсем де зәулім Астана – Президенттің жасампаз басшылығының символы. Мен Қазақстан халқының тамаша өркендеуін, елдеріңіздің бай мәдениетін көрдім. Бізде барлық мәселелер бойынша толық түсініктер бар. Қазақстан өзінің дана және көреген Президентінің басқа­руымен табысты дамуын жалғастыратындығына сенімдімін.

Эмомали РАХМОН, Тәжікстан Республикасының Президенті:
 – Ашық-жарқындығы, шыншылдығы, тартымдылығы, адам­ға деген сүйіспеншілігі – мұның бәрі де Нұрсұлтан Әбіш­ұлы­ның табиғатына тән қасиеттер. Қазақ жұртының, елінің көп ұлтты халқының алдындағы, тарихтың алдындағы жоғары жа­уап­кершілік сезімі оның бойынан әманда ажыраған емес. Ол ұлы ұйымдастырушы ретінде Қазақстанды кеңестен кейінгі кеңістіктің дамыған мемлекеттерінің біріне айналдырды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық саладағы табыстары – тағылым аларлық. Нағыз басшы ғана осындай нәтижелерге жете алады, бұл жағынан алғанда, Нұрсұлтан Әбішұлы – өз халқының даусыз басшысы.

Пан Ги МУН, БҰҰ Бас хатшысы:
– Қазақстан Президентінің көреген саясаты болмағанда, бұл өңірдегі халық әлі күнге дейін сынақтардан зардап шегіп отыруы мүмкін еді. Н.Назарбаевтың Орталық Азияда ядролық қарудан ада аймақ құру бастамасы Солтүстік жарты шарда ондай аумақ тұңғыш рет құрылғанын зор ризашылықпен айта аламын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста